Ура! Поступление новых книг!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Ата - анаға көз қуаныш.
Бұл жинаққа ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп шәкірттерінің қабылдауына лайықты өлеңдері іріктеліп алынды. Оқу мен білім, өнер мен еңбек және туған жердің табиғаты туралы жауһар жырлардың жас ұрпаққа берер терең тәрбиелік өнегесі мол.
Еңбек балаларға, ата – аналар мен ұстаздарға, барша әдебиетсүйер қауымға арналған.
Қошым – Ноғай Б.С. Достық жоралғы.
Нәсіліне, ұлтына, туған жеріне, шыққан тегіне қарамастан ғажайып ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінде тұратын барлық баланың табиғаты қандай ұқсас десеңші! Тіпті тілі шыға қоймаған әртүрлі ұлттың баласын бір-бірімен жүздестіре қалсаңыз, олар өзара «тіл табысып» кетпей ме? Әдетте біз балаларға ересек адамдарды үлгі ретінде ұсынамыз. Періштедей пәк сезімді, жан дүниесі кіршіксіз таза сәбилердің өзі ересек адамдарға үлгі бола алады емес пе?! Әлемнің алуан тілді ақындарының балаларға арналған туындылары да осыны аңғартады.
Ақын Байбота Қошым-Ноғайдың аудармашылық өнерінің бір қырын танытатын бұл кітаптағы ғибратқа толы тәржімелік туындылар да - аударма өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар, ертегілер де алғашқы мүшелі тойлана қоймаған балдырғандарға, сонымен қатар ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарай алмайтын балабақша тәрбиешілеріне, ұстаздар қауымы мен ата-аналарға арналады.
Күдеринова Қ. Бірге ме, бөлек пе?
Қазақ тілі орфографиялық ережесі мен сөздігіне сәйкес бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесін сатылап меңгертуге арналған оқу әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр.
Төлепбергенұлы Н. Өлеңді әліппе: жануарлар.
Сатирик-жазушы Н. Төлепбергенұлының «Өлеңді əліппе: жануарлар» атты бүлдіршіндерге арналған суретті кітапшасы, орман-тоғайларда мекендейтін алуан түрлі жабайы аңдардың суреттері мен олардың қызықты тіршілігі жайлы өлең жолдарымен жазылған. Əзілкеш ақынның балаларға арналған кітапшаларында əрі күлдіргі, əрі бүлдіргі тақпақтары топтастырылған.
Н. Төлепбергенұлы. Өлеңді әліппе: қалалар.
Бүлдіршіндерге арнап қызықты тақырыптарда өлең-жыр жазып жүрген сатирик-жазушы Н. Төлепбергенұлының «Өлеңді әліппе: қалалар» кітапшасында еліміздің қалалары мен елді мекен атауларын әліпбимен таныстыра отырып, әдемі де қарапайым, түсінікті тілмен өлеңге арқау етеді.
Әр шаһардың ерекшелігін, табиғатын, көркін ашады. Кітапшаға берілген ғимараттар мен ескерткіштер, мәдени орындар, әртүрлі суреттер жасөспірімдердің таным-түсінігін арттырары сөзсіз.
Учимся вместе с героями – витаминами. Мисс морковка.
В наборе дружелюбный магнит! Содержит вкусные упражнения, аппетитные задания и свежие стикеры!
Н.А.Гурьева Баланы дамытуға арналған танымдық тапсырмалар
Бұл кітапшада баланың жадын, зейінін, логикалық ойлауын, қиялын, ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар, тапсырмалар мен жаттығулар берілген.
Балаларға, ата – аналарға, педагогтер мен логопедтерге арналған.
Мектепке дайындаламыз. Бірінші сыныпқа баратын балаларға арналған 100 дамыту тапсырмалары.
Кітап баланы қызықты тапсырмаларымен мектепке дайындауға көмектеседі. Баланың логикасы мен зейінін дамыта отырып, түрлі білім салаларына: биология, астрономия, математикаға деген қызығушылығын оятады.