Жаңа кітаптар
Нұрмағамбетов Т. Таңдамалы. Әңгімелер. 1 – том.
Т. Нұрмағамбетов проза жанрында, әсіресе, әңгімелер жазуда өнімді еңбек етіп келеді. Оның әңгімелері оқырмандар үдесінен шықты деуге болады. Әңгімелерінің көпшілігі ауыл өміріне арналған. Онда ауыл адамдарының мінез – болмысын, тіршілік – харекетін шынайы бейнелейді. Кейіпкерлердің ой – сезімін, әрекеттерін нанымды суреттеумен бірге бүгінгі өзекті проблемаларын да қозғаған.
Еркебаев Сайымжан. Үш томдық шығармалар жинағы. 3 – том. Повестер.
Сайымжан Еркебаевтың 2005 жылы туғанына 7 жыл толуына орай шығарылған 3 томдық шығармалар жинағының 3 – томына «Жарылған бүр», «Гүлге ұмтылған екеу», «Ауыл кештері» повестері, жиырмадан астам әңгімелері мен «Алдармен қауышу» сұхбаты, «Қолғап хикаясы» радиопьесасы және «Менің Қожанасырымның ойлары мен болжамдары» әзіл – сықақтары мен мысқылдарының топтамасы енгізілді. Сайымжанның бұл повестері мен әңгімелерінің, сықақтарының кейіпкерлері кезінде жұртшылықтың жүрегіне жол тапқан. Әрі ойлы, зілді, сиқырлы сырға толы жұмбақ әлем.
Еркебаев Сайымжан. Үш томдық шығармалар жинағы. 2- том. «Жел өті». Роман.
Сайымжан Еркебаевтың «Жалын» баспасынан 1988 жылы шыққан «Жел өті» романы 2005 жылы туғанына 70 жыл толуына орай оның 3 томдық шығармалар жинағының 2 – томына еніп отыр. Жазушының бұл романы кезінде кеңістік саяси идеологияның сүзгісіне ұшырап «күзелген». Сондықтан бұл басылымда романның сол «кесілген», «күзелген» тұстары алғашқы түпнұсқасымен толықтырылды.
Романның басты арқауы – мұнайшылардың, Маңғыстау өңірінің тыныс – тіршілігі. Онда мұнайшылардың өткендегі және бүгінгі өмірлерімен келешектегі көкейкесті мәселелері шебер тілмен қамтылған. Кейіпкерлердің тосын қайшылықтарға, қақтығыстарға ұшырауы күрделі шиеленістерге кездесуі, ескі мен жаңаның арасындағы тартыстар, айтыстар, дүрбелеңдер, шығарманың әлеуметтік мақсатын шеше түскен, өрнекті өрілген.
Еркебаев Сайымжан. Үш томдық шығармалар жинағы. 1- том. «Жолдар мен шақырымдар».
Биыл туғанына 70 жыл толып отырған жазушы Сайымжан Еркебаевтың «Жолдар мен шақырымдар» романы оның 3 томдық шығармалар жинағының 1 – томына енгізіліп отыр. Алғаш рет 1976 жылы «Жалын» баспасынан Алматы қаласында шыққан. Бұл көлемді шығармада тың игерудің ащы шындығы бүкпесіз, айқын суреттеледі. Романда тың игеру кезіндегі адамдардың басынан өткен сан – алуан қиындықтар, кейіпкерлер арасындағы қарама – қайшылықтар, психологиялық қақтығыстар көркем тілмен, әдемі өрілген.
Жанатайұлы К. Шығармалары: өлеңдер, айтыс – қағыстар, қисса – дастандар.
Кітапта Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілдерінің бірі, дарынды ақын, артына мол әдеби мұра қалдырған Көкбай Жанатайұлының шығармалары жарияланып отыр.
Аталмыш жинаққа Абайдың әрі шәкірті, әрі іні-досы Көкбай ақынның өлеңдері, айтыс-қағыстары, поэмалары, қиссалары еніп отыр. Ел ортасында медресе ашып, білім сәулесін түсірген оқымысты молда, қажының ұстазы Абай туралы естелігі жарияланған.
Кітап әдебиет сүйер қауымға, ғылыми қызметкерлер мен қалың оқырманға арналған.
Әбдікәкімов Т. Шығармалары. Ырауан.Т.
Қазақ поэзиясында өзіндік айрықша қолтаңбасы бар ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Алтай – Ертіс кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған екі томдықшығармалар жинағының бірінші томына өлеңдері, балладалары мен толғаулары топтастырылды.
Кітап көпшілік жырсүйер қауымға арналған.
Рсаев Т. Егіз бұлақ
Журналист Таңатқан Рсаевтың бұл жинағына бүгінгі тәуелсіз еліміздің негізіне бастау болған қос қайнар – халқымыздың бостандығы жолында қолдарына қару алып, туған жерін қорғаған ержүрек батыр бабаларымыз бен әділеттің алтын таразысын тең ұстаған асыл азаматтар тұлғасы, ел байлығын, Қазақстан деп аталатын ортақ отанымыздың көсегесін көгертіп, беделін көтеру барысында жанқиярлықпен тер төккен қарапайым еңбек адамдарының қажырлы қимылдары арқау болған.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналады.
Жұмаханов Тілеухан. Өткел.
Жазушы Тілеухан Жұмахановтың бұл жинағында тарихи тұлға Қасым ханның қазақ хандығының негізін қалау жөніндегі ішкі және сыртқы саясатын, ел басқару әдісін, ерлігін, ш айбани әулеті мен арадағы қақтығыстары мен шайқастары, хандықтың шекарасын кеңейтіп, Еуропаға дербес қауым болып танытуын, «Қасым ханның қасқа жолы» дейтін әйгілі заңның өмірге келу жолдарын дәлелдеген.
Сонымен бірге жинаққа енгізілген бес әңгіме де ауыл өмірі, адамдардың тағдыры, тыныс-тіршілігі, мінез-құлқы, қарым-қатынасы шытырман оқиғалармен шебер, сенімді суреттеген.
Нурпеисов А. И был день.
Над этим романом-дилогией крупнейший прозаик современности, лауреат Государственной премии СССР, автор знаменитой трилогии «Кровь и пот» Абдижамил Нурпеисов проработал без малого четверть века. Это глубоко реалистическое полотно, философское осмысление поистине неохватной трагедии народа – гибели Арала. В романе бушуют страсти многотрудной человеческой судьбы.
Нурпеисов А. И была ночь.
Над этим романом-дилогией крупнейший прозаик современности, лауреат Государственной премии СССР, автор знаменитой трилогии «Кровь и пот» Абдижамил Нурпеисов проработал без малого четверть века. Это глубоко реалистическое полотно, философское осмысление поистине неохватной трагедии народа – гибели Арала. В романе бушуют страсти многотрудной человеческой судьбы.