Новые книги
Бек Тоғысбаев Шығармалары:Әкеден ұл туса:
Көрнекті жазушы Бек Тоғысбайұлының көптомдық шығармалар жинағының бірінші томына «Әкеден ұл туса» атты романы еніп отыр. Роман халқымыздың біртуар перзенттері М.Тынышпаев, Ораз Жандосовтардың жалын-отты жолдарынан там-тұмдап болса сыр шертеді.
Жиенбай Қуаныш Жер үстінде жұмбақ бар
«Жер үстінде жұмбақ бар», романында Байқоңыр космодромы мен Қорқыт баба кесенесі арасындағы «құдайдың назары түскен» қасиетті топырақтың бүгіні мен келешегі, оның аспан дүниесімен байланысты, болашақта әлемдік деңгейде тыңғылықты зерттеуді қажет ететін киелі мекен болатындығы нақты дәлелдермен жан-жақты суреттелген.
Есенғали Раушанов Амал деген айың
Бұл кітапқа автордың жаңа өлеңдері мен «Аспанға көшіп кеткен ел» микро-поэма және «Аида», «Гамлет» атты аудармалары енгізілген.
Нүсіпұлы Ербақыт Көп күткен көктем еді
Мәңгілік жырланып келе жатқан махаббат тақырыбы қытайлық қазақ жазушылары Ербақыт Нүсіпұлының әңгіме, повестерінде өзіндік бояуға ие.
Шәкен Оңалбай Құт мекен. Өлеңдер жинағы
Қытай елінде аз ұлттар мәдениетіне жасалынып отырған қамқорлық нәтижесінде айтулы шығармашылық биіктерге қол жеткізген қазақ ақын-жазушыларының қатары қалың.
Герольд Бельгер Плетение чепухи
В книгу вошли дневниковые записи казахстанского прозаика, эссеиста, публициста и переводчика Герольда Бельгера, которые он вел на протяжении всей жизни.
Жубанова Газиза Мой мир-музыка
Книга представляет читателю статьи, очерки, эссе, воспоминания Народной артистки СССР, композитора Г.А.Жубановой.
Құрбанғали Халиди «Тауарих-и хамса-и-шарқи»-Шығыстың бес тарихы
Қазақ тарихына қатысты аса құнды жәдігердің бірі-Құрбанғали Халидидің «Тауарих-и шарқи» - «Шығыстың бес тарихы» (1910) исі түрік қауымының зиялылары мен оқымыстылары орнықтыруға ұмтылған шағатай жазба мұраларының негізіндегі «ортақ тілде» жазылған және араб пен парсының ғылымы терминдері барынша еркін қолданылғандықтан да, бұрынғы басылымдары қысқартылып не баяндалып қана берілген.
Амантай Ахетов Благодатный разлив
Новый исторический роман автора открывает завесу истории исхода племени гунского происхождения Аргын с родовой реки Аргунь в начале Х века до его роли в создании Казахского ханства.
Дидар Амантай Борхестің кітабы
Қазақтың көрнекті жазушысы, проза шебері әрі кинодраматург Дидар Амантай ел назарына ұсынып отырған бұл кітабына өзектес, сабақтас, тақырыптас шығармаларын енгізіп отыр.