Жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

2018 жылдың 16 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әңгіме – сұхбат өтті. Іс-шараға полиция бөлімінің қызметкері, кітапханашылар және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері  қатысты.

Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру;

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз

2018 жылдың 13 наурызы  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты тәрбие сағаты өтті. Аталмыш тәрбие сағатына №1 орта мектептің 6-8 сынып оқушылары қатысты. 

Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Жемқорлық

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.