Жаңа кітаптар келді

«Ерте, ерте, ертеде...»

«Ерте, ерте, ертеде...»  - тұрмыс – салт ертегілерінің көркем суретті жинағы. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой – өрісін, танымдық қабілетін дамытатын бұл кітап кішкентай оқырмандарға ғана емес, сондай – ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық..

«Жан – жануарлар әлемі»

«Жан – жануарлар әлемі» - қазақ ертегілерінің көркем безендірілген жинағы. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой – өрісін, танымдық қабылетін дамытатын бұл кітап кішкентай оқырмандар үшін ғана емес, ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.

«Күн астындағы Күнікей қыз»

«Күн астындағы Күнікей қыз» кітабына халық арасында кең таралған бірнеше қиял – ғажайып ертегілер енгізіліп отыр. Ертегілердің кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай – ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.

Лепренс де Бомон Жанна – Мари «Сұлу қыз бен Құбыжық»

Құбыжыққа айналған ханзада өзінің түнерген сарайында сиқырдан құтылар кезін күтуде. Оны сол қалпында қабылдай алатын қыздың махаббаты ғана құтқармақ... Сұлу қыз еш нәрсеге қарамастан ханзаданы ұнатып, сиқырды  жеңе аларма екен?

Кітап мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына арналған. Ертегі мәтіні ықшамдалып алынды.

Қыстың қызықты хикаялары

Жаңа жылда бәрі де сыйлық алғысы келеді, әрине, оны сыйлау да сондай керемет! Әрине, сыйлық тек қана жаңа ойыншық немесе жаңа киімнен құралмайды, айналаңдағы жандармен бар жылулықты бөлісіп, мейірімділік танытуды да – құнды сыйлық.

Міне, бұл кітаптағы әрбір ертегі дәл осындай қасиеттерге баулиды. Кітап кез келген жастағы оқырмандарға арналған

Құнанбаев А. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...»

Даналықтың өлшемі бола білген философ – ақынның рухани мұрасымен  таныстыру мақсатында осы жинақты оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

Кітапқа Абайдың өлеңдері, поэмалары, аудармалары, сондай – ақ қара сөздері енгізіліп, фотосуреттермен толықтырылды.

Жинақ мектеп бағдарламасына сәйкес құрастырылып, оқушылардың қосымша құрал ретінде пайдалануларына және көпшілік оқырман қауымға арналған.

Соқпақбаев Бердібек

Таңдамалы. Роман, хикаяттар, әңгімелер

Қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі көркемсөз шебері Бердібек Соқпақбаевтың таңдамалы шығармалар жинағына  «Өлгендер қайтып келмейді» романы, кезінде қалың оқырман қауымның жылы бағасын алған «Қайдасың Гауһар?», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым-Қожа» т.б. хикаятары еніп отыр. Сонымен бірге кітаптан автордың қаламынан шыққан бір топ әңгімелері, жазушы өмірінің әр кезеңдегі сәттерін бейнелейтін құнды фотосуреттер орын алды.Қазақ әдебиетінде айшықты із қалдырған атақты қаламгердің асқақ рух пен асыл адамгершілік қасиеттерді насихаттайтын өшпес туындылары рухани игілікке айналып халқымен бірге жасап келеді.

Қосбасаров Базархан

Қобыз өнері

Автор өзінің көп жылғы ұстаздық және қобызшы ретінде жинақтаған тәжірибесін осы кітап арқылы беріп отыр. Қобыз үйрену қыр-сыры, оған берілетін әдістемелік кеңестер, оң қол мен сол қол саусақтарының аспапқа қалыптасуы, саз сарынына лайықты үннің шығуы, қобыздың ұлттық нақышы мен жалпы табиғаты жайында лайықты дәріс беріледі, сондай-ақ кітаптан қобыз өнерінің ірі өкілдері туралы мол деректер табасыз. Оқу құралында халық күйлері, халық компазиторларының шығармалары мен Қазақстан композиторларының қобыз күйлері дәстүрінде жазылған бірқатар еңбектері еніп отыр. Кітап музыка оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнер сүйер қауымға арналған.

Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған,ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Сматаев С. Мейрамсопы – Қарқабат

Қазақтың классик жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл дастаны – Әз Жәнібек ханның уәзірі болған қасиетті Мейрамсопы бабамыз бен Қаракесектің ұранына айналған киелі Қарқабат (Күнай) анамызға арналған. Ұрпақтарына игілік пен ізгілік тілейтін қос киелі  рухқа перзенттік тағзым – бұл еңбек.