Жаңа кітаптар
Тайна духовности и поэзия духа.
Предлагаемая книга посвящена жизни и творчеству ученого, писателя и переводчика, доктора филологических наук, профессора, академика Академиигуманитарных наук РК, лауреата премии им.Кюльтегина и европейской преми им.Франца Кафки, обладателя Почетного диплома и Кубка «Гуманитарное сотрудничество за мир», медали Академии Российской словесности «Ревнителю просвещения. В память 200-летия со дня рождения А.С.Пушкина» Немата Келимбетова.
М.Мұқаметқали, Г.Әлімбек, Ш.Тоғанова, Д.Әнуарұлы. Тілдескіш. Қазақша – кәрісше, кәрісше – қазақша.
Тілдескіште банк, қаржы саласында жиі қолданылатын терминдер, сөздер мен сөз тіркестері пайдаланыла отырып, күнделікті қарым – қатынаста жиі орын алатын ақша айырбастау пунктінде, шот пен депозит ашу, төлем карталарын рәсімдеу, ақша аудару, кредит алу сияқты қызмет түрлері сөйлеу тіліне лайықталып ұсынылды.
Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.
Әлемдік өркениет көшінің бойындағы ұлан – ғайыр сапарда қалың көрерменнің күнделікті сырласы мен сыйласына, ақылманына айналған өнер музасының бірі әрі бірегей – көгілдір экран. Әрбір үйдің төріндегі сырлы да сыршыл теледидардың ғасырға жық қалың қатпарлы өмір деректерінде қол жеткен жетістіктері мен уыстан шығарып алған сәттері де, адамзатқа сыйлаған шаттыққа кезеңдері де мол.
Кітапта танымал тұлғаларға, әр жылдарда көрермен жадында жатталып қалған бейнелі бағдарламаларға, болашаққа жол сілтер танымдық ойларға молынан орын берілген. Сонымен бірге оқырмандар мен тележурналистер жаһандық әрі отандық телеарналар тарихы мен қазіргі күннің сандық телевизиясы жайлы да тың және қызғылықты деректерден, айшықты кестелер мен өткен күндер тарихынан сыр шертер суреттерден, мазмұнды да мағыналы мәліметтерден хабардар болады.
Төлеген Момбековтің туындылары. Толғау.
Кітапта көрнекті күйші – композитор, Қаратау күйшілік мектебінің озық өкілі Төлеген Момбековтің (1918 - 1997) өмірі мен шығармашылығына қатысты естеліктер, оның орындауындағы халық композиторларының күйлері, сондай – ақ күйшінің өз жанынан шыққан туындылары топтастырылған. Сонымен қатар Төлеген Момбековтің бұрын жарық көрмеген терме – жырлары да жарияланып отыр.
Жинақ домбыра пәнінен білім алушыларға, күйтанушыларға ұсынылады.
Тойбай Аршагүл. Даланың дана арулары.
Белгілі журналист Аршагүл Тойбайдың «Даланың дана арулары» атты жинағында бағзы заманнан бергі қилы кезеңде ерен ерліктерімен, өжет, қайсар мінездерімен, парасат-пайымымен, даналығымен халық жадында мәңгі сақталған қазақтың батыр қыздарының, қадірменді аналардың бейнесі сомдалған. «Ел бастаған ер ханымдар», «Аңызға айналған ақ жаулықтылар», «Халқын қорғаған қаһарман бикештер», «Абыз аналар», «Алашты аузына қаратқан арулар», «Ағартушы арулар», «Қуғын-сүргін құрбаны болған асыл жарлар», «Талантымен танылған тұлғалар» деген тарауларға бөлініп жазылған кітаптың қалың оқырманға берер танымдық, тәрбиелік мәні зор.
Сәукетаев Т. Желқайық.
Жазушы Т. Сәукетаевтің соңғы уақытта заманымыздың соқталы кезеңдерін суреттейтін «Қилы тағдыр» атты романдар циклін жазып жүргені кӛзі қарақты оқушы қауымға жақсы таныс. «Желқайық» романы - сол цикльдің үшінші кітабы, иәки «Айқараңғысы», «Бұлағай» романдарының жалғасы. «Желқайық» - кӛп салалы, күрделі роман. Азаттық қарсаңындағы казақ қоғамының әлеуметтік халі, рухани болмысы психологиялық кең ауқымда кӛркемдік қуатпен барынша шынайы суреттелген. Шығармада жас ғалым Бахтияр-Зуһра, ӛмірін ғылымға арнаған фанатик Ахметов, бір кезде партия, заң органдарында қызмет етіп кейіннен ғылымға келген, қылмыс әлемімен астыртын жалғасқан жымысқы Аманбаев, тағдыры аянышты Мотя тәтей, «Сыған» т.б. бірнеше сюжеттік линия бар. Әр желі ӛмір құбылыстарының түрлі аспектілерін кең қамтып, ӛзеннің тарам-тарам саласындай бір арнада тоғысып отырады. Кейіпкерлердің қым-қиғаш тағдыры арқылы автор ӛмірдің небір шытырман қалтарыстарына терең барлау жасап, бүгінгі қайшылыққа толы болмысымыздың шынайы бейнесін айшықтауға талпынған. Шығарманың тілі жүрдек, бояуы қанық, жазылу үлгісі автордың ӛзіне тән дара машығын айқындайды. Белгілі әдебиет сыншысы Р.Әбдіғұловтың сӛзімен айтсақ: «Желқайық» - жаңа қазақ романистикасының бӛлек сападағы айқын жақсы үлгісі...»
Оразалин Н. Көкжал дәуір: таңдамалы жырлар
Көрнекті қазақ ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалиннің «Көкжал дәуір» - «Время волчица» деп аталатын қазақ және орыс тілдеріндегі таңдамалы жыр кітабына әр жылдарда жарық көрген «Сырнайлы шақ», «Жерік түндер», «Арғымақ ойлар», «Беймаза көңіл», «Жетінші құрлық», «Адамзатқа аманат», «Аспантаудан ауған күз», «Тәңірмен тілдесу» жыр жинақтарының аударылған өлеңдер енгізілді.
Эхо войны.
В сборник включены переводы известного писателя Амантая Ахетова произведений казахских писателей о тяжелейших испытаниях и беспримерных подвигах на фронтах Великой Отечественной, отличающиеся высоким художественным уровнем и максимальной приближенностью к тональности оригиналов.
Жүністегі К. Соңғы абыз.
Қарымды қаламгер Кәмел Жүністегінің шығармашылығымен оқырман кеңінен таныс.Оның қаламынан шыққан «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу» атты кітаптарын, «Құба белдер» трилогиясын және «Көксеңгірдің тасында» повестер мен әңгімелер жинағын жұртшылық жылы қабылдаған болатын. Жазушының «Соңғы абыз» романы әдебиетіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі-Шортанбай ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған. Жырау өмірін жан-жақты зерттеген жазушы өз романында сол кезеңдегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін, ел ішінің жай-жағдайын, заман тынысын айқын танытуға тырысады.
Роман тілі тартымды, шұрайлы.
Стент А. Америка мен Ресей бірін – бірі неге естімейді?
А.Стент Билл Клинтон мен Д.Буштың кезінде Ресей жөніндегі кеңесші болған, сондықтан екі елдің де тарихы мен менталитетін, сондай – ақ олардың өзара ықпалдастығын жақсы біледі. Оның кітабы – тұлғалар мен нақтылы оқиғаларға негізделген «арғы жақтың» көзқарасындағы Америка – Ресей қатынастарының өткеніне шолу.