Өлкетану

Қоржынтүбек-құт мекенім

2023 жылдың 12 мамыр күні «Оқитын ұлт жобасы» бойынша, «Әдеби өлкетану» жобасы аясында кітапхананың «Білім» орталығында жергілікті жас ақынымыз Бақберген Арысланбаевпен ««Қоржынтүбек-құт мекенім» тақырыбында кездесу кеші өткізілді

Менің туған өлкем

"Туған жерге тағзым" бағдарламасы аясында "Менің туған өлкем" бейнеролик. Мақсаты: өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

«Туған жерім-гүл елім» өлеңінен үзінді.

 «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында жергілікті ақын Хизирова Маржанкул Хожабеккызының «Туған жерім-гүл елім» өлеңінен үзінді. 

Туған өлке-тұнған тарих

28 шілде күні «Оқитын ұлт жобасы» бойынша, «Әдеби өлкетану» бағдарламасы аясында кітапхананың оқу бөлімінде «Туған өлке-тұнған тарих» атты танымдық сағаты өткізіліп, өлке тарихы жас ұрпаққа насихатталды. 

"Туған жерге тағзым" бағдарламасы аясында "Туған жерім-тұғырым" бейнеролик.

"Туған жерге тағзым" бағдарламасы аясында "Туған жерім-тұғырым" бейнеролик.

Өміріме өрнек салдым өлеңмен

28 сәуір күні «Оқитын ұлт жобасы» бойынша, «Әдеби өлкетану» бағдарламасы аясында ұлағатты ұстаз, тіл жанашыры, жергілікті ақын Хизирова Маржанкул Хожабеккызымен «Өміріме өрнек салдым өлеңмен» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Аталған кешке №1 мектеп оқушылары қатысты. Кездесу кештің мақсаты: ақын шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Сүйікті қалам-Приозерск

2022 жылдың 16 наурыз күні «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында қаламыздағы «Балбөбек» бөбекжайының бүлдіршіндері келіп «Сүйікті қалам-Приозерск» өлкетану көрмесімен танысты.

Туған жерім-тұғырым

Туған жер – әр адамның түпқазығы. Рухының бесігі. Ауыл – тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы.

 

«Туған жерім»

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының ежелден келе жатқан салты. Ол - ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Осы орайда «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында «Туған жерім» презентациясы ұсынамыз. Мақсаты: Ұлттық рухымызды көтеру үшін, әлбетте төл тарихымызды, тәрбиенің түп қазығы –құндылықтарымызды дәріптеу.