Жаңа кітаптар

Сегізбайұлы К. Мерген.

Белгілі  жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбайұлының қолыңыздағы жинағына «Мерген», «Ақ жаңбыр», «Арасан бұлақ» атты хикаялары  мен поляк суретшісі революционер 19 ғасырдың ортасында қазақ даласында  айдауда болған кезде жазылған  «Қазақ даласының өмірі»  атты очеркенің аудармасы және автордың шығармаларында табиғат ананың қадір қасиеті, оның ертеңгі тағдыры бүгінгі  біздердің қолымызда екені, сондай – ақ махаббаттың адалдығы мен әділдігі оқырманын бейжай қалдырмайды.

Токаев К.К. Он делает Историю. Очерки казахстанского политика.

В пятый том трудов известного казахстанского политика и дипломата  Касым – Жомарта Токаева вошли опубликованные до 2010 года в Казахстане и за рубежом историко – публицистические статьи и очерки, показывающие выдающуюся роль Президента Казахстана – Елбасы Нурсултана Назарбаева в становлении и укреплении государства.

Сыздықова Рәбиға. Тіл және ұлттық мәдениет.

Кітапқа академик Рәбиға Сыздықованың қазақ тілінің бүгіні мен болашағы, әдеби тіл, тілдік норма, орфографиялық, орфоэпиялық норма, қазақ тілінің емлесі, көркем аударма т.с.с. мәселелерге қатысты әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған мақалалары енген. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясының қалыптасып, дамуына, тілдік норманың қалыптануына өлшеусіз еңбек еткен ғалымның ой-тұжырымдары бүгінде, латын негізді әліпбиге көшуге бет алып отырған кезде өте өзекгі болып отыр. Р.Сыздықованың тілдік нормаға қатысты ой-тұжырымдары емле ережелерін түзушілер үшін де, қазақ тілінің шырайын кетірмей, дұрыс сөйлеп, дұрыс жазуға талаптанған жалпы көпшілік үшін де маңызды. Жинақ тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға, филология факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, көпшілік қауымға арналған.

Сыздыкова Рәбиға. Қазақтың ғылым әлеміндегі алғашқы алыптар.

Кітапта қазақтың алғашқы ағартушылары, ғылым-білім дүниесіндегі тұлғалар - Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатов, Қ.Жұбанов сынды ғалымдардың еңбек жолы, шығармашылығы жайында Р.Сыздықованың әр жылдары жазылған еңбектері қамтылған. Академик Р.Сыздықова қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері, публицист, ақын Ахмет Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтың өмірбаяны, қызметі, азаматтық бейнесі туралы тұңғыш зерттеп, сөз еткені, ахметтану, жұбановтану сияқты ғылым салаларын қалыптастырғаны белгілі. Кітап Ш.Уәлиханов, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатовтардың тілдік тұлғасы жайындағы тың деректерімен де құнды. Жинақ тіл білімі мәселелерімен айналысьш жүрген мамандарға, филология факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.

Сыздықова Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы.

«Анықтағышта» қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту (дыбыстау) ережелері түсіндіріледі, яғни емле, тыныс белгілері мәселелері талданып, қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық нормалары баяндалады. Кітапта жазылуы біршама қиындық келтіретін жеке сөздер мен тіркестердің сөздігі бар. «Анықтағыш» мектеп мұғалімдері мен баспа қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары саласында істейтіндерге, сондай-ақ қалың жұртшылықтың пайдалануына арналған.

 

Оразбайұлы Ы. Құсни ғалам.

Ықылас Оразбайұлы - осы жинақпен жыр әлеміне қанат қаққалы отырған жас ақын. Оның өлеңдерінен туған жерге, өскен елге деген сағыныш лебі еседі. Қазақы болмыстың нәрін бойына сіңірген ақынның жырларының тілі шұрайлы, ойы көркем. Біз ақынның болашағынан оқырманға ой тастайтын орамды, жүрекке жылы, сезімі сырлы шығармалар күтеміз.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

 

Негимов С. Шығармалары.

Бұл томда қазақтың би-шешендерінің елшілдік, мемлекетшілдік істері, дипломатиялық қызметі, тапқырлық, көсемдік, ойшылдық, даналық болмысы, әлеумет алдындағы тұтқиылдан туған асыл ойларының, билік-шешімдерінің, алтын сөздерінің көркемдік-философиялық, этикалық, индивидуалдық қырлары, жалпыадамзаттық және қазақтың классикалық дәуіріндегі құндылықтар, ұлы идеялар, көзқарастар жүйесі зерделенеді.

Замана сыры, халықтың рухы, ұлттың көркемдік дүниетаным мен мәдениеті атақты би-шешендердің өнернамасында қалайша жарқын көрініс тапқаны нақты әдеби-мәдени, тарихи айғақтармен дәйектеледі. Сонымен қатар ұлттық шешендік өнер тарихы адамзаттық ортақ игі- ліктер мен әлем ойшылдарының дара пікір-байламдарымен бірлестікте әрі ежелгі замандағы мәдени-жаһандану үрдістерімен тұтастықта қарастырылады.

«Шешендік өнер» - қазақ көркем ойының энциклопедиясы, даналық дәрістерінің  әлемі.

Профессор С. Негимовтің «Шешендік өнер» кітабы жалпы сөз өнерін құрметтейтін көпшілік қауымға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған.

 

Қыдыров Б. Жыр – дәурен.

Ақын Боран Қыдыровтың бұл жинағына әр жылдарда жазған әр алуан тақырыптағы өлеңдері мен ғазелдері, қос тағандары, төрт тағандары және аңыз тақырыбына жазған поэмаларының  көбінің баспа бетінде жарық көргендері топтастырылып отыр.

Кітап барша оқырман қауымға арналған.

Кененбай Ы. Жетпістегі жидеағаш.

Белгілі қаламгер, жазушы-баспагер Ырым Кененбайдың бұл жаңа жинағында туған жер тарихы, өткеніміз бен бүгініміз жайлы кеңінен ой толғайды. Қатарластары замандастарымен сыр бөліседі.

Жазушының алдыңғы еңбектерін жылы қабылдаған оқырман қауым бұл шығармалардан да құмарта сусындайтынына сенімдіміз.

 

Кенжебайұлы Бейсембай. Шығармалар жинағы. Ояну дәуірінің әдебиеті.

Қазақ түркологиясының атасы дерлік ұлы ғалым Бейсембай Кенжебайұлының кезекті шығармалар жинағының екінші томына ояну дәуірінің әдебиеті туралы зерттеу еңбегі еніп отыр.