Новые книги

Мархабат Байғұт. Шығармалар жинағы 4 том

 

Қаламгердің жеті томдық шығармалар жинағының төртінші томына «Крест», «Сізді сүйген қыз едім», «Ақсақ кемпір», «Кафедегі кұдалық», «Кандидаттың имиджі», «Оқу залы», «Жоғалған жұрнақ», «Жас қатын», «Банктің иттері», т.б әңгімелері мен «Ақтолғай» атты туындысы топтастырылды.

Мархабат Байғұт. Шығармалар жинағы 3 том

 

Мархабат Байғұттың жеті томдық шығармалар жинағының үшінші томына «Түбіркүлөз», «Гамбургтегі қазақтар», «Ауыл клубының аукционы», «Сексен қыз бен сегіз ұл», «Әпкемнің ауылы», «Ақпандағы мысықтар», «Қозапая», «Өлімнен қашқан респондент» т.б әңгімелері мен «Ақ шымылдық», «Машаттағы махаббат», «Әдебиет пәнінің періштесі» хикаяттары жинақталды.

Мархабат Байғұт. Шығармалар жинағы 2 том

 

Мархабат Байғұттың жеті томдық шығармалар жинағының екінші томына «Көрпесайдың кітапханасы», «Уран ұрған», «Киікоты», «Жылқы атылған түн», «Зылиқа», «Құмар қыз», «Мәшине мәселесі» сияқты айтулы әңгімелері мен «Дос пейілі» және «Таудағы аңдыз» хикаяттары енгізіліп отыр.

Мархабат Байғұт. Шығармалар жинағы 1 том

 

Мархабат Байғұттың жеті томдық шығармалар жинағының бірінші томына алғашқы шағын әңгімелерінен бастап, қаламының тізгін қағысы, тұлпар шабысы айқын аңғарылатын «Дауыстың түсі», «Бір дорба диплом», «Жалбыздының жағасында» сияқты дүниелері, «Интернаттың баласы» мен «Патефон» хикаяттары енгізілді.

Найзағайлы жылдар жаңғырығы

 

Жинақта моңғол жазушыларының шығармалары түп нұсқадан тікелей тәржімаланған түрінде тұңғыш рет ұсынылып отыр. Олай деуіміздің себебі, кеңес тұсында моңғол жазушыларының туындылары орыс тілі арқылы ғана қазақшаға бірер рет аударылғаны болмаса, киіз туырлықты осы ағайындарымыздың төл әдебиетімен қазақ оқырман қауымы етене таныс емес.

Мұнда енгізілген саны жиырмадан ғана асатын прозалық туынды елдің бүкіл әдебиетінің бет-бейнесін толық айғақтамаса да, түбі бір, сана-сезімі ұқсас қазақ оқырмандарын баурап аларына, жүректерінен жол табарына сенімдіміз. Аударманың тілі шұрайлы әрі тартымды.

Төрехан Майбас. Мыңқыш

 

Жазушы Төрехан Майбастың бұл кітабына бірқатар қысқа хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр.

Ұлттық қанық бояумен суарылған этнографиялық әңгімелер мен хикаяттардың оқырмандарына берері аз емес. Өзіндік жазу машығын қалыптастырған қаламгер өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашуда психологиялық иірімдерді шебер пайдалана біледі.

Амангелді Кеңшілікұлы. Әлем әдебиетінің әңгімелері

 

Белгілі әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының «Әлем әдебиетінің әңгімелері» атты жаңа кітабы екі бөлімнен тұра- ды. «Мәңгілікпен үндесу» деп аталатын алғашқы бөлімінде аса көрнекті жазушы Герольд Бельгер мен белгілі әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл- Мұхаммедтің арасындағы риясыз достығы тілге тиек етіледі. Көлемді зерттеуде нақты деректер негізінде екі ірі тұлғаның шығармашылық және адамдық келбеті жан-жақты ашыла түскен. Кітаптың екінші бөлімінде Руми, Гоголь, Кафка, Булгаков, Акутагава, Кавабата, Мисима және тағы да басқа әлем мойындаған суреткерлер туралы эсселер мен жаһандық қаламгерлердің шығармашылығын талдаған сұхбаттары берілген.

Толымбек Әбдірайым. Тағдыр сыйы

 

Белгілі жазушы Толымбек Әбдірайымның бұл кітабына бүгінгі замандастарымыздың тағдыр-талайын, тыныс-тіршілігін арқау еткен бір топ әңгімелері, «Жұдырық», «Оралу» хикаяттары және эсселері енген.

Толымбек Әбдірайым шығармаларының әдетте оқиғасы қызықты және айтар ойы анық болып келеді. Көзі қарақты, көкірегі ояу оқырмандарымыздың жан дүниесін толғандырьш жүрген көкейтесті мәселелерді қопара қозғап, ұтымды да ұрымтал деталь, диалогтар арқылы ойға жетелеуімен құнды.

«Жұдырық» хикаятында туған жерін аңсап, тағдыр теперішін көрген, абақтыдан қашқан Тәкен тағдыры суреттелсе, «Оралу» повесіндегі Мейірбектің бір жыл ішіндегі басынан кешкен қилы-қилы өмірі әдемі өріледі. Әдеби эсселері де өзінің шынайылығымен, сыршылдығымен адам жанын баурайтыны анық.

Көктемде жауар құс қанатындай жаны мөлдір, ары ақша қардай кейіпкерлерімен де бұл жинақ оқырманын рухани сусындатады деген сенімдеміз.

Ғалым Әріп. Дыбыстар дірілі

 

Жинаққа ақынның жаңа өлеңдері мен толғау, дастандары енген. Автор Отаншылдық рухын арқау еткен шығармаларында ел мен жер тағдырына деген перзенттік махаббатын домбыра үніндей сезім дірілімен жеткізе білген. Әсіресе өзі туып-өскен Маңғыстау өңірінің тереңнен тамыр тартқан тарихы мен таңғажайып табиғатын ерекше шабытпен жырлайды. Бір атап өтерлігі, бұл кітапта аллитерация, ассонанс үлгісімен жазылған дүниелер топтастырылған.

Айтуар Өтегенов. Шерқала

 

Римнің алып пантеондарын еске түсіретін, Маңғыстау өлкесінің шежіре- тарихында, Шерқала тауының аңыз-әфсаналарына терең үңіле білген Айтуар Өтегенов өлеңдерімен, балладаларымен және әңгімелерімен өз оқырмандарын еріксіз елең еткізіп, зор сүйіспеншілігіне бөленген ақын. Ақ өлең мен қара өлеңнің қосындысын сәтті қолданып, жігін білдірмей жарасты үйлестіру оның шығармаларындағы тосын, ерекше жаңалық әдіс десе болады.