Жаңа кітаптар

Мұқанов С. Өмір мектебі. Бірінші кітап. Азапты жолда.

Жазушының көп томдық шығармалар жинағының бірінші томында атақты "Өмір мектебі" роман-трилогиясының бірінші кітабы енді. "Азапты жолда" деп аталатын бұл бөлімінде қазан төңкерісіне дейінгі кезең қамтылған

Қосбасаров Базархан

Қобыз өнері

Автор өзінің көп жылғы ұстаздық және қобызшы ретінде жинақтаған тәжірибесін осы кітап арқылы беріп отыр. Қобыз үйрену қыр-сыры, оған берілетін әдістемелік кеңестер, оң қол мен сол қол саусақтарының аспапқа қалыптасуы, саз сарынына лайықты үннің шығуы, қобыздың ұлттық нақышы мен жалпы табиғаты жайында лайықты дәріс беріледі, сондай-ақ кітаптан қобыз өнерінің ірі өкілдері туралы мол деректер табасыз.

Оқу құралында халық күйлері, халық компазиторларының шығармалары мен Қазақстан композиторларының қобыз күйлері дәстүрінде жазылған бірқатар еңбектері еніп отыр. Кітап музыка оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнер сүйер қауымға арналған.

Төлепбайұлы Тынымбай

Ғасыр үні

Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі Тынымбай Төлепбайұлы мен жас жазушы Гүлдәрия Әшірбаеваның бірлесіп жазған бұл романында, кеңестік идеология мен коммунистік жүйеде өмір сүрген адам тағдыры жөнінде айтылып, алыс ауылдардағы шаруасы шатқаяқтаған шаруашылықтардың тәуелсіздікке дейінгі хал-ахуалы бүкпесіз суреттеледі.

Әбікенұлы Серік

Жолбарыс жымы

Бұл кітапта жазушы Серік Әбікенұлының өткен ғасырдың 1916-1932 жылдар аралығында коммунистік жүйеге қарсы күрескені үшін «банды» атанған қазақ батырлары жайлы хикаялары, кейіпкерлері шынайы өмірден алынған, арамызда жүрген адамдар жайлы әңгімелері, ой-толғамдары, ел аузынан жинаған аңыздар мен сатиралық шығармалары топтастырылған. «жолбарыс жымы» - өткеннің шері, бүгінгінің мұңымен болмысын қозғайтын еңбек.

Кешин Константин

Избранное

Юбилейное «Избранное» Константин Кешина составили автобиографическая повесть о детстве «Керосиновая лампа», раздел «Время Пушкина» (комментарий к «Маленьким трагедиям» и «Пиковой даме», биографические заметки о Владимире Дале и Николае Языкове – друзьях великого поэта), «Приглашение в мастер-класс» (очерки о музыке и музыкантах), путевые записки «Дальние страны» (Англия, Германия, Голандия, Китай, Турция, Франция).                                                

Завершает «Избранное» роман «Корабль королей» - пройзведение со сложным, увлекательным сюжетом. Время действия – предвоенные и послевоенные годы ХХ-го столетия. Место действия – Москва, Яблоневый град, Амстердам.

Сәттібайұлы Көсемәлі

Сумен жазылған өлең

Жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының бұл жинағына бір топ әңгімелері мен хикаяттары еніп отыр. Қаламгердің туындылыры тақырыптарының алуан түрлілігімен, көркемдік ерекшеліктерімен, сананы сілкінтер соны ойларымен дараланады. Автордың баяндау мәнері, сөз қолдануы, теңеулері оның өзіндік қолтаңбасын айқын аңғартады. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналады.

Әбдіраштың Жарасқаны

Қалдырған ізің мәңгілік

Бұл жинаққа қазақтың көрнекті ақыны, өлең сөздің хас шебері Жарасқан Әбдіраш жайлы белгілі әдебиет зерттеушілері мен сыншыларының, қаламдас аға –інілерінің, дос-жарандарының, аяулы жары мен перзенттерінің жүрекжарды лебіздері мен ыстық сағынышқа толы естеліктері еніп отыр. Ақындық және азаматтық болмысы біте қайнасқан сан қырлы талант иесі, қайталанбас дара дарын Жарасқан Әбдіраштың шығармалары ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы болып қала береді.

Жантасов Амангелді

Жартасты жастанған жасақ

Бұл кітапта КСРО Бас штабы Бас барлау басқармасының 177-ші арнайы мақсаттағы жеке жасағының құрылуы мен күнделікті өмірі туралы жазылған. 1980 жылдың қаңтарында Алматы облысы, Қапшағай қаласында құрылған, аты аңызға айналған Қара майор- Керімбаев Борис Төкенұлы басқарған атақты «мұсылман батальоны» 1981 жылдың қазан айынан 1989 жылдың ақпанына дейін Совет әскерлерінің Ауғаныстандағы шектелген контингенті құрамында болды. Өз іс-әрекеттерімен жасақ өшпес жауынгерлік даңқа бөленіп, арнайы мақсаттағы әскерлер арасында ең  белгілі бөлімдердің біріне арналды.

Төлепбайұлы Тынымбай

Шырғалаң

Жазушы Тынымбай  Төлепбайұлының «Шырғалаң» атты романы кешегі кеңестік кезеңді суреттейді. Шығармада жас маманның алғашқы еңбек баспалдақтары, басынан кешкен қызықты оқиғалары, сезім толғаныстары шебер суреттеледі, социализм дәуірінің күйреу себептері талданып сараланады. Роман кейіпкерлерінің сүйініш-күйініші, тағдыр-талайы әдемі баяндалып оқырманды ойландырады.

Сматаев С. Ботасымын боздаған боздаламның

Ұлттық әдебиетіміздің кешеуілдеп қалған төрттаған (рубаи) жанрының өркендеуіне үлес қосқан қазақ әдебиетінің классигі, алаштың халық жазушысы Софы Қалыбекұлының бұл кітабы оқырмандарының жүрегіне жол табары хақ.