Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Елбасының халыққа Жолдауы жақсы дәстүрге айналды . Бұл жолы да 5 қазан күні тікелей эфирден ерекше ықылас қойып, көріп, тыңдадық. Жолдаудың тақырыбының өзі-ақ Президенттің қай мәселеге басымдық бергенін аңғартып тұр. Азаматтардың әл-ауқатына әлеуметтік оңалуына әсер ететін жолдаудағы халық табысын өсіру, маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейту, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, сапалы азық-түлікте отандық тауарларды қолдау, сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды.
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Құрметті қазақстандықтар!
Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.
Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.
Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.
Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.
Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды.