Новые книги

Нұрперзент Домбай. Күй құдіреті

 

Белгілі қаламгер Нұрперзент Домбайдың бұл кітабына әр жылдары жазылған сұхбаттары, әсселері мен публицистикалық мақалалары енгізіліп отыр.

Автор сан-алуан сипатта жазылған дүниелерінде әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, туындыларымен танымал талантты тұлғалардың қырлы да сырлы өмірін тереңдей ашып, көркем портреттерін жасайды. Сондай- ақ өміріміздің өнегелі өкілдері жайлы сыр шертіп, жарасымын тауып отырған достығымыз бен ардақ тұтар ардагерлеріміздің өмір жолы - асыл қасиеттерін арқау етеді. Жазбалардан замана шындығы, уақыт тынысы сезіледі. Оқырман көңілінен шығарына сеніміміз мол.

Абай

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен алдағы жыл (2020 ж.) ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойы боп жарияланды. Осыған орай ақынның сөзін ардақ тұтатын оқырмандарға өлеңдері, поэмалары, аудармалары және қара сөздері қамтылған шығармалар жинағы ұсынылып отыр. Абай шығармаларының біржола орныққан, тұрақты (канондық) мәтінін жариялау ісін Мұхтар Әуезов жүзеге асырған еді. Жалпы редакциясын М. Әуезов басқарған бұл басылым 1957 жылы Қазақтың көркем әдебиет баспасынан жарық көрген болатын. Қолдарыңыздағы кітап сол басылымның негізінде дайындалды.

Серік Сағынтай. Көктемнің мөлдір тамшысы

 

Белгілі қаламгер Серік Сағынтайдың бұл кітабына соңғы жылдары жазған әңгімелері мен хикаяттары топтастырылған.

Кітап оқырман жүрегіне жол табарына кәміл сенеміз.

Мыңбай Рэш. Есімде есілген естеліктер

 

Сатирик-жазушы Мыңбай Рэш бұл кітабында өткен ғасырдың 1943 жылдың күзінде, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда, Алматы қаласында өткен Қазақстан ақындарының айтысын ашқан жыр алыбы Жамбылды 14 жасында көзімен көргені хақында, одан бері қарайғы мезгілді қамтитын еліміздің аса көрнекті қаламгерлері мен өнер майталмандары жөнінде сыр шертеді.

Автор көзі көріп, сөзін естіген қайсыбіреулерімен қызметтес болып, бірге жүріп, біте қайнасқан шақтарын қызықты етіп әңгімелейді.

Қалың көпшілікке арналған естеліктер топтамалары оқырмандарын бейжай қалдырмас деген ойдамыз.

Нұрғали Ораз. Аппақ бұлт

 

Белгілі жазушы Нұрғали Ораздың бұл кітабында өмірдің үзік-үзік өзекті көріністері әсерлі де әдемі суреттеледі.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі

 

Бұл зерттеу еңбегінде белгілі қаламгер, ғалым Нұржан Қуантайұлы қазақ жазба әдебиетінің негізін калаушы әйгілі жазушының бірі, қазақ әдебиетінің классигі Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөз шығармашылығын жан-жақты, толық зерттейді.

Архивтерден Аймауытұлының бұрын белгісіз болып келген жүзден астам шығармасын, оның ішінде әңгімелері мен көркем очерктерін, фельетондары мен мақалаларын тапқан ғалым осы кітапта Жүсіпбектің көсемсөз мұрасын тұтас шығармашылық жүйеде, бүгінгі көзқарас тұрғысында талдайды. Монографияда сондай-ақ жазушының баспасөздегі, бұрын белгісіз болып келген редакторлық қызметтері анықталып, архив құжаттары бойынша өмірбаянының ақтаңдақ тұстары қалыпқа келтірілген.

Кітап филология, журналистика факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ жалпы көпшілік қауымға арналған.

Елек Әлімжан. Анажар

 

«Анажар» романында автор бүгінгі қоғамдағы күрмеуі қиын күрделі проблемаларды бас кейіпкердің басынан кешкен тағдырымен байланыстыра баяндау арқылы адамзаттық, әлемдік мәселелердің мәніне оқырман назарын аударады. Ал «Ескі жара» хикаяты мен «Қоларба» деп аталатын әңгімесі нарықтық қатынастар кезеңіндегі қазақ ауылдарының жай-күйінен сыр шертеді.

Кітаптағы шығармалар салмақты ойымен, көркем тілімен де оқырман көңілінен шығатыны сөзсіз.

Тельман Нурахунов. Қанлиқ өстәң

 

һекайиләрдә бүгүнки һаятимиз қәһриманлириниң һәр хил тәғдири, уларниң турмуш-тирикчилиги, арзу-арманлири гәвдилиниду. Қэһриманларниң образлири арқилиқ заманивий адәмләрниң хулқи- мүжэзи, мәхсәт-муддиалири, келәчәккә болған үмүт-мәхсәтлири айдиңлишиду. Язғучиниң романида социалистик түзүмниң ғулаш алдидики ахирқи дәқиқилири, кона түзүм қалдуқлириниң йеңи дәвиргә болған қаршилиқлири нэтижисидэ инсан тәғдири қанчелик өзгүриватқанлиғи, адәмләр мунасивәтлиридики жиддийлиқ вә қариму- қаршилиқлар, шундақла инсаний пәзиләтләр, меһриванлиқ муһәббәт туйғулири ипадиләнгән.

Құдайберген Саржанов. Толқынмен алысқан, балықшылар-арыстан

 

Қоғам және мемлекет қайраткері Құдайберген Саржановтың бұл кітабына күн демей, түн демей асау толқындармен алыса жүріп, елдің игілігін арттыруға өмірін бағыштаған балықшы қауымның ауыр еңбегі мен күрделі тағдыры арқау болған. Қандай қиын күн туса да болашаққа сеніммен қарап, бел жазбай еңбек етіп, тәрбиелі ұрпақ өсірген Арал балықшыларының тағдыры баяндалған бұл еңбекті — балықшылар өмірінің шежіресі деп атауға да болады. Автордың ондаған жылдар бойы асқан ыждаһаттылыкпен жинаған нақты деректері негізінде жазылған бұл кітап - келешек ұрпақ үшін, әсіресе Арал өңірінің халқы үшін аса маңызды тарихи туынды ретінде бағаланады.

Қарашаш Тоқсанбай. Сыр-сымбат

 

Белгілі журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері Қарашаш Тоқсанбайдың бұл жинағына автордың әр жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген, кезінде оқырмандардың көңілінен шыққан таңдаулы мақалалары, сұхбаттары мен іссапар жазбалары енгізілді.

Кітап журналист мамандығын таңдаған студенттерге, жас журналистер мен ақпарат құралдары саласының кәсіби мамандарына, көпшілік жұртшылыққа арналған.