Алақай! Жаңа кітаптар келді

Әлихан Бөкейхан. Энциклопедия.

Энциклопедия аса көрнекті ұлт қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы, сан қырлы дарын иесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған. Энциклопедияға айтулы тұлғаның өмірбаяндық деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми, публицистикалық, аударма мұралары туралы мақалалар енгізілді. Кітапта Алаш қозғалысына қатысты мағлұматтар, Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары, сондай – ақ Ә. Бөкейхан жөнінде жазылған еңбектер мен олардың авторлары туралы да мәліметтер берілді.

Тұлғалық энциклопедия көпшілік оқырманға арналады.

 

Әлихан Бөкейхан. Шығармалары.

Бұл томда Ә.Н.Бөкейханның тікелей қатысуымен Семей облысы Қарқаралы оязы қазақтарының жер пайдалану тәжірибесі туралы Ф.А.Щербина басшылық еткен экспедиция материалдарының VI томының жалғасы (соңы) қамтылды.

 

 

Архитектура Астаны.

            За последние годы астана изменилась, разрослась, особенно на левобережье. Ведущие архитекторы мира и местные таланты, вдыхая жизнь в безмолвный камень, создают стильный и современный мегаполис. Вместе с тем бержно сохраняются памятники архитектуры в старом городе, которые ничуть не уступают новостройкам в функциальности. И если любуясь новыми зданиями, мы знакомимся с текущими тенденциями развития архитектурной мысли, то прогуливаясь по улицам исторических кварталов, ощущаем дыхание эпох.

            Адресуется широкому кругу читателей.

Астана – суретшілер көзімен.

Елордамыз Астананың көз тартарлық көркем көріністері шығармашыл жандарға шалқар шабыт беріп келеді. Бас қаламыздың қалыптасыу мен дамуы, табиғаты мен тыныс – тіршілігі өлең – жырларда ғана емес, суреттің қыр – сырын меңгерген шеберлердің де қағаз – кенептерінде өз өрнегін қалдыруда.

            Кітапта қылқаламды жанына серік еткен суретшілердің Астанаға арналған туындылары берілген.

Астана: монументы и скульптуры.

Современная Астана удивляет разнообразием своих архитектурных и скульптурных форм. Строгие монкменты, заставляющие задуматься о прошлом и будущем... Знаковые  сооружения, напоминающие о веках развития государства... Легкие фигуры декоративной скульптуры, оживляющие урбанистический ландшафт... Каждый найдет в этом городе что – то близкое для себя, что заставит его вернуться сюда.

 

Әденова Ләззат, Қожағұлов Тоққожа. Зергерлік өнер нақыштары.

Бұл кітапта бастауын сонау көне замандардан, Сақ дәуірінен алатын қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ежелгі зергерлік өнерінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы,  қыр – сыры жайлы әңгімеленеді.

Труспекова Халима. Жаңа заман сәулеті.

Өнер зерттеушісі, ғалым Халима Труспекованың бұл жинағына тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр кезеңінде Қазақстанның сәулет өнер саласындағы жаңа жетістіктері жайлы мақалалары еніп отыр. Кітапта сонымен бірге еліміздің бұрынғы астанасы – Алматы қаласында және облыс орталықтарында салынған сәулет нысандары жайлы да кеңінен сөз болады.

 

Алдаркөсе мен Қожанасыр хикаялары.

Бұл жинаққа Алдаркөсе мен Қожанасырдың терең мағыналы, пәлсафаға толы ұтқыр әзіл – оспақтары, күйдіргідей ойып түсетін қалжың хикаялары енгізіліп отыр. Кітап жеткіншектер үшін тәлім – тәрбиелік жағы ескеріле отырып құрастырылады.