Жаңа кітаптар
Сәттібайұлы Көсемәлі
Сумен жазылған өлең
Жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының бұл жинағына бір топ әңгімелері мен хикаяттары еніп отыр. Қаламгердің туындылыры тақырыптарының алуан түрлілігімен, көркемдік ерекшеліктерімен, сананы сілкінтер соны ойларымен дараланады. Автордың баяндау мәнері, сөз қолдануы, теңеулері оның өзіндік қолтаңбасын айқын аңғартады. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналады.
Әбдіраштың Жарасқаны
Қалдырған ізің мәңгілік
Бұл жинаққа қазақтың көрнекті ақыны, өлең сөздің хас шебері Жарасқан Әбдіраш жайлы белгілі әдебиет зерттеушілері мен сыншыларының, қаламдас аға –інілерінің, дос-жарандарының, аяулы жары мен перзенттерінің жүрекжарды лебіздері мен ыстық сағынышқа толы естеліктері еніп отыр. Ақындық және азаматтық болмысы біте қайнасқан сан қырлы талант иесі, қайталанбас дара дарын Жарасқан Әбдіраштың шығармалары ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы болып қала береді.
Жантасов Амангелді
Жартасты жастанған жасақ
Бұл кітапта КСРО Бас штабы Бас барлау басқармасының 177-ші арнайы мақсаттағы жеке жасағының құрылуы мен күнделікті өмірі туралы жазылған. 1980 жылдың қаңтарында Алматы облысы, Қапшағай қаласында құрылған, аты аңызға айналған Қара майор- Керімбаев Борис Төкенұлы басқарған атақты «мұсылман батальоны» 1981 жылдың қазан айынан 1989 жылдың ақпанына дейін Совет әскерлерінің Ауғаныстандағы шектелген контингенті құрамында болды. Өз іс-әрекеттерімен жасақ өшпес жауынгерлік даңқа бөленіп, арнайы мақсаттағы әскерлер арасында ең белгілі бөлімдердің біріне арналды.
Төлепбайұлы Тынымбай
Шырғалаң
Жазушы Тынымбай Төлепбайұлының «Шырғалаң» атты романы кешегі кеңестік кезеңді суреттейді. Шығармада жас маманның алғашқы еңбек баспалдақтары, басынан кешкен қызықты оқиғалары, сезім толғаныстары шебер суреттеледі, социализм дәуірінің күйреу себептері талданып сараланады. Роман кейіпкерлерінің сүйініш-күйініші, тағдыр-талайы әдемі баяндалып оқырманды ойландырады.
Сматаев С. Ботасымын боздаған боздаламның
Ұлттық әдебиетіміздің кешеуілдеп қалған төрттаған (рубаи) жанрының өркендеуіне үлес қосқан қазақ әдебиетінің классигі, алаштың халық жазушысы Софы Қалыбекұлының бұл кітабы оқырмандарының жүрегіне жол табары хақ.
Сматаев С. Мұңлы ойлар
Қазақ әдебиетінің классигі, Алаштың халық жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл кітабы қалың оқырман қауымға арналған.
Ұлтының мүддесін ойлап, халқының қамын жеп: «Арыңнан адассаң – барыңнан адасасың» деген философиялық үзік-үзік ойларын қараңғы түн қойнынан суырып алып, «Оян да ойлан, Алашым!» деумен тесік құлақ, ашық кеуде іздейді.
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған,ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.
Назарбаев Н. А. Эра независимости
Книга Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева «Эра независимости», написанная в жанре исторической публицистики, отражает авторский взгляд на новейшую историю страны и ее будущее. Главное внимание обращено на характеристику этапов строительства суверенного государства с момента его основания, показ внутренней логики и механизмов принятия решений в отчет на внутренние и внешние вызовы за 26 лет Независимости.
Сматаев С. Мейрамсопы – Қарқабат
Қазақтың классик жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл дастаны – Әз Жәнібек ханның уәзірі болған қасиетті Мейрамсопы бабамыз бен Қаракесектің ұранына айналған киелі Қарқабат (Күнай) анамызға арналған. Ұрпақтарына игілік пен ізгілік тілейтін қос киелі рухқа перзенттік тағзым – бұл еңбек.
Сматаев С. Мен – тірімін!
Алаштың классик жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл кітабы - «Жас Алаш» газетінде жарық көрген өрт, дерт, серт, мәрт, өксік дастандарының жинағы. Қазақ оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген бұл шығармалар енді қалың көпшіліктің игілігіне айналмақ.