Балалар жылы-2022

Тапқыр бала өмір сүрді және болды

Балалар кітабының апталығы "Тапқыр бала өмір сүрді және болды"әдеби квестпен жалғасты.

Жұмбақтар әлемінде

Приозерск қалалық балалар кітапханасы 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне өткізілген балалар кітабы апталығының соңғы күнін «Жұмбақтар әлемінде» атты әдеби лотореямен аяқтады.

Менің денсаулығым-менің байлығым

2022 жыл- «Балалар жылы» аясында, 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай кітапхананың балалар бөлімінде мектеп оқушыларының қатысуымен «Менің денсаулығым-менің байлығым» тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді.

Қазақтың ұлттық ойындары

2022 жыл "Балалар жылы" аясында, 19- Наурыз «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай кітапхананың балалар бөлімі мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ойын өткізді. Мақсаты: қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы баланың тәрбиелік қасиеттерін қалыптастыру, ойындар арқылы әлеуметтік өмірдің қыр-сырын таныту.

Ана өмірдің шуағы

2022 жыл «Балалар жылы» аясында, 8-Наурыз тамаша көктем мерекесіне орай кітапхананың балалар бөлімінде «Ана өмірдің шуағы» кішкентай тұрақты оқырмандар арасында шығармашылық жұмыс өткізілді.Мақсаты: жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту.

Балалар әдебиетінің жазушысы

2022 жыл «Балалар жылы» аясында қазақ балалар әдебиетінде үлкен орны бар көрнекті жазушы Молдахмет Қаназовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің жазушысы» коллаж көрмесі.

Зерек бол

2022 жыл «Балалар жылы» аясында қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақынның бірі - Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Зерек бол» мәнерлеп оқу.

«Советский писатель и поэт»

2022жыл «Балалар жылы» аясында орыс жазушысы, ақын, драматург Валентин Катаевтің туғанына 125 жыл толуына орай балалар бөлімі «Советский писатель и поэт» виртуалды кітап көрмесін ұсынады. Мақсаты: В.Катаевтың тұлғасы мен шығармашылығына қызығушылық тудыру.

«Көркем сөз шебері»

2022 жылдың 14 қаңтар күні кітапхананың балалар бөлімінде балалар жазушысы Естай Мырзахметовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Көркем сөз шебері» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Мақсаты: оқырмандарға Естай Мырзахметовтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру.
Балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Кулмишева балаларға жазушының өмірі мен шығармалары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жазушы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Көркем сөз шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.