Новые книги

Кенен Азербаев Сочинения

В данный сборник сочинений выдающегося поэта,композитора, народного акына Кенена Азербаева вошли избранные стихи, песни и айтысы. Он является достойным продолжателем поэтических и песенных традиции Акана серэ, Биржан сала, Балуана Шолака, Суюнбая и Джамбула.

Кенен Әзірбаев Шығармалары 4

Көзі тірісінде-ақ аңызға айналған дара тұлға, қазақтың ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жырлап, жинақтап кеңінен насихаттаған ақын Кенен Әзірбаевтың шығармалар жинағының бұл томына өзінің қиын да қызықты өмірі, би-шешендер, сал-серілер жайлы аңыз әңгімелері еніп отыр. Құймақұлақ, зерек, зерделі жанның бұл туындылары өз халқымен бірге жасай бермек.  

Кенен Әзірбаев Шығармалары 3

Қазақ халқының дүлдүл ақыны, бұлбұл әншісі Кенен Әзірбаев шығармалары жинағының бұл томына өнерпаздың халық арасына кең тараған әндері мен күйлері еніп отыр. Қазақтың ән өнеріндегі кешегі Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақтың дәстүрлерін лайықты жалғастырушы, солардың ізін басушы болған Кенен Әзірбаев туындылары қазақ музыка мәдениетіне қосылған асыл қазына болып табылады.

Кенен Әзірбаев Шығармалары 2

Екі ғасыр тоғысында өмір сүрген, бұрын өткен ақын-жыраушылар мен әншілерден қалған алтын сынақтай  дарабоз өнерпаз, ақын сазгер Кенен Әзірбаевтың шығармалар жинағының бұл томына үзеңгілес, әріптес ақындармен әр кезеңдері айтыстары мен дастандары еніп отыр. Ақын бұрынғы айтыс өнеріндегі белгілі дәстүрлері одан әрі дамыта отырып, өзінің ақындық шеберлігін паш етеді.

Кенен Әзірбаев Шығармалары 1

Қазақ халқының айтулы ақыны, дүлдүл әншісі Кенен Әзірбаевтың шығармалар жинағының бұл томына өлеңдері, термелері, толғаулары еніп отыр. Жыр өнерінде Сүйінбайдың, Жамбылдың, ән өнерінде Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ дәстүрлерін жалғастырған ардақты өнерпаздың мәңгі өшпес туындылары ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылған баға жеткісіз асыл қазына болып табылады.

Шыңғыс Айтматов Тау құлаған

Бұл кітақа классик жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Тау құлаған» және «Кассандра таңбасы» атты осы уақытқа дейін қазақ тілінде жеке кітап болып басылмаған романдары мен «Шыңғысханның ақ бұлты» атты хикаяттары аудармалары енді.  

Гурский Анатолии Рассветная улыбка заката

Предлагаемая читательскому вниманию книга известного в Казахстане многожанрового автора, члена Интернационального Союза писателей Анатолия Гурского представляет собой разбитый на отдельные сюжеты романа о недалеком прошлом нашей истории.

Сүйінгенов Есенгелді Тербеген теңіз әлдиі

Есімі республикаға танымал қаламгер, ақын Есенгелді Сүйінов «Тербеткен теңіз әлдиі» атты жаңа кітабында халқымыздың мақтан тұтар аяулы азаматтары, ардақтылары жайында, солардың ұлтымызға, қоғам өміріне ықпалы тиген өнегелі, ғибратты ғұмырлары туралы толғана сыр шертеді.                             

Телжан Шонанұлы Бес томдық шығармалар жинағы

Бес томдық шығармалар жинағының бесінші томына ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат қорына алынған Телжан Шонановтың М.Жолдыбайұлымен бірге құрастырған «Әліппе» атты оқу құралы, латын қарпімен басылып шыққан «Бай баласы мен жарлы баласы», ХХ ғасырдың басындағы баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары, мұрағат құжаттары еніп отыр.