Өлкетану

Өміріме өрнек салдым өлеңмен

28 сәуір күні «Оқитын ұлт жобасы» бойынша, «Әдеби өлкетану» бағдарламасы аясында ұлағатты ұстаз, тіл жанашыры, жергілікті ақын Хизирова Маржанкул Хожабеккызымен «Өміріме өрнек салдым өлеңмен» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Аталған кешке №1 мектеп оқушылары қатысты. Кездесу кештің мақсаты: ақын шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Сүйікті қалам-Приозерск

2022 жылдың 16 наурыз күні «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында қаламыздағы «Балбөбек» бөбекжайының бүлдіршіндері келіп «Сүйікті қалам-Приозерск» өлкетану көрмесімен танысты.

Туған жерім-тұғырым

Туған жер – әр адамның түпқазығы. Рухының бесігі. Ауыл – тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы.

 

«Туған жерім»

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының ежелден келе жатқан салты. Ол - ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Осы орайда «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында «Туған жерім» презентациясы ұсынамыз. Мақсаты: Ұлттық рухымызды көтеру үшін, әлбетте төл тарихымызды, тәрбиенің түп қазығы –құндылықтарымызды дәріптеу.

Сүйікті қалам-Приозерск

«Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында «Сүйікті қалам-Приозерск» өлкетану көрмесі. Мақсаты: әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, мәдени мұраларға қамқорлық жасау.

Туған жерім-тұғырым

«Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында ақын, жазушы, ҚР журналистер одағының мүшесі Нұрғали Қыдырмұратұлы Қарабеков «Туған жерім-тұғырым» кітабынан үзінді оқыды.

Ер есімі ел есінде

Қалың оқырманға жол тартқан «Ер есімі ел есінде» кітап-альбомы 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады. Кітаптың жарыққа шығу мақсаты Ұлы Отан соғысына қатысқан және тылда еңбек еткен жерлестеріміздің өмірі мен ерлікістерінен мәлімет беру, олардың есімін болашақ ұрпақтың жадында сақтау болып табылады.

Көңіл күнделігі

«Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында жергілікті ақынымыз Нұрғали Қарабектегінің «Көңіл күнделігі» кітабынан үзінді оқу.

Туған жерге тағзым

«Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында  жергілікті ақынымыз Хизирова Маржанкулдің «Сейілтші жүрек, мұңымды» кітабынан туған жеріне арнаған «Туған жеріме»  өлеңін оқу.

«Туған жер-бақыт ордасы» сурет көрмесі

«Туған жер-бақыт ордасы»  сурет көрмесі