Жаңа кітаптар

Әбу Насыр әл-Фараби. 2 Том. Философиялық трактаттар

Әбу Насыр әл-Фараби. 2 Том. Философиялық трактаттар

Тілдескіш.Қазақша – түрікше, түрікше – қазақша.

 

Тілдескіште банк, қаржы саласында жиі қолданылатын терминдер, сөздер мен сөз тіркестері пайдаланыла отырып, күнделікті қарым – қатынаста жиі орын алатын ақша айырбастау пунктінде, шот пен депозит ашу, төлем карталарын ресімдеу, ақша аудару, кредит алу сияқты қызмет түрлері сөйлеу тіліне лайықталып ұсынылды. Тілдескіште пайдаланушылардың сөздік қорын молайтуға септігін тигізетін ақша – қаражат, кіріс, шығыс және саудаға қатысты мақал – мәтелдер қоса берілді.

 

Тюркология. История всемирной тюркологии.

Коллективная монография включает результаты исследований ученых, охватывающих широкие географические и хронологические рамки тюркологической парадигмы. Каждый раздел представляеет собой самостоятельный фрагмент истории тюркологии отдельно взятой страны или нескольких и позволяет увидеть этапы развития в истории всемирной тюркологии.

Книга адресовано преподавателям, студентам, специалистам в области  тюркологии и всем , кто интересуется проблемками развития тюркологической науки в мире.

Түркология: Дүниежүзі түркологиясының тарихы.

 

Ұжымдық монография түркологиялық зерттеу парадигмасының географиялық және хронологиялық аясын жан – жақты толық қамтиды. Монографияның әр бөлімінде жекелей елдің немесе бірнеше ел түркологиясының тарихы жүйеленеді және дүниежүзі түркологиясы тарихының даму кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді.

Кітап оқушыларға, студенттерге, түркология саласындағы мамандарға және әлемді түркология ғылымының даму мәселелерімен айналысатын зиялы қауымға арналған.

Фредерик Кемп. Берлин 1961. Кеннеди, Хрущев және әлемдегі ең қауіпті жер.

АҚШ сыртқы саяси зерттеулері Атлантикалық кеңнесінің президенті, журналист – саясаттанушы Фредерик Кемп өз кітабын Орталық Еуропадағы қырғи – қабақ соғыстың ең қауырт сәттерінің біріне арнаған. Автор Берлин дағдарысына қатысушылардың куәгерлік мәліметтерін пайдаланып, Американың , Германияның және Кеңес Одағынан қалған орасан зор мұрағат материалдарға талдау жасаған. Сондай – ақ, ол 1961 жылғы тамыздағы Берлин қабырғасын тұрғызу қарсаңындағы оқиғалардфы ұсақ – түйегіне дейін қайта құрастырып шығады.

Келімбетов Н. Өнегелі өмір.

 

Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, жазушы, аудармашы, Күлтегін сыйлығының және Еуропаның Франц Кафка қоғамы наградасының иегері, ғұлама ғалым Немат Келімбетовтің өмірі мен шығармашылығына арналады.
Ғылыми-танымдық, тарихи-деректі басылымдарды қызыға оқитын көпшілік оқырман қауымға арналған.

Фергюсон Ниал. Ақша. Дүниежүзінің қаржы тарихы.

 

Ақша әр адамның өмірінде тиісті орын алады және ешкімді де бейжай қалдырмайды. Ақшаның тылсым күші өзіне тартып та тұрады, жиіркенушілік те тудырады. Ол соғыстардың қалай аяқталатынын айқындайды және тамаша өнер шығармаларын дүниеге келтіруге көмектеседі. Сөйте тұра, адамдардың көбі ақша туралы өте аз біледі. Атақты британ тарихшысы Ниал Фергюсон осынау олқылықтың орнын толтыруға бел буып, алдына қойған міндетін ойдағыдай атқарып шыққан. Өзінің дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ең ушыққан кезеңінде жарық көрген осы жаңа еңбегінде ол ақшаның көне заманнан қазіргі күнге дейінгі өткен жолын қалпына келтіреді, күрделі қаржы ұғымдары мен терминдерінің мағынасына қарапайым да анық түсінік береді, тамыры анағұрлым тереңге кеткен адасуларды түзетеді. Мұнымен қатар, әрине, қазіргі дағдарыстың себептеріне толық тоқталады. Бүгінгі таңда әлемдік қаржы жүйесінің бөлігі болып табылатын адамдардың қатары барған сайын өсуде, демек, дүниежүзінің қаржы тарихымен танысу бұрынғыдан да маңыздырақ мәселеге айналып отыр.