Балалар жылы-2022
Библиоскамейка
2022 жылдың 10 маусымында кітапхана алаңында ашық аспан астында «Кітапханадағы жаз» демалыс бағдарламасы аясында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында "Библиоскамейка" ұйымдастырылды.
Кітапханадағы жаз
Жаз! Балалар мен ересектер үшін жылдың ең сүйікті уақыты. Көптен күткен демалыс уақыты да келді. Көлде шомылып, саябақта серуендеп, басқа қалаларға қыдырумен қатар кітап оқуды да ұмытпаған жөн. Өйткені кітаптар біздің ең жақсы достарымыз.
Кітапханаға саяхат
2022 жылдың 4, 7 маусым күндері жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаламыздағы № 1,№ 2 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің балалары тәрбиешілерімен бірге кітапханаға экскурсияға келді.
ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына «Ел рәміздері-еркіндік нышаны» сурет көрмесі
ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына «Ел рәміздері-еркіндік нышаны» сурет көрмесі
Бала әр ата-ананың болашағы
2022 жылдың 01 маусым күні балалар бөлімінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала әр ата-ананың болашағы» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту.
Сырдың сырлы ақыны
2022 жылдың 11 мамыр күні қазақ тілінде жазған балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың туғанына 85 жыл толуына орай кітапхананың балалар бөлімінде «Сырдың сырлы ақыны» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Кітап-жан азығы, өмір қазығы
2022 жылдың 22 сәуір күні балалар кітапханасында №1 мектеп 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап -жан азығы,өмір қазығы» ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Ертегілер еліне саяхат
2022 жыл-«Балалар жылы» аясында және оқушылардың кітап оқуға деген ынта-жігерін оятып, оқу мәдениетін жандандыру мақсатында 2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай кітап апталығы өткізілді. Апталық «Ертегілер еліне саяхат» ойын сағатымен ашылды.
Мульти-пульти қызықтар
Апталықтың үшінші күні №1 мектептің 1 сынып оушыларына «Мульти-Пульти қызықтар» мультфильм көрсетілуімен жалғасын тапты.
Кітапты оқы, зердеңе тоқы
Апталықтың екінші күні мерейгер ақындардың кітаптарын насихаттау мақсатында «Кітапты оқы, зердеңе тоқы» мәнерлеп оқуымен жалғасты.