Adaldyq alańy
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.
Академиялық Ұлттық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақбота Райымқұлова мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.
Бар байлықтың басты-нан
2021 жылдың 15 қазанында Халықаралық нан күніне орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында, балалар бөлімі «Бар байлықтың басы-нан» тақырыбында дайджест көрме ұйымдастырды. Аталған іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты нан тарихы, нанның пайдасы, оның құндылығы туралы білімді кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, нан туралы мақал-мәтелдер туралы білімдерін кеңейту.
Жан жарасы жазылмаған
2021 жылдың 11 қазанында көрнекті жазушы, драматург Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Жан жарасы жазылмаған» тақырыбында кітапхананың оқу бөлімінде тұрақты оқырмандар арасында әдеби кеш өткізілді. Аталған іс-шара мақсаты: жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолымен таныстыру.
Қазақ өнерінің жұлдызы
2021 жылдың 7 қазанында Қазақстанның халық әртісі , кино және театр актері, кинорежиссер Досқан Қалиұлы Жолжақсыновтың туғанына 70 жыл толуына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Қазақ өнерінің жұлдызы» бейнеролик.
Ұстазым-ұлағатым
2021 жылдың 6 қазанында Ұстаздар күніне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Ұстазым-ұлағатым» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ әдебиетінің аксұңқары
2021 жылдың 3 қазан күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алдан Зейноллаұлы Смайылдың туғанына 75 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» слайдшоу. Мақсаты: қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық жолдарымен таныстыру.
Қарттарым-асыл қазынам
2021 жылдың 1 қазанында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Еңбек-түбі береке
2021 жылдың 23 қыркүйегіне «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Еңбек-түбі береке» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Арман агысы
Жазушы, ақын Ғабдол Слановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Арман ағысы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Ана-біздің күніміз
Аналар күніне орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында кітапхананың балалар бөлімі «Ана-біздің күніміз» атты тәрбие сағатын өткізді.
Отбасым-бақыт мекенім
Халықаралық отбасы күніне орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында отбасылық оқу өткізілді.