Новые книги

Казахстан-Россия Литературный альманах

Третий выпускежегодного литературно-художественного альманах «Казахстан-Россия» посвящен 25-летию заключения Договора о дружбе, сотрудничестве и взаимной помощи между Российской Федерацией и Ресрубликой Казахстан. Экономические, общественно-социальные территории, на их общем стремлении к миру и добрососедству.

Ушконыр

Данный фотоальбом-посвящен Родине Президента Республики Казахстан, Лидера нации Н.Назарбаева - детским годам Н.Назарбаева, поселку Ушконыр Карасайского района, природе Алматинской области.

Бердібек Бияров Алтай. Алтын бесік.

Бұл кітапқа ғалым Бердібек Бияровтың кең-байтақ қазақ өлкесінің қасиетті Алтай, Смей өңірлерінің аңыз бен жырға, тылсым сырларға толы киелі орындары мен қасиетті жерлері жайлы танымдық мақалалары еніп отыр. Алтай өңірінің түркі жұрты өркениетінің қалыптасуындағы орны айрықша. Оны сол аймақта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары да нақтылай түседі. Автор осы аймақтағы қасиетті де киелі орындар жайлы нақты тарихи мұрағаттық деректерге сүйене тың дүние жасаған.

Көшімова Бибатпа Үстірттегі көненің іздері

Қазақ жерінің батысында орналасқан ежелгі Маңғыстау өңірінің қойнауы тұнған тарих десе де болғандай. Бұл өлкеден есімдері халық жадында сақталған би-шешендер, қол бастаған батырлар, от ауызды орақ тілді ақын-жыраушыларшыққан. Еңбектен осынау киелі де шежірелі өңірдің көне тарихы, сол өлкеден шыққан Пір Бекет ата бастаған әулиелер жайлы, осы маңда орын тепкен көне скерткіштер туралы ғалым-зерттеуші Бибатпа Көшімованың құнды да қызғылықты ғылыми-зерттеу мақалалары орын алған.

Бақыт Тасполатов Басында Қазығұрттың кеме қалған

Ғалым-зерттеуші Бақыт Тасполатовтың бұл кітабына Оңтүстік Қазақстанның киелі де қасиетті орындары жайлы зерттеу мақалалары еніп отыр. Автор көне Қазығұрт баурайындағы ежелгі жер-су атаулары, халық сан ғасырлардан бері кие тұтып келе жатқан әулиелер, тарихи тұлғалар жайлы нақты мәліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды. Бұл еңбек өскелең жас ұрпақтың туған ел мен жерге деген перзенттік сүйіспеншілігін оятады деген сенімдеміз. 

Рысжан Ілиясова Шежірелі Ақтөбе

Бұл жинақтаАқтөбе өңіріндегі қасиетті мекендер, осы аймақтағы тарихқа қатысты айшықты әңгімелер, ел есіндегі арыстар жайындағы көптеген құнды дүниелер сөз болған. Сонымен бірге еңбектің өткенімізді танып-білудегі, туған жердің рухани қадір-қасиетін бағалай білудегі маңызды ерекше екендігін айта кеткен орынды.

Бақытжан Ахметбек Сыр ескерткіштері

Бұл кітапта Бақытжан Ахметбектің ежелгі Сыр өңірінің қасиетті киелі орындар, осы өлкеден шыққан топ бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраушылар, әулие-әнбилер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалары топтастырылған. Әсіресе, түркі әлеміндегі ірі тұлға болып табылатын Қорқыт Ата жайлы зерттеулері тың әрі қызықты. Бұл еңбек қалың оқырман қауым үшін осы өңірдің өткені, тарихы жайлы құнды дүние болып табылады.

Уық шаншылған Ұлытау

Бұл кітапқа қазақ елі мен жерінің біртұтас мемлекет болып қалыптасуында аса зор маңызға ие Орталық Қазақстан, оның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің ежелгі тарихы жөнінде, сол өлкеден орын тепкен Алаш хан, Жошы хан т.б. тарихи ескерткіштер, кесенелер, қасиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар жинағы еніп отыр. Ежелгі Орталық Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштер көп кездесетін өлке.

Құлманова Зиба Тастағы Тараз тарихы

Бұл кітапқа  екі мың жылдан астам тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құлманованың зерттеу мақалалары еніп отыр. Әсіресе түркі жұрты тарихында айрықша орны бар Қарахан, Айша бибі, бабаджа хатун т.б. көне ескерткіштер жайлы мәліметтер мен мағлұматтардың құндылығы өте жоғары.

Ералы Шоқай Сәбит Пәрменқұл Отырар алқабындағы қасиетті орындар

Бұл жинаққа Отырар алқабындағы қазақ тарихы үшін айырықша орны бар қасиетті орындар мен киелі жерлер, атақты тарихшылар мен ғұлама ғалымдар жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар еніп отыр. Қазақ елінің ортағасырлар кезеңіндегі мәдениетіне, шаруашылығына, рухани өміріне байланысты ежелгі қалалардың орнындағы қазба жұмыстары халқымыздың өткенін танып-білуге көп пайдасын тигізуде.