Новые книги
Рысжан Ілиясова Шежірелі Ақтөбе
Бұл жинақтаАқтөбе өңіріндегі қасиетті мекендер, осы аймақтағы тарихқа қатысты айшықты әңгімелер, ел есіндегі арыстар жайындағы көптеген құнды дүниелер сөз болған. Сонымен бірге еңбектің өткенімізді танып-білудегі, туған жердің рухани қадір-қасиетін бағалай білудегі маңызды ерекше екендігін айта кеткен орынды.
Бақытжан Ахметбек Сыр ескерткіштері
Бұл кітапта Бақытжан Ахметбектің ежелгі Сыр өңірінің қасиетті киелі орындар, осы өлкеден шыққан топ бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраушылар, әулие-әнбилер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалары топтастырылған. Әсіресе, түркі әлеміндегі ірі тұлға болып табылатын Қорқыт Ата жайлы зерттеулері тың әрі қызықты. Бұл еңбек қалың оқырман қауым үшін осы өңірдің өткені, тарихы жайлы құнды дүние болып табылады.
Уық шаншылған Ұлытау
Бұл кітапқа қазақ елі мен жерінің біртұтас мемлекет болып қалыптасуында аса зор маңызға ие Орталық Қазақстан, оның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің ежелгі тарихы жөнінде, сол өлкеден орын тепкен Алаш хан, Жошы хан т.б. тарихи ескерткіштер, кесенелер, қасиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар жинағы еніп отыр. Ежелгі Орталық Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштер көп кездесетін өлке.
Құлманова Зиба Тастағы Тараз тарихы
Бұл кітапқа екі мың жылдан астам тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құлманованың зерттеу мақалалары еніп отыр. Әсіресе түркі жұрты тарихында айрықша орны бар Қарахан, Айша бибі, бабаджа хатун т.б. көне ескерткіштер жайлы мәліметтер мен мағлұматтардың құндылығы өте жоғары.
Ералы Шоқай Сәбит Пәрменқұл Отырар алқабындағы қасиетті орындар
Бұл жинаққа Отырар алқабындағы қазақ тарихы үшін айырықша орны бар қасиетті орындар мен киелі жерлер, атақты тарихшылар мен ғұлама ғалымдар жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар еніп отыр. Қазақ елінің ортағасырлар кезеңіндегі мәдениетіне, шаруашылығына, рухани өміріне байланысты ежелгі қалалардың орнындағы қазба жұмыстары халқымыздың өткенін танып-білуге көп пайдасын тигізуде.
Асқар Алтай Дегелеңдегі қызыл күн
Балалар әдебиетіне қалам тербеген жазушының бірі-Асқар Алтай. Жазушының бұл кітабына бұрын прозалық жинақтарында жарияланбаған «Сарытау серісі», «Аютамыр», «Бөкентұмсық» сияқты әңгімелері енген. «Дегелеңдегі қызыл күн» атты әңгімесінде автор Семейдегі атом бомбасы жарылысын аңдаусызда көзбен көріп, суқараңғы соқыр болып қалған Қажымұрат атты баланың аянышты тағдырын суреттейді. Жинақ балалар мен жасөспірім оқырмандарға арналған.
Жиенбаев Сағи Көп томдық шығармалар жинағы
Армян елінің інжу – маржаны болып табылатын «Давид Сасунский» халық эпосын көрнекті ақын Сағи Жиенбаев қазақ тіліне шебер аударған еді. Ақынның таңдамалы шығармалар жинағының IV-томына осы эпос еніп отыр.
Қасқабасов Сейіт Таңдамалы
Ғалымның таңдамалы шығармаларының төртінші кітабына фольклордың ториялық негіздері, типологиясы, жанрлық құрамы, сондай-ақ фольклорлық мұраның қазіргі мәдениетке әсері ғылыми тұрғыда зерделеніп, тұжырымдар жасалған. Ал екінші бөлімі фольклордың арналы бір саласы –эпикалық жанрлар мәселесіне арналған. Батырлық, ғашықтық, тарихи жырлар, балладалар мен дастандар туралы бұл зерттеулер фольклортану үшін аса маңызды тұжырымдамен бағалы.
Назарбаев Нұрсұлтан Көші-қон және қазақ әлемі
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына орай жарық көріп отырған бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы көші-қон саясатына, сондай-ақ халқымыздың мәдениеті мен тарихына, бүгіні мен болашағына қатысты сөйлеген сөздері, жасаған баяндамалары, жарық көрген мақалалары мен бұқаралық ақпарат құралдарына берген сыр-сұхбаттары топтастырылған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Қазақ энциклопедиясы
Үкімет қаулысымен еліміздің төл энциклопедиялық баспасы құрылып, үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасыр толды. Осы уақыт ішінде баспа ұжымы қазақ және орыс тілдерінде 12 томдық «Қазақ совет энциклопедиясы» мен 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын, сондай-ақ көптеген салалық, пәндік, аймақтық, тұлғалық энциклопедиялар мен басқа да танымдық-анықтамалық кітаптарды, сөздіктерді жарыққа шығарды.