Новые книги
Сматаев С. Мұңлы ойлар
Қазақ әдебиетінің классигі, Алаштың халық жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл кітабы қалың оқырман қауымға арналған.
Ұлтының мүддесін ойлап, халқының қамын жеп: «Арыңнан адассаң – барыңнан адасасың» деген философиялық үзік-үзік ойларын қараңғы түн қойнынан суырып алып, «Оян да ойлан, Алашым!» деумен тесік құлақ, ашық кеуде іздейді.
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған,ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.
Назарбаев Н. А. Эра независимости
Книга Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева «Эра независимости», написанная в жанре исторической публицистики, отражает авторский взгляд на новейшую историю страны и ее будущее. Главное внимание обращено на характеристику этапов строительства суверенного государства с момента его основания, показ внутренней логики и механизмов принятия решений в отчет на внутренние и внешние вызовы за 26 лет Независимости.
Сматаев С. Мейрамсопы – Қарқабат
Қазақтың классик жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл дастаны – Әз Жәнібек ханның уәзірі болған қасиетті Мейрамсопы бабамыз бен Қаракесектің ұранына айналған киелі Қарқабат (Күнай) анамызға арналған. Ұрпақтарына игілік пен ізгілік тілейтін қос киелі рухқа перзенттік тағзым – бұл еңбек.
Сматаев С. Мен – тірімін!
Алаштың классик жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл кітабы - «Жас Алаш» газетінде жарық көрген өрт, дерт, серт, мәрт, өксік дастандарының жинағы. Қазақ оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген бұл шығармалар енді қалың көпшіліктің игілігіне айналмақ.
Сматаев С. Ағаларым – жағаларым, інілерім – ірілерім
Қазақ әдебиетінің классигі, алаштың халық жазушысы Софы Қалыбекұлының Абылай ханға һәм замандастарына арналған дастандары бүкпесіз шыншылдығымен, көркем шеберлігімен оқырмандарының жүрегіне жол табары хақ.
Аккулы Султан Хан
Алихан Букейхан. Собиратель казахских зеель. 2
Новейшая история Казахстана, начинающаяся с декабря 1917 года, имела своего подлинного творца. Созидателем этих исторических событий, заложивших основу современного Казахтана, являлся Алихан Нурмухамедулы букейхан. Его имя, его многогранная научная, литературно-публицистическая, общественно-политическая деятельность а так же его богатейшее творческое наследие находились под запртом более 70 лет. Его самого пытались вычеркнуть из истории и памяти народа.Но он продолжал жить в его памяти как подлинный творец истории казахов начала ХХ века,как лидер национально-освободительбной борьбы, как основатель, глава Казахского государство, послужившее надежным фундаментом, основой современного Казахстана.
Мұртаза Шерхан
Таңдамалы.
Қазақ әдебиетіне Сәбит, Ғабит, Ғабиден бастаған алыптар шоғырыеың ізін ала келген үркердей топтың көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі көркемсөз шебері, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның бұл жинағына әңгімелері, хикаяттары, драмаллық туындылары, бірді-екілі романдары еніп отыр «Әдебиет –апрдың ісі» дегендей, бүкіл шығармашылық ғұмырында жазу өнеріне соншалықты жауапкершілікпен, ыждағаттылықпен қарап көркемдіктің биік шыңы бағындыра білген айтулы қаламгердің туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды десек, артық айтқандық емес. Көркем шығармашылықты жемісті қоғамдық қызметімен ұштастыра білген автордың азаматтық болмысы, парасат-пайымы еліміз тәуелсіздік алған кезеғде жарқырай көрінеді.
Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы
Кітапқа Ахмет Байтұрсынұлының әр жылдары түзетіліп, өңделіп, толықтырылып отырған «тіл - құрал» атты тіл танытқыш кітаптары, «Әдебиет танытқыш», қазақ тіліне қатысты жарық көрген мақалалары, мұрағаттан табылған құжаттар, пікірлес т.с.с. енгізіліп отыр. Еғбекте қазақ тіл білмінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның тілтанымдық мұрасы түпнұсқамен салыстырыла отырып, өзгерістері бары сараланып, жинақталып беріліп отыр. Кітап тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға филология факультетінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Махмұт Қашқари
Түрік сөздігі. 3-том
Бұл жинақ бүгінгі күні Елбасымыз көтеріп отырған халқымыздың Рухани жаңғыру үрдісіне айрықша ықпал ететін, ұлтымыздың рухани қазынасына қосылып отырған баға жетпес мұра. Түркі әлемінің ғұламасы, парасатты ғалымы Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігі» қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып, жарық көріп отыр. Сөздікті ана тілімізге аударған және алғы сөзін жазған – ақын, тәржімашы, ғалым Асқар Егеубай еді.