Новые книги
Аузан А. Экономика. Институттар біздің өмірімізді қалай айқындайды.
Ресей экономисі, М.В. Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, публицист А.Аузанның бұл қызықты кітабы бір қарағанда шым-шытырық болып көрінетін қоғамдық үдерістердің мәнін, таяу болашақта бізді не күтіп тұрғанын түсінуге, сол сияқты «осы мен дұрыс өмір сүріп жатырмын ба?» деген сұрақтың төңірегінде ойлануға көмектеседі.
Ергин Д. Энергия көздерін іздестіру жолында ресурстар шайқасы, жаңа технология және энергетика болашағы.
Кітапта бүгінгі заманғы әлемдік энергетика болмысының қалай қалыптасқаны туралы және ауаға шашылған көмір қышқыл газына, ыстықтың жаһандық жайылуына қатысты мәселелер мен осы саланың болашағы жөнінде айтылады.
М.Мұқаметқали, Г.Қасымберкебаева. Тілдескіш
Тілдескіште банк, қаржы саласында жиі қолданылатын терминдер, сөздер мен сөз тіркестері пайдаланыла отырып, күнделікті қарым – қатынаста жиі орын алатын ақша айырбастау пунктінде, шот пен депозит ашу, төлем карталарын ресімдеу, ақша аудару, кредит алу сияқты қызмет түрлері сөйлеу тіліне лайықталып ұсынылды. Тілдескіште пайдаланушылардың сөздік қорын молайтуға септігін тигізетін ақша – қаражат, кіріс, шығыс және саудаға қатысты мақал – мәтелдер қоса берілді.
Латын әліпбиіне көшу: ғылыми – тәжірибелік негіздер, даму процесі және басты мәселелер.
Жинақта Ұлттық комиссия жанындағы жұмыс топтарының жаңа әліпби емле ережелерін әзірлеу, оларды сынамадан өткізу, сараптау, талқылау жұмыстарының барысы баяндалады. Сонымен бірге әліпби және оның емле ережелеріне байланысты ғылыми мақалалар мен ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпараттар енгізілген.
Досанов Сәбит. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 6 том. Жиырмасыншы ғасыр. Роман – эпопея.
Қазақтың әйгілі жазушысы. ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының 6 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман – эпопеясының үшінші кітабы берілген.
Досанов Сәбит. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 5 том.Жиырмасыншы ғасыр. Роман – эпопея.
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының 5 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман – эпопеясының екінші кітабы берілген.
Фариза Оңғарсынова. (Естеліктер)
Бұл естелік кітап – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық ақыны Фариза Оңғарсынова өміріне арналған.
Адам тіршілікте өз заманы, өз замандастары ортасында Өз тұлғасын сомдап жатады. Ақындығы арқылы өз жүрегін қалың оқырман жүрегіне жалғап өткен Фариза туралы сол замандастары, әріптестері, жолдас –жора, достары оның Адамдық тұлғасын: қайраткерлігін, қамқорлығын, қайсар мінезін, ешкімге ұқсамайтын дара жаратылысын есте сақтаған естеліктері арқылы бізге баяндайды.
Естеліктер жинағы бүгінгі оқырманға арналғанмен, негізгі мақсат – келешек ұрпақ үшін, Фариза ақынның қарапайым тіршілік ортасында қандай болғандығын, болмыс – бітімін, сан – қырлы мінезін, таным – талғамын жеткізу болды. Қазақ поэзиясының Падишасы атанған Фариза ақын туралы айтылған естелік – әңгімелер қаз – қалпында, еш әсерлеусіз жарияланды, құрастырушының мақсаты да осы болды.
Петров Д.Ю. Ағылшын тілі. Базалық тренинг.
Оқу құралында Дмитрий Петровтың тіл үйренудің авторлық әдісімен жасалған, 16 сабақтан тұратын ағылшын тілінің базалық курсы берілді.
Әр сабақ ағылшын тілінің негізгі құрылымдарын қолданудағдыларын қалыптастыруға көмектесетін практикалық тапсырмалардан тұрады. Оқулық тіл үйренудің бастауыш және жалғастырушы деңгейлеріне арналған.
Петров Д.Ю. Казахский язык. Базовый тренинг.
Бұл оқу құралында Дмитрий Петровтың авторлық әдісімен жасалған 16 сабақтан тұратын қазақ тілінің базалық курсы берілген. Әр сабақ қазақ тілінің негізгі құрылымдарын қолдану дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін практикалық тапсырмалардан тұрады. Кітап тіл үйренудің бастауыш және жалғастырушы деңгейлеріне арналған.
Белгілі полиглот әдіскердің тіл үйрету жүйесі қазақ тілін үйретуде тұңғыш рет қолданылып отыр.
Кітап мұғалімдерге, әдіскерлерге, қазақ тілін үйренуші көпшілік қауымға, сондай-ақ шетелдегі этникалық қазақтарға арналған.
В книге изложен базовый курс казахского языка по методу Дмитрия Петрова, адаптированный для самостоятельных занятий. В каждом уроке – большое количество практических занятий. В каждом уроке – большое количество практических заданий, которые помогут сформировать навыки применения основных структур казахского языка. Учебник будет полезени начинающим, и продолжающим свое обучение.
Методическая система известного полиглота Д. Петрова в обучении казахскому языку применяется впервые.
Учебник предназначен для преподавателей, методистов и желающих изучить казахский язык, а также для этнических казахов, проживающих за рубежом.
Қазақстан . Өзбекстан халқының емлекеттік тарихындағы ролі.
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді».