Новые книги
Сарай Әнес Шығармалары
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Сарай Әнес Төлендіұлы – «Еділ-Жайық» трилогиясы, «Теңіз сарыны» дилогиясы, «Тосқауыл» романдарының авторы. Жазушының он жеті томдық шығармаларының бірінші томына «Қараша өткен соң», «Тырналар жоғары ұшқан жыл», «Бозқырау» првестері мен «Мазасыз түн», «Домбыра», «Құмдар билейді», «Қобызшы», т.б. әңгімелері ніп отыр. Тілі шұрайлы, әдеби көркем туындылар көпшілік оқырманға арналған.
Сабырбаев Қайрат Дүлдүлдер дүбірі
Ақын Қайрат Зәкенұлының өлеңдері талғам мен таным негіздерін сипаттайтын тұшымды ойлардан тұрады. Оның өмірге көзқарасы, махаббат пен достықты бағалауы, тірлік түйіткілдерін тануы кітапқа енген шығармаларынан шынайы көрініс тапқан. Авторды өзгелерден даралап тұратын ерекшелік-дүлдүлдер дүбірін құлақ түбіне әкелер жылқы тақырыбының мейлінше сәтті сомдалуы.
Әшірбек Көпіш Мәңгілік майдан
Күні кеше ғана Уақыт қойнауына кеткен –ХХ ғасырда, бүкіл адамзаттың тағдырымен бірге, қазақ халқының өзегін жойқын тарихи- әлеуметтік сілкіністер тілгілеп өтті. Ен далада бейбіт, бейтарап өмір сүріп жатқан халық империялық күштердің отаршылдығын, әкімшілік-әміршілік кеңестік жүйе ұлттық ой-санамызды ұдайы күшпен тойтарып отырған небір әділетсіздіктер мен қанды оқиғаларды бастан кешірді.
Қазақ афоризмдері
Кітап-тарихи-философиялық зердеміздің көкжиегін кеңейте түсетін және ұлттық рухани болмысымызды тереңірек танып-білуге мүмкіндік беретін өзгеше энциклопедиялық жинақтар қатарына жатады. Философиялық хрестоматия ретінде пайдалануға болатын бұл туындының анасы әдебиет болса, атасы-ой.
Шанин Жұмат Арқалық батыр
Кітапқа қазақ театры мен музыка өнерінің жұлдыздары атанған атақты актерлер Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыровтың, әйгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков пен Қанабек Байсейітовтің сахналық ұстазы болған, республикамыздың алғашқы халық артісі, тұңғыш режисері, драматург, театр қайраткері, кқзі тірісінде қазақтың Станиславскийі атанған Жұмат Шанинннің шығармашылық ой-қиялынан туған комедиялары, драмалары мен трагедиялары, әр кезде жазған мақалалары, сонымен қатар ол жайында өз замандастары мен кейінгі ұрпақ өкілдерінің жазған мақалалары жинақталып, қалың оқушы қауымға қсынылып отыр.
Рәбиға Сыздық Көркем мәтінді лингвистикалық талдау
Оқу құралында көркем әдебиет класиктері шығармаларының тілі талданған. Талдау үлгілері талдаудың мақсат-міндеттеріне, түрлеріне, жете талданатын мәтіндердің ауыр, жеңілдіктеріне қарай жүргізіледі. Қысқаша түсініктеме бөлімінде тақырыпқа байланысты теориялық материалдар жүйеленеді. Жоғары оқу орындарының филология факультеттері студенттеріне, мұғалімдерге арналған.
Кәп Құмарұлы Егеухан Мұқамәдиқызы Қос шалқар
Бұл жанақта ерлі-зайыпты ақындардың Атамекен-Қазақстаннан жырақта жүріп жазған сағынышқа толы жүрек моншақтары мөлдіреген өлең тілінде өріледі. Ұрпақ тәрбиесіне арналған тәлімді жырлар, Ата тарихқа құрмет, қазақы салт-дәстүрге ізет танытар, адами қадір-қасиетке өзек болар тағылымды туындылар оқырманның сезім қылын шертері анық. Сырттағы қандастардың басынан кешкен талайлы тағдыры да жыр-дастандардың білтесі.Кітап ұлт тарихына, қазақы өмірге құрметпен қарайтын барша оқырманға арналады.
Әлмашев Жолтай Тоғыз тұңғиық
Биыл алпыс жасқа толып отырған танымал қаламгердің бұл кітабы екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде тоғыз хикаят топтастырылған, шығармалардың тақырыбы да айтар ойы да сан алуан. Ал екінші бөлімдегі әнгімелер мен әфсаналардың көтеріп тұрған жүгі өте салмақты, айтары айшықты. Жазушының туындыларынан өзіне тән жазу машығын аңғару еш қиын емес. Жинақ жалпы кітапсүйер қауымға арналып шығарылып отыр.
Абдыгалиулы Берик Войско Алаш. Казахские части в составе Белой армии (1918-1920)
Книга посвещена драматическому периоду гражданской войны (1918-1920 годы) в Казахстане. На основе документальных материалов государственных архивов, опубликованных материалов, мемуарной и научной литературы воссозданы основные эпизоды истории Алашского войска, в нпучный оборот введены нейзвестные и малоизвестные документы.
Қазақ халық әндері
Бұл жинаққа қазақ халқының сүйіп шырқайтын, жұртшылыққа кең тараған халық әндері кіріп отыр. Кітап ән сүйер барша қауымға арналған.