Жаңа кітаптар
Рәбиға Сыздық Көркем мәтінді лингвистикалық талдау
Оқу құралында көркем әдебиет класиктері шығармаларының тілі талданған. Талдау үлгілері талдаудың мақсат-міндеттеріне, түрлеріне, жете талданатын мәтіндердің ауыр, жеңілдіктеріне қарай жүргізіледі. Қысқаша түсініктеме бөлімінде тақырыпқа байланысты теориялық материалдар жүйеленеді. Жоғары оқу орындарының филология факультеттері студенттеріне, мұғалімдерге арналған.
Кәп Құмарұлы Егеухан Мұқамәдиқызы Қос шалқар
Бұл жанақта ерлі-зайыпты ақындардың Атамекен-Қазақстаннан жырақта жүріп жазған сағынышқа толы жүрек моншақтары мөлдіреген өлең тілінде өріледі. Ұрпақ тәрбиесіне арналған тәлімді жырлар, Ата тарихқа құрмет, қазақы салт-дәстүрге ізет танытар, адами қадір-қасиетке өзек болар тағылымды туындылар оқырманның сезім қылын шертері анық. Сырттағы қандастардың басынан кешкен талайлы тағдыры да жыр-дастандардың білтесі.Кітап ұлт тарихына, қазақы өмірге құрметпен қарайтын барша оқырманға арналады.
Әлмашев Жолтай Тоғыз тұңғиық
Биыл алпыс жасқа толып отырған танымал қаламгердің бұл кітабы екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде тоғыз хикаят топтастырылған, шығармалардың тақырыбы да айтар ойы да сан алуан. Ал екінші бөлімдегі әнгімелер мен әфсаналардың көтеріп тұрған жүгі өте салмақты, айтары айшықты. Жазушының туындыларынан өзіне тән жазу машығын аңғару еш қиын емес. Жинақ жалпы кітапсүйер қауымға арналып шығарылып отыр.
Абдыгалиулы Берик Войско Алаш. Казахские части в составе Белой армии (1918-1920)
Книга посвещена драматическому периоду гражданской войны (1918-1920 годы) в Казахстане. На основе документальных материалов государственных архивов, опубликованных материалов, мемуарной и научной литературы воссозданы основные эпизоды истории Алашского войска, в нпучный оборот введены нейзвестные и малоизвестные документы.
Қазақ халық әндері
Бұл жинаққа қазақ халқының сүйіп шырқайтын, жұртшылыққа кең тараған халық әндері кіріп отыр. Кітап ән сүйер барша қауымға арналған.
Кенен Азербаев Сочинения
В данный сборник сочинений выдающегося поэта,композитора, народного акына Кенена Азербаева вошли избранные стихи, песни и айтысы. Он является достойным продолжателем поэтических и песенных традиции Акана серэ, Биржан сала, Балуана Шолака, Суюнбая и Джамбула.
Кенен Әзірбаев Шығармалары 4
Көзі тірісінде-ақ аңызға айналған дара тұлға, қазақтың ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жырлап, жинақтап кеңінен насихаттаған ақын Кенен Әзірбаевтың шығармалар жинағының бұл томына өзінің қиын да қызықты өмірі, би-шешендер, сал-серілер жайлы аңыз әңгімелері еніп отыр. Құймақұлақ, зерек, зерделі жанның бұл туындылары өз халқымен бірге жасай бермек.
Кенен Әзірбаев Шығармалары
Қазақ халқының дүлдүл ақыны, бұлбұл әншісі Кенен Әзірбаев шығармалары жинағының бұл томына өнерпаздың халық арасына кең тараған әндері мен күйлері еніп отыр. Қазақтың ән өнеріндегі кешегі Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақтың дәстүрлерін лайықты жалғастырушы, солардың ізін басушы болған Кенен Әзірбаев туындылары қазақ музыка мәдениетіне қосылған асыл қазына болып табылады.
Кенен Әзірбаев Шығармалары 1
Екі ғасыр тоғысында өмір сүрген, бұрын өткен ақын-жыраушылар мен әншілерден қалған алтын сынақтай дарабоз өнерпаз, ақын сазгер Кенен Әзірбаевтың шығармалар жинағының бұл томына үзеңгілес, әріптес ақындармен әр кезеңдері айтыстары мен дастандары еніп отыр. Ақын бұрынғы айтыс өнеріндегі белгілі дәстүрлері одан әрі дамыта отырып, өзінің ақындық шеберлігін паш етеді.
Кенен Әзірбаев Шығармалары 1
Қазақ халқының айтулы ақыны, дүлдүл әншісі Кенен Әзірбаевтың шығармалар жинағының бұл томына өлеңдері, термелері, толғаулары еніп отыр. Жыр өнерінде Сүйінбайдың, Жамбылдың, ән өнерінде Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ дәстүрлерін жалғастырған ардақты өнерпаздың мәңгі өшпес туындылары ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылған баға жеткісіз асыл қазына болып табылады.