Үміт бағдарламасы
«Үміт» бағдарламасы кітапхана жоба аясында Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
Қарағанды облысы «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінің қызметкерлері «Үміт» бағдарламасы кітапхана жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беріп, жаңа оқулықтармен таныстырды.
Үміт бағдарламасы бойынша жұмыстар
Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен-күнге көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірбие қажет.