Балалар әлемі
Ағайынбыз бәріміз
2019 жылдың 29 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімінде «Ағайынбыз бәріміз» атты достық сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Шығыстың шынары
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 19 сәуірі күні ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен заманда ерлермен бірге қару алып соғысқа аттанған батыр қыздарымыздың бірі-Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған «Шығыстың шынары» атты ерлік сағаты өтті.
ӨЗ ЖЕРІҢДІ ТАНЫП БІЛ
Елбасы 2018 жылдың 5 қазанда жолдаған Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрі қарай жалғастыру мақсатында «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын жүзеге асыруда атап өткен болатын . Аталмыш жобаны қолдау мақсатында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Өз жеріңді танып біл» атты дәріс сабағы өткізілді.
Ғарыш жұлдыздары
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 12 сәуірінде ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш жұлдыздары» атты танымдық сағат өтті.
Танымдық сағаттың мақсаты: әйгілі ұшқыштар жайлы естеліктерден сыр шерту, космос жайлы білімдерін тереңдету, қазіргі заманғы болып жатқан ғылыми өзгерістермен таныстыру.
Қазақ ертегілерінің сиқырлы сандығы
Балалар бөлімінде 2019 жылдың 8-і мен 12 сәуірі аралығында өткен балалар кітабы апталығының соңғы күнінде «Қазақ ертегілерінің сиқырлы сандығына» саяхат жасадық. Іс-шараға №2 метептің 2 сынып оқушылары қатысты. Мақсатымыз келген оқырмандарға әртүрлі кітап көрмелері арқылы кітапқа деген қызығушылығын ояту, қазақ ертегіліерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 7-сәуір дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» атты денсаулық сағаты ұйымдастырылған болатын. Іс-шараға 5 сынып оқушылары ұстаздарымен бірге арнайы шақырылған болатын.
Ертегілер жолымен (Ш.Перро ертегілеріне саяхат)
11 сәуірде балалар кітапханасында өтіп жатқан балалар кітабының апталығы төртінші күнді Шарль Перро ертегілеріне саяхат жасауға арнаған болатын. Іс-шараның мақсаты: Шарль Перроның ертегісі туралы түсініктерін кеңейту, балалардың шығармашылық қызығушылығын арттыру. Іс-шараға №2 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.
Біздің балалық шағымыздың кітабы
Бүгін, яғни 2019 жылдың 10 сәуірінде балалар кітабының апталығы өзінің үшінші күнін «Біздің балалық шағымыздың кітабы» атты ойын-байқаумен жалғастырды. Іс-шараға қазақ және орыс сыныбының 4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қатысты. Іс –шараның мақсаты оқырмандарымызды ата-әжелерімен, әке-шешелерінің кезеңінде оқылған атақты жазушылардың шығармаларымен тағы да бір қауыштыру. Мысалы М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым, Қожа» кітабы, Алдаркөсе, Қожанасыр сынды әдеби кейіпкерлер тағы басқалар.
Кітапсүйгіштер жағалауына саяхат
Балалар бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 9 сәуірі күні, яғни апталықтың екінші күні «Кітапсүйгіштер жағалауына саяхат» атты сахналандырылған көрініспен жалғасын тапты. Оған 6 сынып оқушыларынан 20 шақты бала сынып жетекшілерімен бірге арнайы шақырылған болатын.
Балалар кітабының апталығы
2019 жылдың 8 сәуірінен бастап «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар кітабының апталығы» өтуде. Апталықтың ашылу салтанатына №2 мектептің орыс және қазақ сыныптарынан құралған 5 сынып оқитын 48 оқушы қатысты.