Новые книги

Ижанов З. Жаралы жылдар

Зияда  Ижановтың "Жаралы жылдар" кітабына Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты құжаттарына негізделіп жазылған мақалалар, араб әрпінен аударылған естеліктер, құжаттардың көшірмелері берілген.

Бұл кітапқа XX ғасырдың басындағы 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, 1928 жылғы кәмпеске мен жазықсыз қуғынға ұшыраған жастар, 1921-1922, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы саяси құғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялылары,1941-1945 жылдардағы соғыс туралы қайғылы оқиғалар сипаииалған.

Кітап тарихшылыр, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.

Ижанов З. Ащы сабақтар.

Зияда Ижановтың «Ащы сабақтар» кітабы Қазақстан Республи-касы Орталық мемлекеттік мұрағаты мен Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарға сүйеніп жазылған еңбек.

Кітап екі бөлімнен тұрады:

I бөлімінде – Адай уезінде (округінде) 1926-1930 жылдары ұйымдастырылған «Қосшы» одағының тарихынан әңгіме қозғайды. «Қосшы» одағының жұмысын баяндау арқылы сол кездегі өмірді бар шындығымен ашып көрсетеді.

II бөлімде – Маңғыстау өңірінде өткен тарихи оқиғалар мен оның тарихи тұлғалары туралы жазылған мақалалар мен қолжазбалар берілген.

Кітап тарихшылар, өлкетанушылар, студенттер мен жалпы оқыр-ман қауымға арналған.

 

Ижанов З. Мангышлак

В сборнике представлены архивные документы из Центрального государственного архива Республики Казахстан по истории Мангышлака с 1847 по 1920 годы.

Книга рассчитана на ученых – историков, аспирантов, студентов, а также на широкий круг читателей, интересующихся историей Казахстана ии Мангистауского региона в частности.

 

Мұқанов С. Өмір мектебі. Екінші кітап. Азатты жолда.

Жазушының көп томдық шығармалар жинағының осы 2-томына "Өмір мектебі" роман-трилогиясының "Азатты жолда" аталатын екінші кітабы енді.

 

Мұқанов С. Өмір мектебі. Бірінші кітап. Азапты жолда.

Жазушының көп томдық шығармалар жинағының бірінші томында атақты "Өмір мектебі" роман-трилогиясының бірінші кітабы енді. "Азапты жолда" деп аталатын бұл бөлімінде қазан төңкерісіне дейінгі кезең қамтылған

Қосбасаров Базархан

Қобыз өнері

Автор өзінің көп жылғы ұстаздық және қобызшы ретінде жинақтаған тәжірибесін осы кітап арқылы беріп отыр. Қобыз үйрену қыр-сыры, оған берілетін әдістемелік кеңестер, оң қол мен сол қол саусақтарының аспапқа қалыптасуы, саз сарынына лайықты үннің шығуы, қобыздың ұлттық нақышы мен жалпы табиғаты жайында лайықты дәріс беріледі, сондай-ақ кітаптан қобыз өнерінің ірі өкілдері туралы мол деректер табасыз.

Оқу құралында халық күйлері, халық компазиторларының шығармалары мен Қазақстан композиторларының қобыз күйлері дәстүрінде жазылған бірқатар еңбектері еніп отыр. Кітап музыка оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнер сүйер қауымға арналған.

Төлепбайұлы Тынымбай

Ғасыр үні

Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі Тынымбай Төлепбайұлы мен жас жазушы Гүлдәрия Әшірбаеваның бірлесіп жазған бұл романында, кеңестік идеология мен коммунистік жүйеде өмір сүрген адам тағдыры жөнінде айтылып, алыс ауылдардағы шаруасы шатқаяқтаған шаруашылықтардың тәуелсіздікке дейінгі хал-ахуалы бүкпесіз суреттеледі.

Әбікенұлы Серік

Жолбарыс жымы

Бұл кітапта жазушы Серік Әбікенұлының өткен ғасырдың 1916-1932 жылдар аралығында коммунистік жүйеге қарсы күрескені үшін «банды» атанған қазақ батырлары жайлы хикаялары, кейіпкерлері шынайы өмірден алынған, арамызда жүрген адамдар жайлы әңгімелері, ой-толғамдары, ел аузынан жинаған аңыздар мен сатиралық шығармалары топтастырылған. «жолбарыс жымы» - өткеннің шері, бүгінгінің мұңымен болмысын қозғайтын еңбек.

Кешин Константин

Избранное

Юбилейное «Избранное» Константин Кешина составили автобиографическая повесть о детстве «Керосиновая лампа», раздел «Время Пушкина» (комментарий к «Маленьким трагедиям» и «Пиковой даме», биографические заметки о Владимире Дале и Николае Языкове – друзьях великого поэта), «Приглашение в мастер-класс» (очерки о музыке и музыкантах), путевые записки «Дальние страны» (Англия, Германия, Голандия, Китай, Турция, Франция).                                                

Завершает «Избранное» роман «Корабль королей» - пройзведение со сложным, увлекательным сюжетом. Время действия – предвоенные и послевоенные годы ХХ-го столетия. Место действия – Москва, Яблоневый град, Амстердам.