Новые книги
Сәрсеке М. Семей қасіреті.
«Семей полигонынан зардап шегуші ретінде маған берілген 02-00191 санды куәлікте ядролық жарылыс астында 37 жыл 2 ай болғаным ресми расталған. Демек мен осы кітапта сөз болатын шерлі оқиғалардың бәріне де тірі куәгермін. «Толған ел тарихын жақпар тасқа жазады. Тозған ел басынан кешкенді көз жасымен жуады» деген уәжге бағып, туған еліммен бірге басымнан кешкен ғасырлық қасіретті шертпей өмірден аттансам – жер басып жүргеніне мәз тоғышардың бірі болмайын деген жегі ой мені жиі мазалап, әсіресе полигон зардабынан тап болған ауыр дерттен дәрігерлер жәрдемімен сауыққан кезімде жазу үстеліне шегендегені анық...» — деген жүрекжарды сырын М. Сәрсеке осы кітаптың алғысөзінде бекерге жазбаған.
Осы ойдың жетегімен туған Семей қасіретінде шертілетін ащы ақиқат кешегі ғасырда адамзат қауымына ел билеушілері жасаған аса ауыр қастандық жайында деректі эссе түрінде өрілген кітапты оқыған кезде иланасыз.
Т. Барабанов. Жинақты құрастыру.
Президент заманауи Қазақстанның қуаты, оның көпұлтты халқының жасампаз энергия көзі болып табылатын Астананың құрылысына көп мәрте назар аударады. Республиканың астанасы – еліміздің барлық, азаматтарының болашаққа деген үміті мен сенімділігінің символы. Кітап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дәйексөздеріне негізделген.
Президент многократно обращается к строительству столицы, являющейся мощью современногоКазахстана, источником созидательной энергии его многонационального народа. Столица республики это символ надежды и уверенности в будущем всех граждан страны. Книга основана на цитатах Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.
On various occasions the President turns to the topic of construction of the capital, which is the might of modern Kazakhstan, the source of creative energy for its multinational people. The capital of the Republic of Kazakhstan is a symbol of hope and confidence in the future for all citizens of the country. The book is based on quotes from the President of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbayev.
Батырша – ұлы С. Дипломат жазбалары. 1-том.
Таңдамалы шығармаға белгілі дипломат, ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қызметкер Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сайлау Батырша-ұлының кеңес заманынан бастап дипломатия саласында атқарған ұзақ жылғы қызметі, ел тәуелсіздігі үшін күрес, мемлекеттік және қоғамдық істері туралы еңбектері енгізілді.
О.Жұбаева. XX ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 2- кітап.
Бұл кітап – 2013 жылы шыққан осы атаулас жинақтың жалғасы. Кітапқа 1920-30 жылдары баспасөз бетінде жарияланған, мұрағат қорында сақталған əдеби тіл, емле, қазақ орфографиясы, терминология, қазақ тілінің түрлі салалары бойынша, қазақ тілі мəселелеріне қатысты мақалалар енді. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы туралы мол ақпарат беретін жинақ қазақ тіл білімі мəселелерімен айналысып жүрген тіл мамандарына, филология факультеттерінің докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.
Тохтамов Турган. Суд совести.
Роман Тургана Тохтамова "Суд совести" основан на реальных событиях, имевших место в жизни уйгурского народа в 30-50 годах XX века. Сквозь призму судьбы главного героя Рахмана и близких ему людей автор раскрывает общественно-политические и личностные мотивы, обусловившие драматические страницы их жизни.
Сегізбайұлы К. Мерген.
Белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбайұлының қолыңыздағы жинағына «Мерген», «Ақ жаңбыр», «Арасан бұлақ» атты хикаялары мен поляк суретшісі революционер 19 ғасырдың ортасында қазақ даласында айдауда болған кезде жазылған «Қазақ даласының өмірі» атты очеркенің аудармасы және автордың шығармаларында табиғат ананың қадір қасиеті, оның ертеңгі тағдыры бүгінгі біздердің қолымызда екені, сондай – ақ махаббаттың адалдығы мен әділдігі оқырманын бейжай қалдырмайды.
Токаев К.К. Он делает Историю. Очерки казахстанского политика.
В пятый том трудов известного казахстанского политика и дипломата Касым – Жомарта Токаева вошли опубликованные до 2010 года в Казахстане и за рубежом историко – публицистические статьи и очерки, показывающие выдающуюся роль Президента Казахстана – Елбасы Нурсултана Назарбаева в становлении и укреплении государства.
Сыздықова Рәбиға. Тіл және ұлттық мәдениет.
Кітапқа академик Рәбиға Сыздықованың қазақ тілінің бүгіні мен болашағы, әдеби тіл, тілдік норма, орфографиялық, орфоэпиялық норма, қазақ тілінің емлесі, көркем аударма т.с.с. мәселелерге қатысты әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған мақалалары енген. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясының қалыптасып, дамуына, тілдік норманың қалыптануына өлшеусіз еңбек еткен ғалымның ой-тұжырымдары бүгінде, латын негізді әліпбиге көшуге бет алып отырған кезде өте өзекгі болып отыр. Р.Сыздықованың тілдік нормаға қатысты ой-тұжырымдары емле ережелерін түзушілер үшін де, қазақ тілінің шырайын кетірмей, дұрыс сөйлеп, дұрыс жазуға талаптанған жалпы көпшілік үшін де маңызды. Жинақ тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға, филология факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, көпшілік қауымға арналған.
Сыздыкова Рәбиға. Қазақтың ғылым әлеміндегі алғашқы алыптар.
Кітапта қазақтың алғашқы ағартушылары, ғылым-білім дүниесіндегі тұлғалар - Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатов, Қ.Жұбанов сынды ғалымдардың еңбек жолы, шығармашылығы жайында Р.Сыздықованың әр жылдары жазылған еңбектері қамтылған. Академик Р.Сыздықова қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері, публицист, ақын Ахмет Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтың өмірбаяны, қызметі, азаматтық бейнесі туралы тұңғыш зерттеп, сөз еткені, ахметтану, жұбановтану сияқты ғылым салаларын қалыптастырғаны белгілі. Кітап Ш.Уәлиханов, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатовтардың тілдік тұлғасы жайындағы тың деректерімен де құнды. Жинақ тіл білімі мәселелерімен айналысьш жүрген мамандарға, филология факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Сыздықова Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы.
«Анықтағышта» қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту (дыбыстау) ережелері түсіндіріледі, яғни емле, тыныс белгілері мәселелері талданып, қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық нормалары баяндалады. Кітапта жазылуы біршама қиындық келтіретін жеке сөздер мен тіркестердің сөздігі бар. «Анықтағыш» мектеп мұғалімдері мен баспа қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары саласында істейтіндерге, сондай-ақ қалың жұртшылықтың пайдалануына арналған.