Жаңа кітаптар

Қазақ және әлем тілдері мақал-мәтелдері

 

Бұл мақал-мәтелдер жинағына батыс және шығыс халықтары мен қазақтың таңдаулы мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері енгізілді.

Қазақ, ағылшын, француз, испан, неміс, орыс, түрік, корей, жапон, араб, парсы, хинди, қытай халықтарының қырағы көзі, сезімтал жүрегі, кемеңгер ойынан туындаған асыл сөздері оқырмандарға баламаларымен қатар, кейбір мақалдардың аудармасы ұсынылып отыр.

Ерік Асқарова. Кірлеме, менің жүрегім

 

Бұл кітапқа ақын, аудармашы, драматург, айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты айтыскер Ерік Асқаровтың әр жылдары жарық көрген шығармалары топтастырылып берілді. Сырға толы лирикалық өлеңдері, сонымен қатар пьеса, аударма, повесть және әңгімелері, жыр дүлдүлдерімен сөз қағыстырған айтыстары да кіріп отыр.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Молдағали Жолдыбайұлы Шығармалары

 

Жинақта XX ғасырдың басында ұлттық білім-ғылым қалыптасып, дамуына өзіндік үлес қосқан қайраткер, әдебиетші, аудармашы, педагог, журналист М. Жолдыбайұлының «Жаңа арна», «Әліппе», «Әдебиет хрестоматиясы» сияқты оқу құралдары мен әліппелері, мақалалары, архив материалдары қамтылды. Жинақ тіл, әдебиет мәселелері, ғылымның, тіл білімі тарихы, журналистика тарихымен айналысатын мамандарға, филология, тарих факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.

Әкім Тарази. Тұлпар ізі

 

Көрнектіжазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әкім Таразидің бұл томына бірнеше киносценарий топтастырылған. Сонымен қатар қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаев жайлы естелік эссесі де осы томға енгізілген.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Әбу Насыр әл-Фараби. 3 Том. Әлеуметтік-этикалық трактаттар

Әбу Насыр әл-Фараби. 3 Том. Әлеуметтік-этикалық трактаттар

Әбу Насыр әл-Фараби. 2 Том. Философиялық трактаттар

Әбу Насыр әл-Фараби. 2 Том. Философиялық трактаттар

Тілдескіш.Қазақша – түрікше, түрікше – қазақша.

 

Тілдескіште банк, қаржы саласында жиі қолданылатын терминдер, сөздер мен сөз тіркестері пайдаланыла отырып, күнделікті қарым – қатынаста жиі орын алатын ақша айырбастау пунктінде, шот пен депозит ашу, төлем карталарын ресімдеу, ақша аудару, кредит алу сияқты қызмет түрлері сөйлеу тіліне лайықталып ұсынылды. Тілдескіште пайдаланушылардың сөздік қорын молайтуға септігін тигізетін ақша – қаражат, кіріс, шығыс және саудаға қатысты мақал – мәтелдер қоса берілді.