Балалар жылы-2022

Кел, оқиық жаңа кітап!

        Кітапхананың балалар бөлімінің қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерді көпшілік оқырманға насихаттау мақсатында «Кел, оқиық жаңа кітап!» атты жаңа кітаптардың таныстырылымы.

Табиғат менің байлығым

   5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай балалар бөлімі «Табиғат менің байлығым» атты қоршаған ортаға саяхат жасалды.

Бар мейіріміміз балаларға

1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» кітап көрмесі.

Бақытты балалық шақ

 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітапхананың балалар бөлімінде «Бақытты балалық шақ» атты ойын-тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты  өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа бірлікке тәрбиелеу. Аталған іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға «Ұлы дала елі» кітабын ұсынамыз.


       Бұл кітапта халықтың жадында көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған. Дала халқы өзінде бар ата кәсіптерін, алдыңғы буынның тұрмыстық қолданыс қажетіне деп жасаған дүниелерін көркем-мәдени мұралар құндылығына  дейін жеткізе алған шебер де талантты халық.

Рәміздерім мақтанышым

4 маусым  ҚР Мемлекеттік рәміздер  күніне орай  балалар бөлімі  «Рәміздерім мақтанышым» атты танымдық презентация ұйымдастырылды.

Селфи с любимой книжкой

Селфи с любимой книжкой

Сыңғырла күміс қоңырау

       25 мамыр оқу жылының аяқталуына байланысты "Сыңғырла күміс қоңырау" бейнеролик

Кітап-сарқылмас рухани әлем

23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай балалар бөлімінде «Кітап – сарқылмас рухани әлем» атты калейдоскоп көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: кітаптын сарқылмас рухани қазына екендігін білімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Хочу все знать

«Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында өткізілетін «Балалар әлемінде» атты балалар кітабының төртінші күні «Бәрін білгім келеді» атты танымдық экскурс өтті.