Новые книги

Ижанов З. Тәркілеу қасіреті

«Тәркілеу қасіреті» кітабы 1928 жылғы 27 тамыздағы байларды кәм-пескелеу (тәркілеу) және оларды жер аудару туралы Декреттің салған ауыр зардабына, құғындалған студенттер мен босқыншылыққа арналған.

Кәмпескеленгендердің тартқан азаптар мен ауыр халдері, жоғары пар-тия, кеңес орындары, халық комиссариаттары мен прокуратура, сот, саяси басқарма, ішкі істер орындарына жазған арыз-шағымдары, олардың мал-жан есебі, қанша отбасынын, қанша жанның тәркілеуге ұшырағанын Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған құ-жаттарда табылады. Құжаттарды араб әрпінен кириллицаға түсірген Зияда Ижанов.

Ижанов З. Асыл мұра

«Асыл мұра» кітабына Қазақстан Республикасы Президенті және Орталық мемлекеттік мұрағаттарынан алынған құжатттар, Зияда Ижановтың «Сана», «Шолпан», «Таң» және басқа газет пен журналдардан араб, латын әріптерінен аудармалары, Жұмат Шанин мен Қажым Басымовтың пьесалары (1923, 1925 жылдар) енген.

Кітап тарихшылар, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.

Ижанов З. Тобанияз

Зияда Ижановтың «Тобанияз» кітабы Адай Уезінің төңкеріс комитетінің бірінші төрағасы Тобанияз Әлниязовқа арналған. Кітапқа Әлниязовтың төңкеріс комитетінің төрағасы кезіндегі, 1922 ж. тұтқындалуы, тергеу құжаттары және 1923-1935 жылдардағы Маңғыстаға байланысты Қазақстан Республикасының Орталық және Президент мұрағаттарынан алынған құжаттар енген.

Кітап тарихшыларға, студенттерге, жалпы қауымға арналған.

Книга Зияды Ижанова «Тобанияз» посвящена Тобаниязу Альниязу, первому председателю ревкома Адаевского уезда. В книге представлены материалы из архива Президента и Центральногь архива Республики Казахстан в период работы Альниязова председателем ревкома, арест 1922 г., следствие, а также документы по истории Мангистау с 1923-1935 гг.

Книга расчитана на историков, студентов, на широкий круг читатателей.

Ижанов З. Асыл қазына

Зияда Ижановтың «Асыл қазына» кітабына Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты құжаттарының негізінде жазылған қолжабаларымен қатар әр жылдарда жарық көрген мақалалары, араб әрпінен аударылған мұрағат құжат-тары мен көшірмелері, сұхбаты берілген.

Бұл кітапқа енген Жәңгір хан, Ыбырай Алтынсарин, Абай, т.б. тарихи тұлғалардың өмірінен, Қазан төңкерісіне дейін және Кеңес үкіметінің алғашқы орнаған кезіндегі елімізде шығып тұрған бірқатар газет пен журналдардан, «Исатай батыр» дра-масы, әліпби жайында бағалы мағлұматтар береді.

«Асыл қазына» кітабы елдің рухани қажетін өтейді деген ойдамыз.

 

Ижанов З. Аламесек

«Аламесек» кітабына Сырдария облысының Перовск уезіне (Қызылорда облысы) және Аламесек болысына (ауданына) байланысты орыс тілінде мұрағат құжаттары (1853-1932 жылдар), «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Бірлік туы» және «Сыр бойы» газеттерінен мақалалар енген.

Кітап тарихшылар, аспиранттар, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған

В книге «Аламесек» представлены архивные документы по истории Перовского уезда Сыр-дарьинской области (Кзыл-ординская область) и Аламесекской волости (района) с 1853 по1932 годы, статьи из газет «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Бірлік туы» и «Сыр бойы».

Книга рассчитана на историков, аспирантов, студентов, а также на широкий круг читателей.

 

 

Ижанов З. Жаралы жылдар

Зияда  Ижановтың "Жаралы жылдар" кітабына Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты құжаттарына негізделіп жазылған мақалалар, араб әрпінен аударылған естеліктер, құжаттардың көшірмелері берілген.

Бұл кітапқа XX ғасырдың басындағы 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, 1928 жылғы кәмпеске мен жазықсыз қуғынға ұшыраған жастар, 1921-1922, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы саяси құғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялылары,1941-1945 жылдардағы соғыс туралы қайғылы оқиғалар сипаииалған.

Кітап тарихшылыр, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.

Ижанов З. Ащы сабақтар.

Зияда Ижановтың «Ащы сабақтар» кітабы Қазақстан Республи-касы Орталық мемлекеттік мұрағаты мен Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарға сүйеніп жазылған еңбек.

Кітап екі бөлімнен тұрады:

I бөлімінде – Адай уезінде (округінде) 1926-1930 жылдары ұйымдастырылған «Қосшы» одағының тарихынан әңгіме қозғайды. «Қосшы» одағының жұмысын баяндау арқылы сол кездегі өмірді бар шындығымен ашып көрсетеді.

II бөлімде – Маңғыстау өңірінде өткен тарихи оқиғалар мен оның тарихи тұлғалары туралы жазылған мақалалар мен қолжазбалар берілген.

Кітап тарихшылар, өлкетанушылар, студенттер мен жалпы оқыр-ман қауымға арналған.

 

Ижанов З. Мангышлак

В сборнике представлены архивные документы из Центрального государственного архива Республики Казахстан по истории Мангышлака с 1847 по 1920 годы.

Книга рассчитана на ученых – историков, аспирантов, студентов, а также на широкий круг читателей, интересующихся историей Казахстана ии Мангистауского региона в частности.

 

Мұқанов С. Өмір мектебі. Екінші кітап. Азатты жолда.

Жазушының көп томдық шығармалар жинағының осы 2-томына "Өмір мектебі" роман-трилогиясының "Азатты жолда" аталатын екінші кітабы енді.