Жаңа кітаптар
Жүсіпбек Қорғасбек. Мехнат һәм Хикмет
Хикметтің бір мағынасы ғаламның сырын түсіну болса, оған ақын- жазушылардьщ бір табан жақын болғаны хақ. Ал жазудың мехнаты бір Аллаға ғана аян нәрсе, әрине, азабын бастан өткерген адам біледі. Жүсіпбек Қорғасбектің әдеби сұхбаттары осы мехнатты жұмыстың қыры мен сырын ашуға арналған. Қазақтың сөзін ұстаған қауымның тағдыр-талайы қоса қамтылған кітап көпшілік қауымның қызығушылығын тудырар деп үміттенеміз.
Есмұхан Обаев. Бәрі...бәрі...есімде
Сексенге таяп қалған ақсақал бір сәт демін басып, жүріп өткен жолына бұрылып қарап, мен өзі не тындырдым, туған еліме қандай шапағатым тиді, кейінгі жас ұрпаққа қандай өнеге қалдырдым деп, терең ойға шомады екен...
Оқырман елімізге жақсы танымал, театр өнері саласының ардагері, қадірменді ұстаз-тәлімгер, қазақ сахна өнерінің қалыптасуына, биік белестерге көтерілуіне зор еңбек сіңірген автордың - актер, театр режиссері, өнер қайраткері, профессор, Қазақстанның халық әртісі, «Бас Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Барыс»,«Парасат» ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың аталмыш кітабына енген әңгіме-эсселерін оқи отырып, осынау сұрақтардың жауабын таба алатындығына кәміл сенгіміз келеді.
Жинақ өнер саласының мамандарына, сахна өнерін таңдаған студент жастарға, көтшілік жұртшылыққа арналған.
Талас Омарбеков. Қазақтың шығу тегі
Зерттеуде қазақ халқының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихына қатысты бұрын назардан тыс қалып келген деректер талданған. Қазақтарды кұраған ру-тайпалық бірлестіктер мен Алаш қауымдастығының ежелгі түркілік тамырлары, олардың мемлекет құрушы ұлтты калыптастырудағы елеулі үлесі нақты айқындалған.
Еңбек тарихшы мамандарға, этнографтарға сонымен бірге Отан тарихына қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.
Сара Латиева. Хадиша мен Байғали
Бұл жинақта қазақ өнерінің айтулы тұлғалары КСРО жөне Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары, КСРО халық артисі Хадиша Бөкеева мен Қазақстанның халық артисі, әнші Байғали Досымжановтың көрнекті де ұлағатты өмір жолы өнердегі қос өрімдей әңгімеленеді.
Кітап нақты деректерге негізделіп жазылуымен, тақырыптың қызықты өрімімен, тілінің жатықтығымен баурайды.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Тұрсын Жұртбай. Жолы болған жолаушы
Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының акаде- мигі, филология ғылымдарының докторы, профессор жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Күнделіктері» - күнінің қалай өткенін есте қалдыру үшін емес, көргенін - көңіліне түйіп, соны өз елінің өмірімен, тарихымен салыстырып, пікір қорыту үшін жазылған. Тектік тамырлар суыртпақталатын терең әсерлер, тосын көзқарастар, ой орамдары, біз білмейтін не түйсіне бермейтін ғылыми ныспылар мен тұспалдар, сирек деректер көпшілік қауымның ынталы ықыласын оятары кәміл.
Жинақ әдебиетшілер мен тарихшылардың, мәдениеттанушылар мен саясаттанушылардың, ғылыми көпшіліктің, жалпы зиялы оқырман қауымның назарын аударатыны сөзсіз.
Нұрперзент Домбай. Күй құдіреті
Белгілі қаламгер Нұрперзент Домбайдың бұл кітабына әр жылдары жазылған сұхбаттары, әсселері мен публицистикалық мақалалары енгізіліп отыр.
Автор сан-алуан сипатта жазылған дүниелерінде әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, туындыларымен танымал талантты тұлғалардың қырлы да сырлы өмірін тереңдей ашып, көркем портреттерін жасайды. Сондай- ақ өміріміздің өнегелі өкілдері жайлы сыр шертіп, жарасымын тауып отырған достығымыз бен ардақ тұтар ардагерлеріміздің өмір жолы - асыл қасиеттерін арқау етеді. Жазбалардан замана шындығы, уақыт тынысы сезіледі. Оқырман көңілінен шығарына сеніміміз мол.
Абай
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен алдағы жыл (2020 ж.) ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойы боп жарияланды. Осыған орай ақынның сөзін ардақ тұтатын оқырмандарға өлеңдері, поэмалары, аудармалары және қара сөздері қамтылған шығармалар жинағы ұсынылып отыр. Абай шығармаларының біржола орныққан, тұрақты (канондық) мәтінін жариялау ісін Мұхтар Әуезов жүзеге асырған еді. Жалпы редакциясын М. Әуезов басқарған бұл басылым 1957 жылы Қазақтың көркем әдебиет баспасынан жарық көрген болатын. Қолдарыңыздағы кітап сол басылымның негізінде дайындалды.
Серік Сағынтай. Көктемнің мөлдір тамшысы
Белгілі қаламгер Серік Сағынтайдың бұл кітабына соңғы жылдары жазған әңгімелері мен хикаяттары топтастырылған.
Кітап оқырман жүрегіне жол табарына кәміл сенеміз.
Мыңбай Рэш. Есімде есілген естеліктер
Сатирик-жазушы Мыңбай Рэш бұл кітабында өткен ғасырдың 1943 жылдың күзінде, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда, Алматы қаласында өткен Қазақстан ақындарының айтысын ашқан жыр алыбы Жамбылды 14 жасында көзімен көргені хақында, одан бері қарайғы мезгілді қамтитын еліміздің аса көрнекті қаламгерлері мен өнер майталмандары жөнінде сыр шертеді.
Автор көзі көріп, сөзін естіген қайсыбіреулерімен қызметтес болып, бірге жүріп, біте қайнасқан шақтарын қызықты етіп әңгімелейді.
Қалың көпшілікке арналған естеліктер топтамалары оқырмандарын бейжай қалдырмас деген ойдамыз.
Нұрғали Ораз. Аппақ бұлт
Белгілі жазушы Нұрғали Ораздың бұл кітабында өмірдің үзік-үзік өзекті көріністері әсерлі де әдемі суреттеледі.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.