Новые книги

Ербол Шаймерденұлы. Сағым дәурен

 

Ақын Ербол Шаймерденұлының бұл жыр жинағы айшықты азаматтық үнімен, терең ой сарынымен, ақ адал сыршылдығымен ерекшеленеді. Адам мен қоғам туралы, өмір жайлы сезім мен сенімнен өрілген сыршыл толғаныстар шынайылығымен тартымды. Отаншылдыққа, адалдық пен арлылыққа шақыратын ойлы өлең, отты жырлар жыр сүйер қауымның жүрегіне жол табар деп сенеміз.

Ілияс Ахметұлы. «Қазақ» сөзіне тиісті деректер

 

Ілияс Ахметұлы (1897-1938) - XX ғасырдағы қоғам қайраткері, журналист, оқытушы, шығыстанушы, зерттеуші. Ілияс Ахметовтың «Қазақ» сөзіне тиісті деректер» атты еңбегі 1934 жылы жазылып, қолжазба күйінде сақталған. Еңбек алғаш рет латын әліпбиінен кирил әліпбиіне аударылып беріліп отыр. Бұл еңбек тарих, филология, шығыстану саласындағы зерттеушілерге және қызығушы оқырмандарға арналған.

Бейбіт Қойшыбаев. Тарих және тұлға

 

Жинақтан оқырман қазақ халқының қалыптасу және этностық атауы- мен мемлекеттігін кұру, бір орталыктандырылған қуатты хандық жасақтауға тырысу және отарлану кезеңдері мен патшалық тұсындағы азаттық аңсаған көтерілістер, кеңестік дәуірдегі ұлттық-мемлекеттік межелеу шындықтары, тоталитарлық кезеңнің қылмысы, алаштық идеяның өміршеңдігі жөнінде оқып танысады. Қазақ халқының көрнекті тұлғалары жайындағы зерттеулер енген. Тоталитаризм дәуірінде орын алған саяси куғын-сүргіннің шынайы болмысы, сексен жыл ілгерідегі Үлкен террор, оның қасіретті салдарлары, репрессия құрбандары турасында да әңгімеленеді.

Ұзақ жылдарға созылған отарлық заманнан соң, қазақтың елдігін тұңғыш жаңғыртқан Алаш-Орданың ғасырлық мерейтойына орай әзірленген бұл кітап зерттеушілерге, тарихшыларға, студенттер мен оқушыларға, Отанымыздың тарихымен әуестенетіндерге, көпшілік қауымға арналады.

Әнес Сарай III том

 

Әнес Сарай — өмір суреттеріне толы әдемі-әдемі көркем әңгіме, повестерімен оқушы жұртты өзіне қаратқан жазушы. Оның 17 томдық шығармалар жинағының I және II томдарын әңгіме-повестері құраса, III томға «Теңіз сарыны» роман-дилогиясы енді.

Роман екі кітаптан тұрады. Шығарманың негізгі өзегі — соғыс жылдарындағы тыл өмірі, Сталинград майданымен шекаралас жатқан балықшы ауылдардың соғыс жылдарындағы тірлігі. Сталинград губерниясына қарасты бір шоқ қазақ ауылы осынау майдан тірлігін бастан кешірді. Роман сюжеті осынысымен де қызық, қазақ тұрмысынан оқшау тірлігімен әрі дара, әрі тың. Қаламгер майдан іргесіндегі «Қызыл балықшы» колхозының тірлігін, ауылдағы оқиғалар мен адамдар қарекеті, мінез-құлықтарын айшықты бояулармен көркем бейнелейді.

Дүниежүзі түркологиясының тарихы

 

Ұсынылған хрестоматия түркология тарихына қатысты теориялық постулаттар- дың жиынтығынан, түрколог ғалымдардың зерттеулері мен есімнамадан, пайдаланылған әдебиеттерден тұратын оқу құралы болып табылады. Хрестоматияға әртүрлі елдер мен дәуірлерге қатысты түркологтардың ғылыми еңбектерінен үзінділер енгізілген, оны білу болашақ түрколог мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Хрестоматиядағы еңбектердің бір бөлігі бүгінде сирек қолданылатын библиография болғандықтан, барынша кең ауқымда ұсынылды, қалғандары қысқа нұсқада берілді.Хрестоматия «Дүниежүзі түркологиясының тарихы» (Алматы, 2016) моно- графиясына негізделіп жазылған.Хрестоматияға іріктелген ғалымдардың еңбектері сала ішіндегі зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды, сондықтан қолдарыңыздағы оқу құралы тек түрколог-студенттерге ғана емес, зерттеушілер мен оқытушылар үшін де, түркология мәселесіне қызығушылық танытқан қалың оқырман үшін де өзекті болары сөзсіз.

Әбу Насыр әл-Фараби. 7 Том. Ұстаздың оралуы

Әбу Насыр әл-Фараби. 7 Том. Ұстаздың оралуы

Абу Насыр аль-Фараби. Том 7. Книга о разуме

Абу Насыр аль-Фараби. Том 7. Книга о разуме

Абу Насыр аль-Фараби. Том 7. Книга о разуме

Абу Насыр аль-Фараби. Том 7. Книга о разуме

Гүлфайруз Далбағай. Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия

 

Бұл хрестоматияға өзіндік құрылымы, орындаушылық ерекшеліктері ескерілген қазақтың окарина тектес үрлемелі сазсырнай музыкалық аспабына арналған шығармалар топтастырылған. Халық әні мен күйі, халық композиторларының шығармалары, классикалық және заманауи композиторлық мектептің өкілдері жазған әр алуан бағыттағы музыкалық туындылар аспаптың дыбыстық қатарына шақталып, оның мүмкіндігі мен келбетін ашуға мол мүмкіндіктер береді. Үш бөлімнен тұратын хрестоматияға енгізілген шығармаларды музыка мектебінің оқушылары, арнайы орта білім және жоғары білім беретін оқу орындарының студенттері оқу бағдарламасына сай қолдана алады.

Бердалы Оспан. Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін

 

«Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін» атты еңбек еліміз тарихының біздің дәуірімізге дейінгі кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі есімдерді қамтиды. Кітаптың құндылығы әр есімнің қай дереккөзден алынғаны көрсетілуімен ерекшеленеді. Бүған қоса мүмкіншілігінше есім мағынасы жазылып, осы есімнің тарихи иесі кім екені де көрсетілген.

Кітап еліміздің тарихының түрлі кезеңіне байланысты қазақтың бабалары - сақ-скифтердің бабасы Тарғытай екені, патшалар Иданфирс пен Томирис, оның ұлы Спаргаписпен қатар сол заманның атақты ғұламасы Анахарсис, дәрігер Токсарид, ғұндардың патшасы Еділ-Аттиланың балалары мен замандастарының, байырғы түркілердің елбастар Білге, Күлтегін т.б. сынды тұлғаларының, Мысырды басқарған сұлтан Байбарыс және басқа да түркі тектес мәмлүктермен қазақ ұлтының алқалы азаматтарының есімдерінің бір басылымға жиналуымен қызғылықты әрі құнды.