Балалар әлемі

«Қайсар қалам қуаты»

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2017 жылдың 4 сәуірде қазақ әдебиеттану ғылымының тау тұлғаларының бірі, түрколог - ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Немат Келімбетовтің шығармашылығына арналған «Қайсар қалам қуаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге 5 – 9 сынып оқушылары қатысты.

«Бал бұлақтың шамшырағы-денсаулық»

2017 жылдың 07 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде Дүниежүзілік денсаулық күніне «Бал бұлақтың шамшырағы-денсаулық»  денсаулық сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндіру. Іс-шараға 6 сынып оқушылары қатысты.

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні.

Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай 3 сәуір мен 8 сәуір аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары: 

«Жаса,Наурыз дәстүрлі»

2017 жылдың 15 наурызында  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде Наурыз мерекесіне орай «Жаса,Наурыз дәстүрлі»  викториналық ойын өтті. Бұл іс-шараға № 2 мектептің  5 сынып оқушылары қатысты.

«Қош келдің, көк сандық»

«Көк сандық» саяхаты атты халықаралық жобасы аясында   2017 жылдың 16 наурызында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Қош келдің, көк сандық» атты  акцияның ашылу салтанаты аталып өтілді. Көк сандықтың ішінде 37 кітап болды.

Алғысым шексіз

2017 жылдың  1 наурызында көктемнің алғашқы күніне тұспа-тұс келген алғыс айту күніне орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  балалар  бөлімінде «Алғысым шексіз»  атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті.

«Шебер жазушы»

23 ақпан 2017 жылдың «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде балалар жазушысы Молдахмет Қаназовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Шебер жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Балаларға базарлық»

2017 жылдың 18 ақпанында « Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  қазақ балалар әдебиетінің белді өкілдерінің бірі Ескен Елубаевтың туылғанына 75 жыл толуына орай  «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 5 – 9 сынып оқушылары қатысты.

Мектеп - білім бастауы

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Мерекеге орай  «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 1 қыркүйегінде  «Мектеп - білім    бастауы»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге  1 - 8 сынып оқырмандары қатысты. 

Менің сүйікті қалам, Приозерск

 «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  2016 жылдың  30 шілдесінде   өтетін қала күніне орай  дәстүр  бойынша   «Менің сүйікті қалам, Приозерск» деп аталатын сурет көрмесі ұйымдастырылды.