Жаңа кітаптар
А. Дж. Финн. Женщина в окне
Анна Фокс детский психолог, год назад пережившая страшную трагедию. Теперь она стала заложницей в своем собственном доме. Анна страдает агорафобией и уже много месяцев не выходит на улицу. Родные оставила ее, хотя Анна регулярно разговаривает с ними по телефону. Свои дни она коротает за бокалом вина, просмотром старых фильмов, общением в интернет-форумах… и слежкой за соседями. Однажды в доме, расположенном через сквер, появляются новые жильцы: отец, мать, сын-подросток. Благополучная, просто идеальная семья. Но как-то раз Анна, наставив в окно объектив камеры, видит шокирующее преступление. Или ей все показалось? Никто не воспринимает ее всерьез, полиция не верит ее словам - под грузом открывающихся тайн и секретов мир Анны начинает рушиться... Где правда, а где вымысел? Ей самой предстоит докопаться до истины.
О`Фаррелл, Мэгги. Там, где тебя ждут.
Знакомьтесь, Дэниел Салливан - уроженец Нью-Йорка, нашедший приют в дебрях Ирландии и запутавшийся в лабиринте собственной жизни. Он вынужден на время покинуть любимую жену Клодетт и отлучиться из дома, но не знает, что делать, как поступить. Навестить взрослых детей от первого брака, которых не видел долгие годы? Пересечь океан ради юбилея отца, которого он ненавидит? А может быть, решиться на отчаянный шаг и постараться найти ответ на вопрос, который мучает и терзает душу вот уже двадцать лет?
Решив сделать все сразу, Дэниел отправляется в рискованное путешествие, чтобы попытаться разобраться в собственном прошлом. Но сможет ли он вернуться обратно?
Қазақ батырлары Серікқазы Қорабай
Бұл жинақта туған жерімізді, бостандығымызды, азаттығымызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған белгілі батырларымыздың ерен ерліктері баяндалады. Кітаптың ұлт рухын көтерудегі, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудағы маңызы ерекше.
Отарбаев Р. Шер.
Республика Оқырмандарына кеңінен танымал қаламгер Рақымжан Отарбаевтың «Шер» кітабы «Тарих беттері» , «Қырғыз беттері», «Көңіл кептері» және «Пьесалар» деген төрт тараудан тұрады.
«Тарих беттері» тарауында Меккеде Құнанбай салдырған үй, Жәңнір хан, Мұхамбет – Салық Бабажановтың тағдырларын толғана сөз етсе, «Қырғыз дәптерінде» Мұхтар Әуезов жайлы тың деректерін, «Көңіл кептерінде» Д. Қонаевтың асыл қасиеттерін паш етеді.
Ал «Пьесаларына» «Бейбарыс сұлтан», «Абай сот», «Жәңгір хан» т.б. топтастырылған.
Жазушының тілі орамды, ойы терең, кітап әдебиет, өнер сүйер қауымға арналған.
Отарбаев Р. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 1 – том.
Қазақтың талантты жазушысы Рахымжан Отарбаевтың бұл жинағына кезінде оқырманның ықыласына бөленген бір топ хикаяты мен әңгімелері еніп отыр.
Шығармалардың тілдік бояуы қанық, көркемдігі жоғары.
Нұрмағанбетов Т. Періштелердің өлімі
«Періштелердің өлімі» романы көрнекті жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың жаңа туындысы. Қаламгер бұл шығармасында бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың көркем бейнесін сомдайды. Ауыл өмірін жақсы білетін сөз зергерінің жаңа романы бірін бірі толықтырып, дамытып отыратын оқиғалар желісі арқылы да оқырманын бірден баурап алады.
Шығарма әлеуметтік терең астарымен де, кейіпкерлерінің жан-дүниесін аса шеберлікпен аша білуімен де ерекшеленеді.
Жазушының бұл толымды еңбегі қазақ әдебиетінің шоқтығын биіктететін бітімі бөлек роман.
Тыныбеков Б. М. Дәрілік өсімдіктер. Оқу құралы.
Дәрілік өсімдіктер практикумы: университеттердің және педагогикалық институттардың «Биология» мамандығы бойынша бакалавриаттарына арналған оқу құралы. Оқу құралы 2008 жылғы «Дәрілік өсімдіктер» пәнінің типтік бағдарламасына және ҚР «Биология» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жазылған.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті
М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты кітабы 1958, 1964, 1974 жылдары жарық көрген еді. Жазушының содан беріде өз құндылығын жоймаған осы еңбегін ой елегінен өткізіп, ел игілігіне жаратсақ деген ниетпен тағы да оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Жалпы, кітаптың бұрынғы қалпын сақтап, барынша, бүгінгі өскелең ұрпақтың талап-талғамына сай әзірлеуге тырыстық.
Кітап ертедегі қазақ ауыз әдебиеті жайында ой қозғайды.
Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, лицейлердің оқушыларына, жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге, студенттерге, жалпы көпшілік оқырманға арналады.
Нұрмағамбет Т. 3 томдық Таңдамалы шығармалары. 3 – том.
«Айқай» повесі жазушы шығармашылығындағы елеулі белес дерлік дүние. Әңгіме повестің түрік халқының өмірінен жазылғандығында ғана емес, адамзаттық деңгейде ой түйілердей ауыр тағдырдың тілге тиек болуында. Және оның көркемдік деңгейде жазылуында.
«Бойтұмар», «Тұнық су», «Шал, мая және жел» повестері әр кездегі ауыл өмірін, ауыл адамдарының мінез – болмысы мен тағдырларын бейнелеген дүниелер.
Нұрмағамбетов Т. 3 томдық таңдамалы шығармалары. 2 – том.
Жазушы Т. Нұрмағамбетовтың «Мешкей» романы бүгінгі күн тақырыбына арналған. Оқыс байыған қарапайым жанның ашығуын, тоюын, семіруін қоғамымызда болып отырған ашкөзділік, жемқорлық, тойымсыздықпен байланыстыра суреттейді.
Автордың тілі көркем, юморға бай.