Жаңа кітаптар

Әбу Насыр әл-Фараби. 5 Том. Ғылым туралы кітап

Әбу Насыр әл-Фараби. 5 Том. Ғылым туралы кітап

Абу Насыр аль-Фараби. Том 4. Большая книга о музыке

Абу Насыр аль-Фараби. Том 4. Большая книга о музыке

Әбу Насыр әл-Фараби. 4 Том. Музыка туралы үлкен кітап

Әбу Насыр әл-Фараби. 4 Том. Музыка туралы үлкен кітап

Әбу Насыр әл-Фараби. 3 aТом. Әлеуметтік-этикалық трактаттар

Әбу Насыр әл-Фараби. 3 aТом. Әлеуметтік-этикалық трактаттар

Abu Nasr al-Farabi. The book of mind

Abu Nasr al-Farabi. The book of mind

Аманкелді Мұқан. Театрда туған толғамдар

 

Театр өнеріне ерекше көңіл беліп келе жатқан ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері, өнертанушы автордың үш бөлімнен тұратын жаңа жинағына енген еңбектерінде қазақ театрының тарихына, теориялық мәселелеріне байланысты зерттеулері, проблемалық мақалалары, түрлі деңгейдегі театр мерекелерінен алған әсерлері мен туындаған ой-пікірлері жан- жақты тұжырымдалады. Кітап өнер саласының мамандарына, сахна өнерін таңдаған студент жастарға, көпшілік жұртшылыққа арналған.

Құдайберген Саржанов. Аралдың айтылмаған ақиқаты

 

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері-Құдайберген Саржанов - саналы ғұмырын өзі туып өскен Арал ауданының тағдырымен байланыстырып, туған жері үшін жан аямай тер төккен қаһарман тұлғалардың бірі. Ол Арал өңірі тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайының жыл өткен сайын жақсара түсуіне өзінің әл-дәрмені, күш-қуаты жеткенше үлес қосты.«Аралдың айтылмаған ақиқаты» атты бұл кітапта автордың өзі өмір және еңбек жолында етене жақын араласқан Арал балықшыларының тағдыры бейнеленеді.

Рафаэль Ниязбек. Арғымақтар даласы

 

Рафаэль Ниязбектің бұл кітабында мерейі үстем Тәуелсіз мемлекетіміздің болашаққа бет түзеген көрікті көші, сән-салтанаты, елдік пен ерлік қасиеті және адамдар арасындағы карым-қатынас шынайы суреттелген.Ақынның бұл кітабы сонымен бірге дүбірлі дүние қозғалысын, қоғам қайшылығын, тіршілік тартысын, идея шарпысуын тартымды жырлауымен де ерекшеленеді. Оның ел, жер жайлы толғаныстары, тәуелсіздік жайлы, болашақ жайлы тебіреністері жүрек толқытады.

Төре Рахман. Сөзбиі

 

Масатшы ақынның қолдарыңыздағы төрт кітаптан тұратын «Төрт тоғыс» атты сөзбиі-тетралогиясы - оның тынымсыз ізденісі арқасында дүниеге келген тың туындысы. «Сөзбиінсіз көңілі көншімеген, ақын емен, жырау да, әнші де емен: масатшылық өнерге құлаш ұрдым, масатым бар менің де еншілеген!» деп ақтарылады масатшы. Сөзбиінің пішіні мен мазмұнының сонылығын былай қойғанның өзінде, ақынның алдына қойған мақсаты дәстүрлі поэзия ауқымынан асып түсетін тәрізді.

Бақытбек Бәмішұлы. Сөз мәйегі

 

Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын-жазушы, публицист, филология ғылымдарының кандидаты Бақытбек Бәмішұлының «Сөз мәйегі» атты кітабына Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда жазылған шығармалары енген.

Б. Бәмішұлы туындыларына негізінен ұлт пен ұлыс тұтастығы, ел мен жер бірлігі, ұлағатты дәстүр, рухани байлық, тіл мен діл мәселерін арқау етеді. Зұлмат замандарда тағдыр тәлкегі салдарынан атамекенінен ажырап, жер шарына тарыдай шашыраған қандастарымыздың тағдыр-талайы туралы толғаныстары да тартымды. Ел мен жер үшін ұлт мүддесі жолында күрескен қайраткерлердің өнегелі өмірі де ешкімді бейжай қалдырмайды. Тарихи танымдық мақалаларының да оқырман сұранысына сай, дерек-дәйегі көп, тағылымдық мәні зор.