Жаңа кітаптар
Қ.Қайсенов. Жау тылында.
Ұлы Отан соғысын бастан-аяқ Украина және Белоруссия жерінде, қалың орман ішінде партизандармен бірге қан майдан кешіп өткізген қазақ халқының қаһарман ұлы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің жау тылында өткен өмірі сұрапыл оқиғаларға толы. Қасым аға соғыс бітіп, кеңес халқы толық жеңіске жеткеннен соң елге оралғанда қолына қалам алып сол оқиғаларды қаз-қалпында қағазға түсірген болатын. Батырдың басынан өткен оқиғалары жеке-жеке әңгімелер күйінде де, автордың өлім мен өмірдің арасында арпалысқан кездеріндегі біртұтас оқиға-хикаяттар ретінде де өте қызықты баяндалады.
Әуез Мұрат. Ділім.
Қоғам және мемлекет қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуездің бұл кітабына әр жылдардағы мақалалары, түрлі басылымдарға берген сұхбаттары, халықаралық және республикалық симпозиум-конференцияларда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері, айтқан ой-пікірлері топтастырылып беріліп отыр. Кітапта автор еліміздегі қоғамдық, саяси және әлеуметтік мәселелер, мәдени және әдеби процестер, қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайлар, жаһандану үдерісінің жай-күйі мен маңызды жақтары жайында ой білдіреді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Артықбаев Ж. Қазақстан өзбектері: тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті, рухани өмірі мен қазіргі жағдайы.
Бұл кітапта қазақстандық өзбек этникалық тобының көне және ортағасырлық тарихы, сарт атауының мағынасы, Қазақ хандығындағы орны және қазақпен қарым – қатынасы, шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениеті, әдет – ғұрыптары мен қазіргі жағдайы баяндалған.
Сейсенбаев Р. Три романа.
Писатели XXI века должны предложить читателю нравственный идеал, который необходим каждому из нас - без него невозможен духовный прогресс. Мы не должны отворачиваться от собственной традиции, собственного языка. С любовью и пристрастием развивать свою литературу и культуру. Вместе с тем, пристально изучать традиции народов мира.
На стыке этих начал, этих усилий, появится новая, универсальная традиция Казахии.
И мы, должны посвятить себя служению своему Отечеству.
Для этого каждый казах должен отдать ей свой долг. И тогда, дух великой степи вновь воспрянет.
Қазақстан – Ресей: Әдеби альманах – Казахстан – Россия. Литературный альманах.
Жыл сайын шығатын «Казахстан - Ресей» әдеби көркем альманағының
төртінші басылымы 2018жылы өзінің 20 жылдығын атап өтіп жатқан Астананың мерейтойына арналады.Жинақта Қазақстанның, Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразияның жүрегінде жаңа астана тұрғызудағы рөліне арналған шығармалар, Астана мен Алматы, Мәскеу мен Санкт- Петербург, Қазақстан – Ресей шекарасында орналасқан Астрахань, Самара, Орал, Орынбор, Омбы, Павлодар, Өскемен, Барнаул, Бийск қалалары ақын жазушыларының өлеңдері мен прозалык, туындылары топтастырылған.Астанада өткен, поэтикалық сөздің біріктіруші күшін тағы бір паш еткен «Ақордалы - Астана» халықаралық,поэзия кешіне қатысушылардың әлем халықтары тілдеріндегі өлеңдері альманахқа үлкен бөлім ретінде енгізілген.
Четвертый выпуск ежегодного литературно-художественного альманаха «Казахстан - Россия» посвящен столичности Астаны, отмечающей в 2018 году свое 20-летие. Здесь произведения, посвященные роли Первого Президента Казахстана Н.А.Назарбаева в строительстве новой столицы в сердце Евразии, стихи и проза писателей Астаны и Алматы, Москвы и Санкт-Петербурга, казахстанско-российского приграничья - Астрахани, Самары, Уральска, Оренбурга, Омска, Павлодара, Усть-Каменогорска, Барнаула, Бийска. Большим разделом представлены на языках народов мира стихи участников прошедшего в Астане Международного вечера поэзии «Ак ордалы -Астана», еще раз подтвердившего силу объединяющего поэтического Слова.
Абаев Д. Президент: 2017 жылғы басты оқиғалардың фотобаяны. Президент: фотолента основных событий 2017года.
Бұл кітапта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2017 жылы ел ішінде және халықаралық аренада өткен маңызды іс – шаралардың фотоматериалдары жинақталған.
Данная книга представляет собой сборник фотоматериалов, отражающих ключевые внутриполитические и международные события с участием Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в 2017 году.
Президент – 2018. Большая политика.
Данное издание представляет собой сборник фотоматериалов, которые отражают ключевые события международной жизни с участием Президента Республики Казахстан, состоявшиеся в юбилейном 2016 году. Фотоснимки иллюстрируют встречи Нурсултана Назарбаева с главами иностранных государств и правительств, с зарубежными политическими и общественными деятелями, а также представителями международных организаций, прошедшие как в Казахстане, так и за пределами страны в рамках его зарубежных визитов.
Е.Б.Сыдықов «Шакарим Кудайбердиев». Фотокнига.
Шәкәрім, әрі ұлы дарын, әрі Абайдың классикалық поэзиясын жалғастырушы бола тұра, халықтың игілігі болып табылатын және жас ұрпақты ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуге септігін тигізетін, халқына ұлы әдеби мұра қалдырған. Ол – халық мақтанышы!