Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2021 жыл 1 қыркүйек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы 

2021 жыл 1 қыркүйек

 

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР

– ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

 

 

Қымбатты отандастар!

Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері!

     Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз.

     Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қортынды отырысында сөйлеген сөзі

 

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр.

Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды.

Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды.

31 наурыз 2020 МемлекетбасшысыҚасым-ЖомартТоқаевтыңмәлімдемесі

Құрметтіотандастар!

Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.

Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады.

Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты.

Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда.

Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік.

Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз.

Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп.

Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым.

Барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирус жағдайына байланысты енгізілген карантин шараларына қатысты мәлімдеме жасады. 16 наурыз 2020 жыл

Құрметті отандастар!

Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде.

Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр.

Бұл індет күннен-күнге ушығып барады.

Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді.

11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады.

 

Құрметті отандастар!

Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті.

Әрине, бұл кезең жұртшылыққа оңай тимегені анық.

Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды.

Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болғандар да бар.

« Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

2019 жылдың 6 қыркүйек күні кітапхананың Білім орталығында кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын талқылады.

Отзыв

 Бүгін Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы

 « Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  атты  жолдауын жолдады. Жолдау-халық пен биліктің алтын көпірі. Ел ішіндегі маңызы бар мәселелердің түйінін тауып,шешімін шығарарда «Жолдау» маңызды роль атқарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2 қыркүйек 2019 жыл

«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»

Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері! Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!

Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделдІ әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.

Отзыв

 

2019 жылдың 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына  «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын жария етті. Бұл жолдауында  қуантарлық жағдай мәдениет қызметкерлерін қолдауы,ең алдымен кітапхана,музей,театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысын көбейту, сондай-ақ міндеттті әлеуметтік жеңілдіктер берілетіні туралы айтып өтті.

Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Ардақты ағайын! Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері!

Құрметті қазақстандықтар, отандастар!

Ардақты ағайын!

Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері!

Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер.

Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын.

Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор.

Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес.

Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады.

Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді.   

Кеңес империясы құлаған сәтте біздің саясатымыз бен экономикамыз құлдырап қалды. Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдай орын алды.