Жаңа кітаптар

Есенберлин И. Золотая Орда

Ильяс Есенберлин (1915 - 1983) известный казахский писатель, автор ряда пьес, поэм и романов: "Кочевники", "Опасная переправа", "Схватка", "Прикрой своим щитом" и др., лауреат Государственной премии Казахской ССР им.Абая. "Золотая Орда" - исторический роман в трех книгах, в котором художественно осмысливается возникновение и падение Золотой Орды, основавшейся в результате татаро-монгольского нашествия в сороковых годах тринадцатого столетия.

Едилханова С. А. Казахско – джунгарские взаимоотношения в XVII – XVIII веках (Некоторые историографические аспекты проблемы)

Государства казахов и джунгар соприкасались в течение более трех столетий. В исторической науке освещалась главным образом их борьба за первенство в регионе. В предлагаемой монографии на основе обширного историографического анализа впервые освещаются дружественные связи двух народов, их взаимовлияние на правотворчество, культуру и быт.

Рекомендуется студентам, аспирантам, ученым, а также всем интересующимся иторией и будущим Казахстана и Евразии.

Асанова С. Қазақтың ұлттық киімдері

 Оқулықта берілген айрықша киім жинағында ерлердің, әйелдердің костюмдері, аяқ киімдері мен бас киімдері бір көркемдік мағынаға бағына аяқталған композицияны көрсетеді. Эскиздің колорлық шешім табуында түртүс символикасы, ою-өрнектің құрылымдық жүйесі қатаң сақталынған. Мерекелік халық киімдерінің әсемдігі мен молдығын көрсете білуде қазіргі тоқымалық материалдар кеңінен пайдаланылған. Ансамбльдегі киім жинағының маржан, стеклярус, страздармен кестеленуі, сызба, алтын, күміс баулармен және оқа-шашақтармен әрленуі олардың көздің жауын алар көркемдігін әсерлендіре түскен. Қазақтың ұлттық сыртқы мерекелік салтанатты киімдеріне үлбірлер, металл қапсырмалар ісмерлікпен, талғаммен үйлестірілген. Үсынылып отырған киім жинағының эскизін жасау барысында үлттық киімдердің мерекелік-сәнділік қызметімен қатар, қолданылу қызметі де ескерілген.

Оқулық «Киімді модельдеу және конструкциялау» мамандығы бойынша білім алатын болашақ мамандарға, сондай-ақ суретші-сәнгерлерге, театрлық костюм суретшілеріне, өнертанушылар мен өнер сүюші қауымға арналған.

 

Эш Рассел. Әлемнің ұлы кереметтері.

Бұл кітапта әлемнің жеті және XX ғасырда салынған кереметтер туралы айтылады. Оқырман қауым адамның қолынан шыққан туындылардың (ертедегі кереметтерден бастап бүгінгі күнгі кереметтердің) тарихын оқи отырып, танымдық білім қорын толықтырады.

Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасының тарихы (1870 – 2008 жылдар)

Авторлар бұл еңбегінде қазақ  журналистикасының ұзақ жылдық тарихына бүгінгі күн тұрғысынан ұзақ жылдық тарихына бүгінгі күн тұрғысыан көз жіберіп, тың байламдар жасап, жаңаша ой айтады.Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихына қосымша оқу құралы ретінде қайта басылып отырған бұл кітап осы жаңашылдығымен де құнды. Кітап жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне, сондай – ақ баспасөз тарихымен жақынырақ танысқысы келетін әрбір зерделі оқырманға арналды.  

Тұрысов Е. Бәйдібек.

Белгілі жазушы Еркінбек Тұрысовтың бұл кітабына қазақ елінің бірлігін сақтап, біртұтас іргелі халық болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген би, әрі шешен, әрі батыр, қайраткер Бәйдібек би Қарашаұлы жайлы тарихи деректерге негізделген аңыз әңгімелері мен хикаяттары, ұлы тарихи тұлғалар Шыңғыс хан, Ақсақ Темір жайлы хикаяттары еніп отыр. Жинақтан сонымен қатар автордың кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезенде де қазақ жұртының қамын жеп бастарын бәйгіге тіккен Алаш арыстары, әдебиет пен өнер саңлақтары жайлы дүниелері, баспасөзге берген сұхбаттары орын алды.

Сақтағанов Б.К. Әскери педагогика.

Оқулықта заманауи педагогика ғылымының және тәжірибелік іс-әрекеттің жетістіктері ескеріле отырып, әскери педагогиканың тарихы, даму кезеңдері, әскери қызметшілерді оқыту және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің мәселелері қарастырылады.

Оқулық әскери оқу орындары курсанттарына, тыңдаушыларына, адъюнкттеріне, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылым ведомстволарының командирлеріне, басшыларына, тәрбиешілеріне, басқа да лауазымды тұлғаларына, әскери даярлықты өтетін және өткізетін, әскери педагогика мен педагогикалық мәселелерге қызығушылық танытатын тұлғаларға арналады.

Оқулық әскери институтта, ЖОО-да оқытылатын әскери педагогиканың оқу бағдарламасына негізделіп дайындалған.

Сучкова И.А. Электродуговая и газовая сварка.

 В учебнике освещены теоретические основы газовой и электросварки, даются практические рекомендации по сварке и резке металлов, рассматриваются вопросы механизации и автоматизации производства, обеспечения
качества и безопасности работы сварщика. Дано описание устройства, оборудования и аппаратуры для дуговой и газовой сварки, наплавки и резки, рассмотрены приемы выполнения различных сварных швов, методы контроля качества сварных соединений. учебник предназначен для студентов среднего профессионального образования, обучающихся по специальности 1114000 «Сварочное дело (по видам)», а также для мастеров и инженерно-технического персонала.

Түлкібайұлы К. Шежіре.

Қазақ халқының  шежіресі ұшан – теңіз сарқылмайтын бай мұра. Алдарыңызға ұсынылып отырған бұл шежіре сол телегей мұраның бір ғана қолжазбалық нұсқасы. Оны Күлен Түлкібайұлы (1889 - 1970) қазақша төте жазумен өткен ғасырдың 20-70 жылдары хаттаған. Кітапта осы қолжазбаның факсимилесі және қазіргі қазақ әліпбиі  бойынша емле қоса  беріліп отыр.

            Күлен Түлкібайұлының осы қолжазба шежіресі – шежіретану, ататек тарату үшін таптырмас олжа болғандықтан көпшілік жұртқа арналады.

            Мұнда қазақтың үш жүзі, одан Алтай шежіресі таратылады. Қарпық аталары да кездеседі.