Новые книги

Еркімбеков Серік Отаным

Композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Серік Еркімбеков құрастырған «Отаным» атты жинаққа белгілі қазақ комозиторлары жазған романстар мен әндер еніп отыр.                                          

Қосақов Зейнұр Ғасырлардан жеткен үн

Жинақта Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса және басқа да халықтың кәсіпқой әнші-композиторының таңдаулы әндері орын алады. Мұнда бұрынғы басылымдарға енбеген Салғара Жанкісіұлы, Қобылан Бәрібайұлы, Мақажан Шитенұлы, Сауытбек Ұсаұлы, Шөже Қаржаубайұлы, т.б әндерімен қатар – ән мәтіндері тұңғыш рет жазбалармен қоса келтіріп,- ән мәтіндеріне технологиялық жұмыстар жүргізілді. Жинақ алғы сөзбен, ғылыми түсініктермен қамтылған. 

Сағат Әшімов Шығармалар

Өмірден ерте кетсе де артында мол рухани мұра қалдырған белгілі әдебиет сыншысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың үш томдық шығармалар жинағының бұл бірінші томына туған әдебиетіміздің толғақты мәселелері, сол уақыттағы ақын-жазушыларымыздың жеткен жетістіктері мен кемшіліктері жайлы 1967 жылғы студент кезінен бастап 1980 жылдар аралығындағы жазған әдеби сын мақалалары мен толғамдары енгізілген.

Тұрсынжан Шапай Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы

Т.Шаайдың екі томдық шығармалар жинағының екінші томына қаламгердің «Қазақтың жаны» (2001), «Күлкі және көз жасы» (2015) кітаптарындажарық көрген әңгіме, әдеби, публицистік шағын эссе, жазбалары еніп отыр. 

Шерубай Құрманбайұлы Көркем аудармадағы жаңа аудармалар: жасалуы мен қолданысы

Бұл еңбекте әлем әдебиеті жауһарларын қазақ тіліне аудару кезінде жасалып, қалыптасқан және көркем аудармаға ғылыми тілі мен БАҚ тілінен енген жаңа атаулар мен қолданыстар арнайы жиналып, тілдік тұрғыдан зерттеліп отыр.

Артықбаев Ж. Қаз дауысты Қазыбек би

Бұл кітап қазақтың кемеңгер азаматы, дана тұлғасы, мәмілегері және ұлыс биі Қаз дауысты Қазыбектің өмір тарихына, қайраткерлік қызметіне арналған.  

Қаз дауысты Қазыбек би. Мақалалар жинағы

Бұл жинаққа қазақ халқының атақты биі, көрнекті мемлекет қайраткері, диломат, қазақ қоғамы өмірінің барлық саласын қамтитын «Жеті жарғы» құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі – Қаз дауысты Қазыбектің өмірі, қызметі туралы отандық, алыс-жақын шетелдік мұрағаттар қорынан алынған жазба деректерге, мағлұматтарға, хаттарға негіздлен ғылыми-зерттеу мақаалар еніп отыр.

Бағашар Тұрсынбайұлы Тіл мен жүрек. Әдеби мақалалар

Бұл жас сыншының алғашқы кітабы. Кітапқа әдеби мақалалар мен портреттер топтастырылған. Кітап екі бөлімнен тұрады. Кітап әдебиет сүйер қауымға арналған.

Қиықбай Қуат «Бейуақыт». Әңгімелер жинағы

Әдебиетке әр жазушы тың идеясы, соны соқағы, өзгеше өрнегімен келеді. Бұл кітапта бүгінгі әдебиетке кейінгі лек болып, жаңа леп болып қосылып жатқан Қуат Қиықбайдың әңгімелері, «Тәмсіл тамшылар» деп аталған мөлтек әңгімелер циклы мен аудармалар еніп отыр. 

Комозиторы Казахстана

Настоящая книга продалжает серию творчиских портретов композиторовКазахстана (первая книга была выпушена в2012 г.), созданную од руководством профессора Н.Кетегеновой.