Балалар әлемі
«Певец родной природы»
2018 жылдың 1 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінің оқу залында Орыс халқының балалар жазушысы Михаил Пришвиннің туғанына 145 жыл толуына орай «Певец родной природы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына қаламыздағы №2 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: М.Пришвиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, шығармашылығы арқылы оқушыларды бауырмалдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа шақыру. Жақсы қасиеттерге үлгі алуға баулу. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген махаббаттарын ояту.
«Шарль Перро-великий сказочник»
2018 жылдың 12 қаңтары күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде атақты француз балалар жазушысы Шарль Перроның 390 жылдық мерейтойына орай «Шарль Перро-великий сказочник» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына №2 мектептің 2-сынып оқушылары қатысты.
Eлбасы
1-желтоқсан Президент күні қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-де «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш Елбасы» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру, Президент күні туралы ұғым қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялату.
«Лучшая в мире Астрид»
2017 жылдың 14-қарашасы күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде атақты швед балалар жазушысы Астрид Анна Эмилия Линдгреннің туғанына 110 жыл толуына орай «Лучшая в мире Астрид» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.
«Я думал, чувствовал, я жил..»
2017 жылдың 9 қарашасында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде орыс халқының атақты ақыны, драматург, балалар әдебиетінің классигі Самуил Яковлевич Маршактың 130 жылдығына арналған «Я думал, чувствовал, я жил…» аттытәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына №2 мектептің 2-сынып оқушылары қатысты.
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз»
2017 жылдың 20 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты.
Әдеп – ең қымбат мирас
2017 жылдың 13 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар кітапханасында «Әдеп-ең қымбат мирас» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға № 2 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тілімізді құрметтейік
2017 жылдың 20-қыркүйегінде Приозерск қалалық кітапханасы КММ-нің балалар бөлімінде 22-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні қарсаңында «Тілімізді құрметтейік» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға № 2 мектептің 3-5 сынып оқушылары қатысты.
Отбасы – бақыт мекенім
2017 жылдың 8 қыркүйек күні Приозерск қалалық кітапханасы КММ-де Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына №1 жалпы орта білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушылары қатысты.
Вечно живая классика
2017 жылы 5-қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде орыс халқының жазушысы, ақын, драматург А.К.Толстойдың туғанына 200 жыл толуына орай «Вечно живая классика» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына №1,2 мектептің 2-8 сынып оқушылары және ата-аналар қатысты.