Балалар әлемі

Алғыс айту-парызымыз

2019 жылдың 27 ақпанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  балалар  бөлімінде  1наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызымыз»  атты тәрбие сағаты  өтті.

«Ауған алапаты»

13  февраля  2019  года в  детском отделе  КГУ « Приозерская городская библиотека» был проведен исторический час «Ауған алапаты»,посвященный  30-летию вывода советских войск из Афганистана.

« Қош келдің, Жаңа жыл!»

2018 жылдың 29 желтоқсан күні  балалар кітапханасының оқу залында " Қош келдің, Жаңа жыл!"атты  мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылған болатын.  Іс-шараға  бастауыш  сынып оқушыларының  арасындағы кітапхана активтері  қатысты.

Мақсаты:  мерекелік көңіл күй сыйлау, балалардың қуанышын жеткізу, халықаралық  мерекелердің  дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. 

Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ- ның  балалар бөлімінде  2018 жылдың 12   желтоқсанында  16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік -  теңдесі жоқ байлығым » тақырыбында тәрбие  сағаты өтті.  Іс-шараға №1 метептің 6 сынып  оқушылары қатысты.

Мақсаты: Мақсаты: балаларды тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.

Мейірімділік жүректен

2018 жылдың 3 қазанында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ –нің «Үміт» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі қамкөңіл  балалармен «Мейірімділік жүректен» атты қайырымдылық кешті «Жұмыспен қамту жане әлеуметтік бағдарламар бөлімі» ММ мен бірлесе өткізген болатын.  Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі  14 бала ата-анасымен қатысты.

Ғасыр індетінен сақтанайық

2018 жылдың 28 қарашасында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған "Ғасыр індетінен сақтанайық" атты  әңгіме шолу өтті.

Іс-шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу ,  шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, ЖИТС-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.

Николай Носов - творец детских книг

2018 жылдың 23 қарашасында балалар кітапханасының оқу залында орыс балалар жазушысы Н.Носовтың туғанына 110 жыл толуына орай  «Н.Носов-детских книг творец» атты тәрбие сағаты өтті.Іс-шараға №2 мектептің 2 сынып оқушылары арнайы шақырылған болатын.

Шараның мақсаты: оқырмандарға  Николай  Носов туралы түсінік беру, жазушы және керемет әдеби суреткер шығармашылығымен таныстыру.

Балдырған бағбаны

2018  жылдың  29  қазан  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің кітапханашысы Ш.Жунусова мектеп кітапханасында халық  жазушысы,  балалар  ақыны  Мұзафар  Әлімбаевтың  95 жылдығына  арналған «Балдырған бағбаны» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына 2 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:  М.Әлімбаев  туралы  білімдерін  кеңейту, балаларға  арналған шығармаларды, олардың тарихымен таныстыру. Өмір жолы, еңбек жолы, шығармаларынан  мәліметтер беру.  М.Әлімбаевтың «балалар ақыны» екенін таныту.

Қыран қанатты ақын

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімі қазан айының 26 жұлдызында №1 қазақ орта мектебінің кітапханасымен бірлесе отырып,  ақын,  ағартушы  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  туғанына 125 жыл толуына орай «Қыран қанатты ақын» атты танымдық сағат өткізді. Шараға аталмыш мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:  Қазақтың көрнекті ақыны  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  өмірі және шығармашылығымен  танысу, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау,оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

2018 жылдың 1 қазан күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде  «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»  атты тәрбие сағаты өтті.  Аталмыш шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.

Мақсаты: балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, ата-анаға мейірімді, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.