Жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

2018 жылдың  15 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оны болдырмау және оған жол бермеу мақсатында    «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ » тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаладағы жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жастар енбек  жасақтары қатысты.    

Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

2018 жылдың 16 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әңгіме – сұхбат өтті. Іс-шараға полиция бөлімінің қызметкері, кітапханашылар және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері  қатысты.

Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру;

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз

2018 жылдың 13 наурызы  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты тәрбие сағаты өтті. Аталмыш тәрбие сағатына №1 орта мектептің 6-8 сынып оқушылары қатысты. 

Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Жемқорлық

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.