Балалар жылы-2022

Кел,Жаңа жыл,жаңа жыл!

2021 жылдың  29 желтоқсан  күні кітапхананың балалар бөлімінде «Кел,Жаңа жыл,жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру, белсенділіктерін артыру,  балаларды  жаңа жыл мерекесін өткізу дәстүрімен таныстыру; .

Кажымукан

2021 жылдың 22 желтоқсан күні белгілі балалар әдебиетін өркендетуге ерекше үлес қосқан жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаятын талдау. 

Тәуелсіздік-Елімнің ерлік жолы

2021 жылдың 13 желтоқсан күні кітапхананың балалар бөлімінде «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.

Химиялық тәжірибелер

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру үшін қызықты химиялық тәжірибелер қойылған бұрыш ұйымдастырылды. 

Робототехника бұрышы

Роботтар бүгін біздің өмірімізге түрлі салаларда енді, сондықтан біздің қаламызда балаларға арналған "Робототехника" үйірмелері бар. 

Ғылым мен техника уақытты жылжытады

2021 жылдың 26 қарашасында КММ-нің « Приозерск қалалық кітапханасы» балалар бөлімінде  "Ғылым мен техника уақытты жылжытады"атты балалар кітабы мен оқуды жетілдіруге арналған ауқымды фестиваль өткізілді.

Мультфильм "Кайтпас қайсар"

Робототехника және ғылыми университет туралы "Қайтпас қайсарлар" мультфильмі.  Мультфильмді көрсету үшін тиісті оргтехника қолданылды, онда балалар анимация арқылы роботтардың жасалуын көрді. 

Кубик-рубик

«Кубик – рубик"  сайысына аналитикалық ойлау қабілеті бар балалар қатысты. Осы "ойыншықтың" көмегімен кеңістік, логика, ойлау және моторикамен байланысты мидың қабілеті дамиды. 

Әскери техника саяхаты

Фестивальдің қорытынды бөлімінде "Айбын" командасының құрамымен қаламыздың әскери техникасына саяхат жасалды. Бұл іс – шараның мақсаты-оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету, оларды дәстүрлерге баулу, балалардың туған қаласы мен өлкесіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, мәдени-тарихи және рухани мұраға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Фестивальдің соңында балаларға лотореялық ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды

Кел, балалар оқылық

Фестиваль барысында қатысушылар шығармалардан үзінділер оқып, ән шырқайтын "Ашық микрофон" атты іс-шара өткізілді. Ыбырай Алтансариннің туғанына 180 жыл толу қарсаңында "Кел, балалар оқылық"кітабынан үзінді таңдап,мәнерлеп оқытуды жөн көрдік. Бұл ашық микрофонның мақсаты-кітапқа деген қызығушылықты теңестіру, оқу мәдениетін тәрбиелеу және ұжымшылдық рухын дамыту.