Новые книги
Жарасқан Әбдіраш
Құлпытас
Қазақ поэзиясындағы ірі тұлғалардың бірі, көрнекті ақын Әбдіраштың Жарасқанның бұл кітабына автордың өмірінің соңғы жылдарында жазған, бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері, Алаштың айтулы азаматтарына арнаған эпитафиялары, «Сор топырақ» трагедиялық поэмасы енгізілді. Сондай-ақ «Әзілің жарасса» деп аталатын эпиграммалары жаңа жазылған көптеген туындыларымен толықтырылады. Талантты ақынның жүрекжарды жырлары туған елдің тәуелсіздігі, өмір, махаббат жайлы толғаныс, тебіреніске толы. Алмас тілді ақынның әзілдері өткір, нысанаға дәл тиген жебедей. Қай шығармасынан болса да өмірге деген іңкәрлік, құштарлықтың жанға жайлы лебі есіп тұрады. Демек, Жарасқанның өлеңдері мәңгі өмірге сапар шегіп барады.
Аманхан Әлімұлы
Жариямайдай
Белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Аманхан Әлімұлының «Жариямайдай» атты жыры жинағына автордың негізінен кезінде еніп отыр. Еңбек табиғат пен адам, жалпы жаратылыс үндестігін паш ететін лирикалық өлеңдерден тұрады. Олардың тіл, образ, музыка «ақынның үндестік ұлы» екендігін көрсетеді. Бұл кітап ақынның шығармашылық қарымын, поэтикалық қуатын, шыңдалған шеберлігін, суреткер ретіндегі толысқанын танытады.
Герольда Бельгера
Избранное
Многогранная жизнь казахов и тернистый путь российских немцов – таковы магистральные темы прозаика и переводчика, эссеиста и публициста, лауреата ряда общественных, литературных и журналистских премий Герольда Бельгера.
Баянбай Қастек
Таңдамалы шығармалары
Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, балаларға арналған көптеген жыр бәйгелерінің жеңімпазы, өлең-жырлары бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарға енген ақын Қастек Баянбайдың таңдамалы шығармаларының 1-томына мектеп жасына дейінгі балдырғандардың, жас жеткіншектердің талғамына сай өлең жырлары, «Қалау», «Егіздер» атты дастандары, «Жыртық қап», «Ержүрек шөже», «Қар мен қозы» секілді өлеңмен жазылған ертегілер, «Жүз жаңылтпаш» атты топтамасы еніп отыр.Автордың бірнеше буын өкілдері оқып-жаттап өскен көп жанрлы шығармаларын жаңа заман жастары да қызыға оқиды деп сенеміз.
Хамит Ерғали
Қиын өткен қызығым-ай!
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалидың бұл кітабына әр жылдары жарық көрген өлеңдері, сонеттері, естеліктері топтастырылған.
Ермек Турсунов
Мелочи жизни
В книге «Мелочи жизни» - страницы биографи известного казахстанского кинорежиссера Ермека Турсунова, написанные им самим: от детских воспоминаний до кинематографической кухни. Это не только письменный слепок целой эпохи, где были свои великаны души и карлики тщеславия.Эта книга напоминает ту самую красную таблетку в руках Морфеуса из культового фильма братьев Вачовски «Матрица», которая помогает вырватся из ловушки многих стереотипов и ложных иллюзий. Эта книга лечит мозги от лени. Хотя, по словам самого Ермека, он лишь отвечает за то, что делает, но он не может отвеать за то, как вы это понимаете. Книга предназначена для широкого круга читателей. В книге использованы фотографии из личного фотоархива Е.Турсунова.
Мырзатай Жолдасбеков
Кісілік кітабы
Көрнекті мемлекет қайраткері, ел ағасы Мырзатай Жолдасбековтің бұл кітабына «Қазақ қайтсе қалады қазақ болып» деген мәңгілік сұраққа жауап іздеген автордың мемлекеттік мүдде, адамгершілік, кісілік турасында жазған мақалалары мен сөйлеген сөздері енгізіліп отыр. Ел тарихы мен ұлт тағдырын алтын арқау еткен бұл еңбек көңілі ояу, көзі қарақты қалың оқырманға арналған.
Болат Бодаубай
Таңғаламын өмірдің ғажабына
Бүгінгі таңдағы ел ағасы, халқымыздың бетке ұстар асыл азаматы, орда бұзар отыз жасында жемісті ғылыми-зерттеу еңбектерімен қазақ әдебиетінің тарихын бір мың екі жүз жылға тереңдетіп, ерлік жасаған, тотолитарлық жүйе күй»ремей тұрып-ақ Шәкәрім Құдайбердиев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сынды Алаш арыстарын, ардақты ақынжазушыларымызды халқымызбен қайта қауыштыруға айтарлықтай үлес қосқан. Екі кітаптан тұратын, сыр-сұхбатқа құрылған бұл романда ұлт мұраты жолында ғұмыр бойы жан аямай қызмет етіп келе жатқан Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың күреске, ғибратқа толы өмір жолы көркем тілмен кестеленеді.
Бейбіт Құсанбек
Өмір-өзен
Белгілі тележурналист Бейбіт Құсанбек «Өмір-өзен» атты жинағына оның кезінде көрнекті қоғам мен мемлекет,әдебиет, өнер қайраткерлерімен қазақ теледидарында жүргізген сұхбаттары енді. Онда көтерілген ел мен жер, тарих, тіл тағдыры жөніндегі мәселелер өзінің өзектілігімен, маңыздылығымен, салиқалы ойларымен қалың телекөрерменнің аса зор қызығушылығын танытып, қоғамда қызу пікірталастар туғызған болатын. Ендігі жерде көзі ашық, көкірегі ояу оқырман қауым сол хабарлардың кітап түріндегі нұсқасымен қауышқалы отыр.
Рафаэль Ниязбек шығармалары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шешен Республикасының ең жоғары Мемлекеттік «Къоман сий» (Честь нации) орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Ресейдің Сергей Есенин алтын медалінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің бұл жетінші томында дала өмірінің тіршілік-тынысы, сол далада туған тұлғалардың тағдыры, жаратылыс-болмысы, қуаныш пен қайғысы,шаттығы мен шамырқанған шақтары қамырдан қыл тартқандай шеберәрі әсерлі суреттелген. Оның қай өлеңінен де дәуір үні, заман құбылысы, алмағайып уақыттың тарам-тарамтағылымы айқын сезіліп, көзге жылы ұшырап, жан дүниеңді баурап, тнрбеп отырады. Кітап қалың оқырманға арналған.