Алақай! Жаңа кітаптар келді

Куприн Александр Иванович Белый Пудель

Эта приключенческая история была написана в 1903 году. В ней рассказывается о путешествующих артистах: старом шарманщике, мальчике акробате и их собаке. Старик и мальчик путешествуют с места на место и дают представления на улицах. Сын богатого семейства хочет купить собаку, но шарманщик отказывается продать своего мохнатого друга. На следущий день собаку крадут...

Өтемісұлы М. Жыр – жебе

Бұл топтамаға «Азамат, сені сақтадым, бір күніме керек деп» жырлаған қазақтың атақты жырауы, күрескер, даулпаз, баһадүр ақын Махамбет Өтемісұлының рухани мұрасы негізінен толықтай енгізілген.

Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге, ерлік пен елдікке баулуға, бір сөзбен айтқанда патриоттық рухқа жетелейтін бұл жыр топтамасы жас оқырмандарға арналады.

Алтынсарин Ы. Кел, балалар, оқылық.

Бұл жинаққа халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің әңгіме, өлеңдері мен этнографиялық очерктері топтастырылған. Жаңашыл педагогтің жастарды білім алуға, өнерге, ғылым жолына түсуге үндеген ой – тұжырымдары бүгінгі оқырмандары үшін де өзекті екені анық.

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.

«Жасөспірімдер кітапханасы» қорын КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтың асқақ, отты жырлары мен «Мен - қазақпын», «Туған жер», «Кісен ашқан», «Жыр туралы жыр», «Сел» аты күрделі де терең ойлы поэмалары толықтыра түспек.

Жұбан Отан, Ана, туған жер тақырыбын толғана, тебірене жрлаған ақын. Оның жыр – поэмалары еліміздің аса бай тарихын, ұлттық дәстүрі мен биік өнер өресін, өнегелі өмірін, өсіп – өркендеуін өн бойына өзек еткен.

Көрнекті ақынның бұл өлеңдер жинағы жыр сүйер талғампаз оқырман қауымға арналған.

Абай. Сен де бір кірпіш дүниеге.

Хакім Абайдың асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса  беретін баға жетпес қазына.

Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын кейінгі толқын көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп алары сөзсіз.

 

Жиенбаев С. Өлеңдер

Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық ақын шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық, азаматтық, кісілік, тазалық ұғымдарының қай – қайсысын да балалық бейнесінде береді.

Өзіңмен сырласып, өзіңмен мұңдасып сөйлер ол жырлар бізді пендешіліктен тазартып періштелікке жетелейді. Ондай сәтері ақын да сезім құбылыс – құйылыстарын ойнақыландыра, қызындыра, қыздыра жырлай келіп «... жас сәби қаз тұрғанда, Бар дүние кетті ғой сәби болып» - деп аяқтап жатады. Ақын үшін Жер – дүниеде әділдік болуы үшін бәріміздің, әрбіріміздің сәбилік сезіміміз өліп қаламауы керек. Сәбилік сезім ақын үгін кісілік кредосы! Ақын жры бізді баурайды. Міне, осылай ақын өз оқырманын адалдыққа баулиды.

Үлкен, кіші деп жатар не бар, шыншыл жыр, сыршыл жыр – балғын бөбектерден бастап өлең сүйер өрендердің қай – қайсысын да бейтарап қалдырмайды, елітеді, ерітеді, тербейді, тебірентеді.

Пушкин А.С. Кпитанская дочь.

«Капитанская дочка» посвящена разработке исключи­тельно важной для этого времени темы — крестьянского восстания, крестьянской войны.

Изучение истории восстания Пугачева дало возмож­ность Пушкину точно и правдиво рассказать о тех событи­ях, которые он изображает в повести.

Құнанбаев А. Шығармалар жинағы.

Бұл басылымға мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын Абай Құнанбаевтың (1845 - 1904) шығармалары – өлеңдері, поэмалары, аудармалар, ғақлия (нақыл) сөздері және басқа да қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілді. Оқушы ұлы ақынның шығармаларын терең түсініп қана қоймай, Абайды қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, өз заманының кемел қайраткері, ұлт мәдениетінің берік негізін қалаушы ретінде танып – біледі. Кітап оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына да үлкен көмек, шығарма және реферат жазу кезінде де көмекші құрал бола алады.

Кітаптың кіріспесі Мұхтар Әуезовтың ұлы ақынның өмірбаяны мен творчествосын зерттеу мақаласымен басталды. Жазушылар Т. Медетбек пен Г. Бельгердің ақын шығармашылығы туралы замандастарының Абай туралы естеліктері беріліп отыр.

Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, лицейлердің жоғары сынып оқушыларына, колледж студенттеріне, жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге және көпшілік оқырманға арналған.

Соқпақбаев Бердібек Менің атым Қожа.

Көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты оқырман қауым арасына кең тараған екі повесі еніп отыр. Бұларда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез – құлық, арман – мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген.

Жұмабаев М. Шығармалар жинағы.

Мұқабасы тозса да, мазмұны тозбас бұл кітапқа қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен поэмалары еніп отыр.

Иіні ерен, иірімі терең өткелек өмірдің өзек өртер кермек жас мұңы да, терең ой сыры да ақын өлеңдерінің өзегі мен өрнегіне айналған.

Кітап қазақтың қара өлеңін қадірлей білетін қалың жұртшылыққа арналған.