Алақай! Жаңа кітаптар келді

Құлбек Ергөбек. Адамның бір қызығы бала деген. Қазақ балалар әдебиеті мәселелері - Нұр-Сұлтан: Big Dream баспасы, 2021 ж.-428бет

Бір жанр жай-күйін тұтас бір кітапта тарата, талдай әңгімелеу көрнекті әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбектің қалыптасқан қаламгерлік дағдысы. 

Гүлдана Исаева. Балаларға базарлық. Өлеңдер. Алматы: ЖК «Арнур», 2022. - 152 бет.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жас ақын Гүлдана Исаеваның «Балаларға базарлық» атты кітабы балаларға арналған тандаулы өлендерден, жұмбақтардан тұрады. 

Болат Үсенбаев.Тәуелсіздік деген не? Өлеңдер мен ертегілер. / Болат Үсенбаев. - Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2022. - 240 бет.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, белгілі ақын Болат Үсенбаев - қазіргі балалар әдебиетінің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген қаламгерлердің бірі.