Новые книги
Махмұт Қашқари
Түрік сөздігі. 2-том
Бұл жинақ бүгінгі күні Елбасымыз көтеріп отырған халқымыздың Рухани жаңғыру үрдісіне айрықша ықпал ететін, ұлтымыздың рухани қазынасына қосылып отырған баға жетпес мұра. Түркі әлемінің ғұламасы, парасатты ғалымы Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігі» қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып, жарық көріп отыр. Сөздікті ана тілімізге аударған және алғы сөзін жазған – ақын, тәржімашы, ғалым Асқар Егеубай еді.
Махмұт Қашқари
Түрік сөздігі. 1-том
Бұл жинақ бүгінгі күні Елбасымыз көтеріп отырған халқымыздың Рухани жаңғыру үрдісіне айрықша ықпал ететін, ұлтымыздың рухани қазынасына қосылып отырған баға жетпес мұра. Түркі әлемінің ғұламасы, парасатты ғалымы Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігі» қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып, жарық көріп отыр. Сөздікті ана тілімізге аударған және алғы сөзін жазған – ақын, тәржімашы, ғалым Асқар Егеубай еді.
Ахмет Байтұрсынұлы
Энциклопедия
Энциклопедия аса көрнекті ұлт қайраткері, Алаш қозғалысының рухани көсемі, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлына арналған.Энциклопедияға ғалымның өмірбаян деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми және әдеби, публицистикалық мұралары жөніндегі мақалалар енгізілді. Сонымен бірге ол ол туралы жазылған еңбектер мен олардың авторлары туралы да мәліметтер берілді.
Тұңғыш рет жарық көріп отырған бұл тұлғалық энциклопедия тарихындағы аса көрнекті қайраткер-қаламгердің өмірін, қызметін, шығармашылығын білгісі келетін барша оқырман қауымға арналады.
Президент-2017. Большая политика.
Данное издание представляет собой сборник фотоматериалов, которые отражают ключевые события международной жизни с участием Президента Республики Казахстан, состоявшиеся в 2017 году. Фотоснимки иллюстрируют встречи Нурсултана Назарбаева с главами иностранных государств и правительств с зарубежными политическими и общественными деятелями, а так же с представителями международных организаций прошедшие как в Казахстане, так и за пределами международных организаций, прошедшие как в Казахстане, так и за пределами страны в рамках его зарубежных визитов.
Жалаири Өмірәлі
Ел басы біреу ел оған тіреу
Отандық мемлекет құрылысты нығайту және мемлекеттік басқару саласында ерен еңбек етіп жүрген көрнекті қоғам қайраткері, белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Шарапұлы Жалаиридің бұл кітабында оның негізгі еңбектері «Конституционно-правовые основы организации государственной власти в Республике Казахстан в соответствии с принципом ее разделения на ветви» монографиясы, басқа да мақалалары, белгілі қоғам қайраткерлерінің ғылым туралы пікірлері қамтылды.
Кітап ғалымдар мен студенттер, көпшілік оқырман қауымға арналған.
Ахметов А.
Досалы Сұлтан Бұлқайырұлы
Бүгінге дейін Досалы Сұлтан Е.Пугачева бастаған (1773-1775) шаруалар көтерілісі мен Көрінбейтін адам қозғалысына (1775-1776) жеке мүддесін көздеген қатысушы ретінде белгілі болып келеді. Алайда, Кеңестік дәуірдегі тап күресінің негізінде жасалған зерттеудің желісімен қалыптасқан бұл пікірдің қате екенін арнайы жаңа зерттеу жұмыстарының нәтижесінен көз жеткізуге болады. Бұл монографиялық зерттеу Досалы Сұлтанның ұлт-азаттық күрестердегі шынайы орны мен рөлін бұлтартпас айғақтар келтіріп дәлелдейді, оның алғашқы болып Ресей империясының қамытынан құтылуға қаймықпай қылышын сермеп көтерілісті ұйымдастырған әккі қолбасшы, мықты саясаткер екендігін көрсетеді.
Аққұлы Сұлтан Хан
Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің жоқшысы
Бұл томда Алаш көшбасшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан өмірі мен қызметінің 1917-1922 жылдарды қамтитын «Алаш Орда» және 1922-1937 жылдары қамтитын «Мәскеу қапасы» деп шартты түрде аталған екі кезеңі сипатталады. «Алаш Орда» кезеңінде бұрынғы Қазақ хандығы қирандысынан кейін ұлттық мемлекет іргетасы қайта көтерілсе, мемлекетшілдіктің іргесін нығайтуда, сын тезіне салуда «мәскеу қапасы» кезеңінің баға жетпес зор тарихи маңызы болды.
Кітап ЮНЕСКО «шынайы әлемдік даңқты қайраткер» таныған Ә.Н.Бөкейханның туғанына 150 жыл толуы аясында шығып отыр.
Қалығ оқырман қауымға арналған.
Аккулы Султан Хан
Алихан Букейхан. Собиратель казахских земель.
Алихан Нурмухамедулы Букейхан (1866-1937) – знакомая фигура в истории современного Казахстана. Будучи самой упоминаемым и популярным деятелем из казахов в начале ХХ века, находясь в самой гуще поворотных событий началаХХ века, он остается самой малоисследованной и наиболее загадочной исторической фигурой. Он был подлинным творцом казахской истории начала ХХ века, которому удалось объединить свой народ, добиться его самоидентификации, создать единую нацию под именем Алаш и возродить из руин Казахского ханства современное казахское государство.
Книга предназначена для широкого круга читателей.
Иманасов Сәкен
Шығармалар жинағы
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Иманасовтың таңдамалы шығармалар жинағының төртінші томына оның жастық шақтағы кейбір сәттері мен қызметтік кезеңдегі замандастары жайлы жазылған естеліктері еніп отыр. Оқырманға бір ескерте кететін жағдай, ақынның бұл жинағы баспаға бесінші томнан кейін дайындалғандықтан, оның туғанына 75 жыл толуына арналып өткізілген республикалық жыр мүшәйрасының материалдары да қамтылды.
Кітап көпшілік қауымға арналған.
Өтен Ахмет
Шығармалары
Автор бұл жаңа романында өмір мен өнер мәселесін қозғайды. Темір жолдың қос табанындай ешқашан бір-бірінен ажырамай қатар жүретін ащылы-тұщылы өмір мен оның өнер атты айнасының қоғамдағы сан қилы шарпысулары мен табысулары бар ғұмырын қалам еңбегіне арнаған басты кейіпкер Төтемнің ой-толғамдары арқылы суреттеледі. Қоғамдағы кейбір адами қайшылықтардың ұлтымызға тән еместігіне, сырттан күштеп таңылған бұрынғы қиын тағдырымыздан қалған сарқыншақ екендігіне назар аудартып, оқырмандарды кемелді азаматтың тірліктегі басты миссиясы- бірлік пен татулық, өзара сыйластық және шынайы махаббат пен отбасының тұтастығы үшін күресе білуі деген ұлағатты ойға жетелейді.